22
Конустылық дегеніміз – конустың екі көлденең қималарының
айырымдарының олардың араларындағы арақашықтығына қатынасы.
Конустылықты анықтайтын өлшем санының алдына төбесі – конус төбесіне
қарай бағытталуы тиіс
⊳ белгі қойылады.
Бір ғана проекциядағы бөлшек кескінін орындау кезінде шығару
сызығының сөресіне (3.14,а,б сурет) қалыңдық (s0,4) немесе ұзындық (L200)
өлшемдерін қояды.
4 Бұйымдарды сызбаларда кескіндеу
Бұйымдарды сызбаларда кескіндеу жазықтыққа ортогональ проекциялау
тәсілімен іске асырылады. Сызбаларда заттарды кескіндеу ережелері ГОСТ
2.305-2008 тағайындалған. Негізгі проекция жазықтықтары ретінде іші қуыс
кубтың алты бүйір беттері қабылданады да, оған кез келген зат
проекциялануы мүмкін және мұнда зат ойша бақылаушы мен тиісті проекция
жазықтығының арасына орналастырылады (4.1 сурет).
Бұдан соң кубты қабырғалары бойынша ойша қиып, оның бүйір
беттерін оларда алынған кескіндерімен бірге фронталь проекция
жазықтығымен беттестіреді. Нәтижесінде, зат проекциялары белгілі бір
заңдылық ретімен орналасатын сызбаны алады (4.2 сурет). Атай кетелік, 6-шы
бүйір бет (кубтың алдыңғы бүйір беті) 4-ші жазықтықпен қатар орналасуы
мүмкін.
3.14 сурет – Бір проекциядағы бөлшектің кескіні
23
4.1 Көріністер
Көрініс – бақылаушыға қараған зат бетінің көрінетін бөлігінің кескіні
(ГОСТ 2.305-2008). Кескіндердің санын азайту үшін көріністерде бөлшектің
көрінбейтін контурын үзілмелі сызықтармен көрсетуге жол беріледі. Негізгі
проекция жазықтықтарында алынатын көріністер негізгі көріністер болып
есептеледі және олар келесі атаулармен аталады: 1 – алдыңғы көрініс немесе
басты көрініс; 2 – үстіңгі көрініс; 3 – сол жақ көрініс; 4 – оң жақ көрініс; 5 –
астыңғы көрініс; 6 – артқы көрініс (4.2 сурет).
Бас көрініс деп заттың фронталь проекция жазықтығындағы оның
пішіні мен өлшемдері туралы неғұрлым толық түсінік беретін кескіні аталады.
Қалған негізгі көріністер басты көрініске қатысты орналастырылады.
Көріністерді 4.2 суретте орналасқандай етіп проекциялық байланыста
орналастыру ұсынылады және мұндай кезде негізгі көріністерді белгілеудің
қажеті жоқ. Атай кетелік, 4.1 және 4.2 суреттерде көрсетілген бөлшек үшін
барлық алты негізгі көріністі сызу қажет емес, 4.3 суретте көрсетілгендей үш
көрініс жеткілікті. Мұнда 1, 2, 3 – тисінше үстіңгі, алдыңғы және сол жақ
көріністер, 7 – байланыс сызықтары (сызбада байланыс сызықтары мен X, Y, Z
координаттық өстері көрсетілмейді). Басқа жағдайларда 1-ден 6-ға негізгі
көріністер, сондай–ақ қосымша көріністер және өзге де кескіндер қажет болуы
мүмкін.
4.1 сурет
24
Егерде қандай да бір көрініс сызбада басты көрініспен проекциялық
байланыста орналаспаса немесе одан басқа кескіндермен бөлінген болса, онда
осы көрініске сәйкес проекциялау бағыты орыс алфавитінің бас әріпімен (А
әріпінен бастап), белгіленген нұсқамамен көрсетіліп, ал көріністің өзі сол
әріппен белгіленеді (4.4 сурет). Әріптік белгілеулер қаріпінің өлшемі осы
сызбада қолданылған өлшем сандарының қаріпінен шамамен екі есе үлкен
болуы тиіс. Егер өлшем сандары 3,5 қаріппен орындалса, онда әріптік
белгілеулердің өлшемі – 7 қаріп. Әріптік белгілеулерді проекциялау бағытын
көрсететін нұсқамалардың жанына қояды; Әріптің орналасуы әрдәйім тігінен.
Егер заттың қандай да бір бөлігі негізгі көріністердің бірде бірінде пішіні мен
өлшемдерін бұрмаламай кескіндеуге мүмкіндік бермесе, ондай жағдайда
қосымша көріністер қолданылады.
4.2 сурет – Негізгі көріністер
25
Егер
қосымша
көрініс
тиісті
көрініспен
тікелей
проекциялық
байланыста орналасса,
онда оны белгілемейді
(4.5,а
сурет). Басқа
жағдайларда қосымша
көрініс сызбада «А»,
тәрізді
жазбамен
белгіленуі тиіс, ал сол
қосымша
көрініспен
байланысы бар бөлшек
кескініне
қарау
бағытын
көрсететін
тиісті әріптік белгілеуі
бар нұсқама қойылуы
керек (4.5,б,в сурет).
Кескінделетін
заттың
басты
көріністе
қабылданған жағдайын сақтай отыра (4.5,в сурет) қосымша көріністі бұруға
болады; Бұл жағдайда көрініс белгілеуіне шартты «бұрылған» графикалық
белгілеу қосылады.
4.4 сурет - Проекциялық байланысы жоқ астынғы
көрініс
4.3 сурет – Проекциялық байланыстағы қажетті
көріністер
көріністер
26
4.6 суретте қарау бағытын көрсететін нұсқаманың сызылуы мен
өлшемдері және «бұрылған» белгісі көрсетілген.
Зат бетінің жеке, шектелген орынын сызбада кескіндеу үшін жергілікті
көрініс қолданылады. Жергілікті көрініс үзу сызығымен шектелуі
(мүмкіндігінше кіші өлшемде) немесе шектелмеуі мүмкін. Жергілікті көрініс
4.6 сурет
а)
б)
4.5 сурет – Қосымша көрініс
а)
б)
в)
Достарыңызбен бөлісу: |