6
1 Жалпы мәліметтер
1.1 Сызба туралы ұғым
Машиналарды, аппараттарды, механизмдер мен құралдарды жобалау,
жасау және пайдалану мамандардан техниканың барлық салаларында
бұйымға қатысты техникалық құжаттармен жұмыс істей білуді талап етеді.
Бұйым деп өндірістік кәсіпорындармен шығарылатын кез-келген зат
немесе заттар жиынтығы аталады. Айтарлықтай дәрежеде бұйымның сапасы
техникалық құжаттардың, соның ішінде сызбалардың сапасымен қамтамасыз
етіледі.
Сызба – бұл бұйымның (машинаның, құралдың, құрылғы немесе оның
бөліктерінің) кескіндерінен және де бұйымды жасау технологиясы, өндіру,
жинау және бақылауды жүзеге асыруға қажетті басқа мәліметтерден тұратын
графикалық құжат. Дұрыс орындалған сызба маманға, ол менгерген тілге
тәуелсіз түсінікті, үлкен көлемде ақпарат беруі мен көрнекілікке ие болуы
тиіс. Бірақта «сызбаны оқу» оларды орындаудың ережелерін және
шарттылықтарын білуді талап етеді.
1.2 Стандарттар туралы бастапқы мәліметтер
Іс әрекеттердің барлық аумақтарында ережелерді тағайындау мен
қолдану стандарттау деп аталады. Стандарттау ғылымның, техниканың және
машықтану
тәжірибесінің
біріктірілген
жетістіктеріне
негізделген.
Стандарттау бойынша жұмыстың нақты нәтижесі болып стандарт табылады.
Инженерлік графикада стандарттар жалпыға ортақ және көп қайталап
пайдалану үшін тағайындалған бірқатар талаптар немесе нормалардан
тұратын құжаттар түрінде келтірілген. Стандарттарды қатаң және мүлтіксіз
орындау талап етіледі, өйткені кейбір кездері бір қарағанға, тағайындалған
ережелерден болмашы ғана ауытқудың өзі үлкен қателіктерге және тіпті
апаттарға да алып келуі мүмкін. Тиісті стандарттың бар екендігі туралы біліп
қана қоймай, оны таба білу, сондай-ақ маманның еңбек іс әрекетіне тікелей
қатысы бар негізгі талаптарды есте ұстау маңызды.
Біздің елімізде және бұрынғы КСРО құрамында одақтас республикалар
болып келген көптеген елдерде барлық өнімдерге, сонымен қатар нормалар,
ережелер, талаптар, ұғымдар, белгілеулер және т.б. тағайындалған Мемлекет
аралық стандарттар қолданылады. КСРО кезінде бұл Кеңестік Социалистік
Республикалар Одағының мемлекеттік стандарттары (ГОСТ) болатын.
Мемлекет аралық стандарттар (ГОСТтар) стандарттардың жоғарғы
категориясына жатады. Мұнымен қатар Республикалық стандарттар (ҚР СТ),
салалық стандарттар, кәсіпорын стандарттары, және т.б. стандарттар
қолданылады.
Мемлекет
аралық
стандарттар
стандарттардың
сала
аралық
сыныптарына біріктірілген және қазіргі уақытта олардың саны 30 дан асады.
Әрбір сыныпқа (кешенге) стандарт белгілеуіне енгізілген нөмір берілген.