66
тең. Ал қуманың екінші ұшындағы бұранда ұзындығы шамамен
алғашқысынан бес есе үлкен. Қума бұл ұшымен тежегіш сомын жағынан
фитингіге бұрап бекітіледі. ГОСТ 8969-75 қума параметрлерін тағайындайды.
Құбырларды муфтаның көмегімен біріктіру технологиясын екі кезеңге бөлуге
болады. Алдыменен қума 1 қысқа бұрандасы бар ұшымен іс жүзінде
жүргізілген құбырдың біріктірілетін бөлігіне (6.28 сурет ) бұрап бекітіледі.
Бұранданың ұзын бөлігіне тежегіш сомын 2 бұралған соң, төсем 3 кигізіліп,
содан кейін муфта оның бүкіл ұзындығына жуық аралыққа бұралады.
Муфтаның бос ұшына біріктірілетін құбыр 5 түйістіріледі. Құбырлар
бұралмайтындай етіп ұсталады да,муфтаны қумадан кері айналдырып
бұрайды. Муфта қуманы бойлай кері бұрала отырып, бір сәтте біріктірілетін
құбырға (6.29 сурет) бұралады. Муфта оның ұзындығының жартысына немесе
құбырдағы бұранданың қысқа бөлігіне толығымен бұралады. Бұдан кейін
төсемді муфтаға қарай жылжытып,оны тежегіш сомынмен қысады. Әдетте,
бұрандада саңлаулар болатыңдықтан, оны алдын-ала арнайы материалдың
(мастика, ерекше қабықша, кендір) көмегімен тығыздайды.
6.30 суретте оқу жұмыстары үшін арнайы қума мен құбырдың арасында
саңылау қалдырылған күйіндегі кескіні көрсетілген, бұған қоса сол жақ
көріністің (А көрінісі) профиль тілігімен (Б-Б) беттестірілген кескіні
6.29 сурет - Біріктірмені монтаждаудың бірінші кезеңі
а - муфта, б - тежегіш сомын, в - қума
6.28 сурет - Құбыр жүргізудің біріктірмелі бөліктері
67
келтірілген. Бұл түрлі жағдайларда, тұрғызулардағы айырмашылықтарды
көрсету үшін жасалынған.
6.2 Кілтекті біріктірулер
Кілтекті біріктірулер – бұл бұраушы моментті беруге арналған
ажыратылатын біріктірулер. Оларды біріктірілетін бөлшектерді центрлеу
дәлдігіне ерекше талаптар қойылмайтын жағдайларда қолданады. Сызбада
мұндай біріктіруді кескіндеу мысалы 6.31 суретте көрсетілген.
Кілтекті біріктіруде біліктің 1 және сыртқы бөлшектің 2 ендері бірдей
ойықтарына арнайы бөлшек - кілтек 3 салынады. Кілтектер жазық жұмыс
бүйір беттерінен (жоғарғы немесе төменгі) тұрады және олар білікпен сыртқы
бөлшектің ойықтарының қабырғаларымен жанасып бұраушы моментті береді.
Кілтекті біріктірулер білік өсі бойымен жылжитын немесе жылжымайтын
болулары мүмкін. Кілтектердің және кілтек ойықтарының қималарының
өлшемдері тиісті стандарттар кестелерінен білік диаметрлеріне сәйкес таңдап
алынады. Кілтекті біріктірулердің бойлық тіліктерінде барлық кілтектерді
тілінбеген күйінде көрсетеді. Мұндай біріктіруде білік өсіне параллель
проекция жазықтығында сыртқы бөлшекті 2 (осы жағдайда ол шкив) тілікте
көрсетеді, ал білікті 1 кілтек конструкциясын анықтау үшін жергілікті
тілігімен бірге кескіндейді.
Егер де кілтектің пішінін көрсету қажет болса, онда оның басқа кескінін
орындайды, мысалы үстінгі көрінісін. Онда – сыртқы бөлшекті тілікте, ал
білікпен кілтекті көрініспен көрсетеді.
6.30 сурет - Құбырларды муфтамен біріктірудің кескіні
68
Кілтектің және оған арналған ойықтардың көлденең пішінін өске
перпендикуляр жазықтықтағы қимада немесе тілікте көрсетеді, мысалы 6.31
суреттегі А-А тілігі.Бұл тілікте кілтекті біріктіруге тән өлшемдер көрсетілген:
кілтектің диаметрі D, биіктігі h және ені b (және соған сәйкес біліктегі және
сыртқы бөлшектегі ойықтар ені) білікке қатысты А
2
және сыртқы бөлшекке
қатысты А
1
өлшемі. Атай кету керек, мұнда А
1
> А
2
+h. Бұл өлшемдер
құрастыру сызбаларында көрсетілмейді.
Көптеген кілтектердің пішіндері мен өлшемдері стандартталған және
олар біріктірілетін бөлшектердің жұмыс істеу жағдайлары мен білік
диаметріне тәуелді.
Арналуы жалпы кілтектер – призмалық, сыналы және сегментті болып
бөлінеді. Ең көп қолданылатыны призмалық кілтектер:
6.32 сурет - Қалыпты биіктіктегі призмалық кілтектер
1-жасалу
2-жасалу
3-жасалу
6.31 сурет – Білік пен шкивтің кілтекті біріктіруі
69
a) қалыпты биіктіктегі, ГОСТ 23360-78 бойынша үш жасалу түрінде
(6.32 сурет) шығарылатын;
б) үлкен биіктіктегі, ГОСТ 10748-79 бойынша (бекіту тесіктерінсіз);
в) бағыттаушы, ГОСТ 8790-79 бойынша білікке бекітуге арналған
тесіктері бар және күпшектері өсті бойлай қозғала алатын мүмкіндігі бар
жағдайларда колданылатын ( 6.33 сурет)
ГОСТ 23360-78 бойынша призматикалық кілтектермен біріктіру мысалы
6.34 суретте, ал ГОСТ 8790-70 бойынша 6.35 суретте көрсетілген. Бұл
кілтектердің бүйір жақтары жұмыс беттері болып табылады және біріктірудің
жоғарғы бүйір жағында саңылау болады.
Бұл сызбаларда біріктіруді сызу үшін қажетті кілтектер мен кілтекке
арналған ойықтар үшін көрсетілген өлшемдер тиісті стандарттар бойынша
1-жасалу
2-жасалу
6.33 сурет - Білікке бекітілетін призматикалық кілтектер
6.34 сурет - ГОСТ 23360-78 бойынша біріктіруді орындау мысалы
Достарыңызбен бөлісу: |