48
ұшына шеткі орамдарды зақымданудан сақтайтын конустық қиықжиек
салынады. Қиықжиектерді бұранданы ояр алдында жасайды. Қиықжиектер,
сілемдер, жеткізбеулер және арықшалар өлшемдері стандартталған (ГОСТ
10549-80).
Сызбаларда бұранданы ГОСТ 2.311-68 сәйкес шартты кескіндеу
қабылданған. Бұранданың шартты кескіні барлық бұрандалар үшін бірдей.
Сыртқы бұранда (сырықтағы) сыртқы диаметрі бойынша негізгі тұтас
сызықтармен және ішкі диаметрі бойынша жіңішке тұтас сызықтармен
кескінделеді (6.4,а сурет). Бұранда өсіне параллель жазықтыққа кескіндеу
кезінде бұл жіңішке сызық сырықтың ұшындағы қиықжиек шекарасын қиюы
және бұранданы шектейтін тұтас сызыққа дейін жетіп тұруы тиіс.
Бұранда өсіне перпендикуляр жазықтықта бұранданың ішкі диаметрін
шамамен шеңбердің ¾ бөлігіне тең болатындай етіп доға пішінінде сызады.
Шеңберді кез–келген жерінен үзуге болады. Бұл доғаның басы мен соңы өстік
сызықпен беттеспеуі тиіс, бұл көріністе қиықжиек көрсетілмейді.Ішкі
бұранданы (тесіктегі) бұйымның тілігінде ішкі диаметр бойынша негізгі тұтас
сызықтармен, ал сыртқы диаметр бойынша жіңішке тұтас сызықтармен сызып
көрсетеді (6.4,б сурет). Бұранда өсіне перпендикуляр жазықтықта бұранданың
сыртқы диаметрін шеңбердің шамамен ¾ бөлігіндей етіп, кез–келген жерінен
үзілген доға түрінде жіңішке тұтас сызықпен кескіндейді және бұл көріністе
қиықжиек көрсетілмейді.
а – сырықтағы, б – тесіктегі.
6.3 сурет – Арықшасы бар бұранданың кескіні
49
Негізгі тұтас және жіңішке сызықтардың арасындағы арақашықтықты
0,8 мм–ден кем болмайтындай және бұранда адымынан үлкен болмайтындай
етіп қабылдайды. Бұранда шекарасын анықтайтын түзу сызықты бұранданың
сыртқы
диаметрінің
сызығына дейін жүргізеді
және
негізгі
тұтас
сызықпен кескіндейді.
Тіліктер
мен
қималардағы сызықтауды
негізгі
тұтас
сызыққа
дейін, яғни сырықтағы
бұранданың
сыртқы
диаметр сызығына дейін
және тесіктегі бұранданың
ішкі диаметр сызығына
дейін
жүргізеді
(6.4,б
суретт).
Бұрандалы
біріктірудің
тіліктерінде
бұранданы
кескіндеген
кезде, оның екі бөлшек
үшін
ортақ
бөлігінде
(6.5,а,б сурет) бұранда тек бұрап енгізілетін бөлшекте (сырықта) ғана
көрсетіледі, яғни сырықтағы бұранда тесіктегі бұранданы жабады.
Бұрандалардың келесі түрлері стандартталған: метрлік, құбыр
цилиндрлік, құбыр конустық, трапециялық, тіректік, домалақ.
Метрлік бұранда бекіту бөлшектерінде: бұрандамаларда, бұрамаларда,
бұрама сұқпаларда, сомындарда және т.б. ең жиі қолданылады.
Метрлік бұранданың номинал профилі мен элементтердің өлшемдерін
6.5 сурет – Бұрандалы біріктірудегі бұранда кескіні
а) - сырықтағы; б) – тесіктегі
6.4 сурет – Бұранданы кескіндеу
50
ГОСТ 9150-2002 тағайындайды. 6.6 суретте метрлік бұранда профилі
(төбесіндегі бұышы 60
о
) кескінделген және де бұранда профилінің дөңестері
мен ойыстарының төбелері – түзу бойынша (сыртқы контур бойынша) немесе
шеңбер доғасымен (ішкі контур бойынша) кесілген, бұл бұранданы жасауды
жеңілдетеді және пайдалану кезінде бұранданы зақымданудан қорғайды.
Метрлік бұрандалар ірі адымды (берілген бұранда диаметрі үшін біреу
ғана болады) және берілген диаметр үшін бірнеше болуы мүмкін ұсақ адымды
етіп жасалынулары мүмкін. Ұсақ адымды бұранданы бұрандалы
біріктірулердің герметикалығын арттыру үшін, құралдардағы өте дәл
реттеулер кезінде, және де жұқа қабырғалы бөлшектерде қолданады.
Бұранданың белгілеуі бұранданың түрін және бұранда өлшемін
анықтайтын әріптік белгілеуден тұрады. Ірі адымды бұранданың белгілеуіне
адым шамасы кірмейді. Ірі адымды метрлік бұранда М әрпімен және сыртқы
диаметр өлшемімен белгіленеді, мысалы, М14, М20.
Ұсақ адымды метрлік бұранда М әрпімен,сыртқы диаметр өлшемімен
және бұранда адымымен (мысалы, диаметрі 20 мм бұранда үшін ұсақ адым
мыналарға тең: 2; 1,5; 1; 0,75; и 0,5 мм), белгіленеді, мысалы, М20
×
1,5.
Көп кірмелі метрлік бұранда М әрпімен, номинал диаметрмен, жүрістің
сандық мәнімен және жақша ішінде Р әрпімен адымның сандық мәнімен
белгіленуі тиіс, мысалы, үш кірмелі бұранда номинал диаметрі 20 мм, адымы
1,5 мм және жүрісі 4,5 мм болса, былай белгіленеді – М20
×
4,5(Р1,5).
Сол бағытты бұранда белгілеуінде шартты белгілеуден кейін LH
әріптерін қояды, мысалы, М24
×
1,5LH, М20
×
4,5(Р1,5)LH.
Өндірістік сызбаларда метрлік бұранданың белгілеуіне сондай–ақ
бұранда диаметрінің дәлдік өрісінің белгілеуі кіреді және ол дәлдік дәрежесін
көрсететін саннан және негізгі ауытқуды білдіретін латын әліпбиінің әріпінен
(ішкі бұранда үшін – бас әрпі, сыртқы бұранда үшін – кіші әрпі) тұрады. Бұл
6.6 сурет – Метрлік бұранда
профилі
6.6 сурет – Метрлік бұранда
профилі
51
белгілеу бұранда өлшемінің белгілеуінен кейін қойылады. Сызбалардағы
метрлік бұранданы белгілеу мысалдары 6.7 суретте келтірілген.
.
Конустылығы 1:16 болатын конусты метрлік бұранданы қолданған
жағдайда бұранда профилі, диаметрлері, адымдары мен негізгі өлшемдері
ГОСТ 25229-82 тағайындалған. Конустық метрлік бұранда МК әріптерімен
белгіленеді, мысалы, МК20
×
1,5; МК20
×
1,5LH.
Құбыр цилиндрлік бұранда ГОСТ 6367-81 сәйкес профилі – төбесіндегі
бұрышы 55
о
болатын теңбүйірлі үшбұрыш (6.8 сурет). Сыртқы және ішкі
бұрандалар үшін жалпы профиль дөңестері мен ойыстары доғалданған,
сондықтан ол метрлік бұрандаға қарағанда құбырлық бұранданы неғұрлым
герметикалық етеді. Диаметрлері 1/16’’ дан 6” дейінгі және адымдар саны Z
28 ден 11-ге дейінгі бұрандалар стандартталған. Құбырлық бұранданың
адымын жанама әдіспен береді: бұранда жіптерінің –1”-ге сиятын (1 дюйм =
1” = 25,4 мм) санын көрсетеді. Бұранданың номинал диаметрі шартты түрде
құбырдың ішкі диаметріне (шартты өткізу шамасына) қатысты анықталады.
Осылайша номинал диаметрі 1” бұранданың шартты өткізу диаметрі 25 мм, ал
сыртқы диаметрі 33,249 мм. Құбыр цилиндрлік бұранданы құбырларды және
де жұқа қабырғалы бөлшектерді жалғау үшін қолданады.
6.7 сурет – Сызбалардағы метрлік бұранданың белгіленуі
6.8 сурет – Құбыр цилиндрлік бұранданың профилі
6.6 сурет – Метрлік бұранда профилі
Достарыңызбен бөлісу: |