д) ұялы байланыс бойынша;
е) Банктің WEB-сайтында Интернетте тиісті ақпаратты орналастыру жолымен;
ж) бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті ақпаратты орналастыру жолымен;
з) Банкомат экранында тиісті ақпаратты орналастыру жолымен;
и) курьерлік немесе өзге де пошта қызметі арқылы.
8.2. Тараптар Банктен Клиентке кез келген Хабарламалар мұндай Хабарламалар мынадай
тәсілдердің бірімен Банктің Клиентке жіберуі кезінде жазбаша түрде ресімделген және
Клиент алған деп саналатынына келіседі және растайды:
а) алу туралы қолын қойдыра отырып, Банктің өкілетті қызметкеріне тапсыру;
б) курьерлік немесе өзге де пошта қызметі арқылы.
Хабарламаны адресаттың алу күні:
а) жеке немесе курьерлік қызмет не өзге пошта байланысы қызметі арқылы тапсырылатын
Хабарламалар үшін – пошта жіберілімдерін жеткізу күні;
б) телефакс/телеграф/телекс/электрондық пошта/ұялы байланыс бойынша жіберілетін
Хабарламалар үшін – Хабарламаны жіберу күні;
в) бұқаралық ақпарат құралдарында/банктің WEB-сайтында Интернетте орналастырылған
Хабарламалар үшін – Хабарламаны орналастыру күні;
8.3. Банк Клиенттің жазбаша келісімі кезінде Клиент жазбаша айқындаған жиілікпен
танылған халықаралық немесе өзге курьерлік қызмет арқылы Клиенттің мекенжайы
бойынша тұрақты негізде кез келген хат-хабарларды (шот бойынша көшірмелерді,
хабарламаларды және т.б. қоса алғанда, бірақ шектеместен) жібереді.
8.4. Клиент Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сәйкес әрбір жеткізу үшін хат-хабарларды
жеткізу бойынша комиссияны төлейді.
8.5. Банк курьердің хат-хабарларды жоғалтуы жағдайында жауапкершілікте болмайды.
Клиент және/немесе Банк кез келген уақытта екінші Тарапты жазбаша хабарландыра
отырып, хат-хабарларды жеткізуден бас тарта алады.
8.6. Тараптар Клиент Хабарламаларды жіберу және/немесе алу мақсаты үшін жедел
байланыстың қандай да бір құралдарын пайдаланудың барлық және кез келген қатерін
(мыналарды қоса алғанда, бірақ шектелместен, үшінші тұлғалардың кез келген қасақана
іс-әрекеттерінің, оның ішінде, алаяқтық, жіберілген ақпаратқа өкілетті емес қолжетімділік,
сондай-ақ, жедел байланыс құралдарының, қызметтерді жеткізушілердің немесе
Хабарламаларды беру үшін пайдаланылатын жабдық жұмысындағы проблемалардан
туындаған Клиенттің/Банктің оны алуына дейін мұндай ақпаратты жоғалтуы қатері)
қабылдайтынын растайды.
8.7. Банк Хабарламаларды беру кезіндегі кез келген ақаулар үшін және/немесе оның
көмегімен Хабарлама берілуі және/немесе алынуы тиіс тиіс кез келген жабдықтың
олқылығы үшін жауапкершілікте болмайды.
8.8. Банк Клиенттің Хабарламаларды алмауы/уақтылы алмауы, егер, мұндай шығындар
Банктің ұқыпсыздығы немесе өз міндеттемелерін қасақана орындамауы нәтижесі болып
табылатындығы дәлелденбейтін болса ғана, үшінші тұлғалардың қасақана іс-әрекеттері
нәтижесінде туындаған Клиенттің шығындарын қоса алғанда, бірақ шектеместен жедел
байланыс құралдарын пайдалана отырып, Хабарламаларды жіберумен байланысты
Клиентке келтірілуі мүмкін кез келген шығындар үшін де жауапкершілікте болмайды.
8.9. Егер, басқа Тарап Хабарламаларды жіберу үшін пайдаланатын және/немесе
пайдалануы
мүмкін
Тараптардың
біреуінде
оның
байланыс
деректерінде/деректемелерінде қандай да бір өзгерістер болған жағдайда (мысалы, үй
немесе жұмыс мекенжайындағы, телефакс/телефон нөміріндегі, электрондық пошта
мекенжайындағы және т.б. өзгерістер ғана емес), онда мұндай өзгерістерге ұшыраған
Тарап екінші Тарапқа бұл туралы жедел (барлық жағдайларда осындай өзгеріс күнінен
бастап жеті күнтізбелік күннен кешітірмейтін мерзімде) Хабарлама жіберуге тиіс.
8.10. Банк ол туралы Клиент осы Жалпы Шарттарға сәйкес Банкті жазбаша
хабарландырмаған, Клиенттің байланыс деректерінің/деректемелерінің өзгеруімен
туындаған Клиенттің Хабарламаларды алмағаны немесе уақтылы алмағаны үшін
жауапкершілікте болмайды.
8.11. Егер, Клиент Абонент жәшігін пайдалану туралы шартқа сәйкес абоент жәшігін
пайдаланушы болып табылмайтын болса, онда ол Банктің орналасқан жері бойынша оған
жіберілген барлық хат-хабарларды (көшірмелер, талап-тапсырмалар, инкссалық өкімдер
және басқалары) ағымдағы айдың соңынан кешіктірмей алуға тиіс. Банктен шығатын,
барлық
хат-хабарларды,
атап
айтқанда:
көшірмелерді,
хабарламаларды,
хабарландыруларды, хаттарды және т.б., тіптен оны клиенттің талап етуіне дейін барлық
хат-хабарларды сақтауға қабылдай отырып, Банк жоғарыда көрсетілген құжаттардағы
ақпаратты оған уақтылы емес жеткізумен байланысты клиент көтеруі мүмкін болжамды
шығындар үшін кез келген жауапкершіліктен босатылады. Банк алты айдан астам
мерзімге хат-хабарларды алуда Клиенттің мұрсаты өткен жағдайда Клиентті қандай да бір
хабарландырусыз алынуға мұрсаты өткен хат-хабарды мұрағатқа жіберуге құқығы бар,
одан мұндай хат-хабар Банктің тарифтеріне сәйкес қосымша ақы үшін Клиентке берілетін
болады.
9. СМС-хабарландыру қызметі
9.1. СМС-хабарландыру қызметі Банктің Клиенттің Шотындағы амалдарға қатысты
хабарландыруларды, Банктің өнімдеріне қатысты ақпараттық сипаттағы хабарларды және
Клиенттің СМС-хабарландыру қызметін қосуға берген өтінішінде көрсетілген басқа да
хабарландыруларды СМС хабарламалар түрінде жіберу қызметі болып табылады.
9.2. СМС-хабарландыру қызметін қосу Банктің ішкі ережелері бойынша жүзеге
асырылады.
9.3. Банк СМС-хабарландыру қызметін көрсетуді кез келген уақытта кез келген негізбен
ескертусіз және себептерін түсіндірмей, біржақты тәртіппен уақытша тоқтатуға
және/немесе біржола тоқтатуға құқылы. Сонымен бірген Банк Клиентке және/немесе кез
келген үшінші тұлғаларға СМС-хабарландыру қызметін көрсетуді уақытша тоқтату
және/немесе біржола тоқтату нәтижесінде туындаған қандай да бір шығыстарды,
шығындарды, залалдарды өтеуге міндетті емес.
9.4. СМС-хабарландыру қызметін көрсету уақытша тоқтатылғанға және/немесе біржола
тоқтатылғанға дейін Банк өзіне белгілі Клиенттің ұялы телефон нөмірі бойынша ақпарат
жолдайды, ол ақпарат банк құпиясы және/немесе басқа да заңмен қорғалатын құпия болуы
мүмкін.
9.5. Клиент үшінші тұлғалардың Клиенттің өтініште көрсеткен мобильді (ұялы)
телефонына қолжетімділігінің жоқтығына кепілдік береді.
9.6. Банктің Клиентке СМС-хабарландыру қызметін көрсетуге мүмкіндігі болмаса немесе
ол орынсыз болса, Банк бұл туралы Клиентке хабар беру үшін ақылға қонымды күшін
салады, бірақ оны істеуге міндетті емес.
9.7. Банк компьютерлік жабдықтың және/немесе коммуникациялық құралдардың
бұзылуымен немесе өзге де сыртқы факторлармен, қандай да бір бағдарламалық
жасақтаманың зақымдануымен және /немесе байланыс желісінің техникалық жағдайымен
байланысты СМС-хабарландыру арқылы Клиенттің алған ақпаратының кешігіп келгені
/немесе ондағы бұрмаланулар үшін жауапкершілік көтермейді.
9.8. Банк Клиенттің СМС-хабарландыру қызметін көрсету мақсатында өтініште көрсеткен
мобильді (ұялы) телефон нөмірінің шынымен Клиентке тиісілілігін тексермейді және
тексеруге міндетті емес және осы мобильді (ұялы) телефон нөмірін заңды немесе заңсыз
иеніп /пайдаланып жүрген кез келген үшінші тұлғаның СМС-хабарландыруды алғаны
үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді.
9.9. Банк төмендегілер үшін жауапкершілік көтермейді:
Тұлғалардың – Клиенттің өтініште көрсеткен мобильді телефон нөмірлері иелерінің
кінәрат-талаптары бойынша;