А. Д. Дінасылов, Э. А. Яхъяев, Е. М. Мажиев



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет9/35
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14609
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35

 
 
 
31 
Көріністің  бөлігі  мен  тиісті  тіліктің  бөлігін  біріктіріп  және  олардың 
арасын  жіңішке  ирек  сызықпен  немесе  жіңішке  іркісінді  сызықпен  бөліп 
орындауға  болады.  Біріктірілген  бөліктердегі  көрінбейтін  контур  сызықтары 
әдетте  көрсетілмейді.  Егер  көрініс  пен  тілік  симметриялы  пішіндер  (4.15 
сурет)  болса,  онда  оларды  симметрия  өсі  болып  табылатын  жіңішке  бір 
нүктелі  сызықпен  бөле  отырып,  көріністің  жартысы  мен  тіліктің  жартысын 
бірге  кескіндейді.  Көріністің  жартысы  мен  тіліктің  жартысын  бөлетін 
симметрия  өсіне  қатысты  тілікті  оның  оң  жағына  немесе  астына 
орналастырады (4.15,а,б сурет).  
Егерде  көріністің  жартысы  мен  тіліктің  жартысы  біріктіріліп 
орындалатын  болса,  және  олардың  әрқайсысы  симметриялы  пішін  болса, 
олардың арасын бөлетін сызық болып симметрия өсі табылады. 
 
 
Симметриялы  емес  бөлшектің  бөліктерін  жаңағындай  етіп  біріктіруге 
болмайды. Көрініс пен тіліктің симметриялы бөліктерін біріктіру кезінде, егер 
симметрия  өсімен  қандай  да  бір  сызықтың  проекциясы  беттесетін  болса, 
мысалы қабырға (4.16 сурет), онда қабырға көрініп тұратындай етіп көріністі 
тілікпен тұтас ирек сызықпен бөледі. 
 
 
4.15 сурет -  Көріністің жартысын тіліктің жартысымен біріктіру 
 
а)  
б)  


 
 
 
32 
4.3 Қималар  
Қима – затты бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан 
пішіннің  кескіні.  Қимада  тек  қиюшы  жазықтықта  жататын  кескін  ғана 
көрсетіледі. Сызбаларда қималар дәл тіліктер сияқты белгіленеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тілік 
құрамына 
кірмейтін 
қималар 
оңашаланған  (4.17  сурет) 
және  беттестірілген  (4.18 
сурет)  болып  бөлінеді. 
Сызбада  зат  көрінісінің 
контурынан 
тыс 
орналасқан 
қима 
– 
оңашаланған  қима  деп 
аталады. 
Оңашаланған 
4.17 сурет -  Оңашаланған қима 
а)  
б)  
в)  
4.18 сурет -  Беттестірілген қима 
а)  
б)  
4.16 сурет -  Бөлшек қабырғасы өстік сызықпен беттескен жағдайда  
                      көріністің  жартысын тіліктің жартысымен біріктіру 
 


 
 
 
33 
қималарға  басымдық  беріледі,  және  оны  бір  көріністің  бөліктерінің 
арасындағы үзілген жеріне де орналастыруға болады (4.19 сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тілік құрамына кіретін қималар мен оңашаланған қималардың контурын 
қалың  тұтас  сызықтарын,  ал  беттестірілген  қималардың  контурын  жіңішке 
тұтас сызықтармен кескіндейді және беттестірілген қима орналасқан жердегі 
кескін контурын үзбейді (4.17 сурет). 
Мынаны  есте  ұстау  қажет:  егер  проекциялық  байланыс  бұзылса,  онда 
қиманы белгілеу қажет және қиюшы жазықтықтың орыны мен қарау бағыты 
көрсетілуі 
тиіс; 
егер 
проекциялық 
байланыс 
бұзылмаса, 
бірақ 
қима 
симметриялы  емес  болса, 
онда  қиманы  белгілеудің 
қажеті  жоқ,  бірақ  қиюшы 
жазықтық  орыны  мен  қарау 
бағытын 
көрсету 
қажет; 
егерде 
проекциялық 
байланыс  бұзылмаса  және  де 
қима  симметриялы  болса, 
онда  тек  симметрия  өсі  ғана 
көрсетіледі. 
Егер  қиюшы  жазықтық 
тесікті 
немесе 
ұңғыманы 
шектейтін  айналу  бетінің  өсі 
арқылы  өтетін  болса,  онда 
тесік 
пен 
ұңғыманың 
контурларын 
қимада 
толығымен  көрсетеді  (4.20 
сурет).  
 
 
4.19 сурет – Бір көріністің бөліктерінің арасындағы үзікке  
 орналастырылған қима 
а)  
б)  
4.20 сурет – Қималарды кескіндеу нұсқалары 


 
 
 
34 
4.4 Сызбалардағы шарттылықтар мен қарапайымдылықтар 
Сызбаларды орындау кезінде, сызбаларды жасауға жұмсалатын уақытты 
айтарлықтай  қысқартатын  бірқатар  шарттылықтар  мен  қарапайымдылықтар 
қолданылады.  
Егер  заттың  бірнеше  біркелкі  орналасқан  элементі  болса,  онда  зат 
кескінінде толығымен мұндай элементтердің бір екеуін көрсетіп, қалғандарын 
шартты  немесе  қарапайымдандырып  көрсетеді;  егер  пішін  симметриялы 
болса, онда кескіннің жартысын немесе жартысынан сәл көбірегін кескіндеуге 
болады (4.21 сурет). 
  Беттердің  қиылысу  сызықтарын  қарапайымдандырып  кескіндеуге 
немесе  мүлдем  кескіндемеуге  болады. Сызбада  өлшемдері  2  мм  немесе  одан 
да  кіші  немесе  өлшемдегі  айырмашылығына  қарай  кіші  бөлшектер 
элементтерін  бүкіл  сызбаға  қабылданған  масштабтан  өзге,  шамалы 
үлкейтілген  масштабта  кескіндеуге  болады.  Бұл  тесіктерге,  қиықжиектерге, 
ұңғымаларға, пластина қалыңдығы және т.б. қатысты. Заттың жазық беттерін 
жіңішке сызықтармен тұрғызылған диагональдармен белгілеуге болады (4.22 
сурет).  
Тілікті  орындау  кезінде  келесіні  есте  ұстау  қажет:  бұрамалар, 
бұрандамалар,  тойтармалар,  кілтектер,  бітеу  біліктер,  шпиндельдер,  қол 
тұтқалар және т.б. осылар сияқты элементтерді  тілінбеген күйінде көрсетеді. 
Әдетте  құрастыру  сызбаларында  тілінбеген  күйінде  сомындар  мен 
тығырықтарды  көрсетеді.  Шариктерді  әрқашан  тілінбеген  күйінде  көрсетеді 
егерде  қиюшы  жазықтық  беріктік  қабырғалары  тәрізді  жұқа  қабырғалардың 
(4.22 сурет), шкиф маховиктерінің, тісті доңғалақтардың шабақтарының және 
басқалардың өсін бойлай немесе мұндай элементтің ұзын жағын бойлай өтетін 
болса, оларды сызықтамай көрсетеді. 
 
 
4.21 сурет – Сызбадағы қарапайымдандыру мысалдары 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау