АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ еб) Дара клиентерге банк



жүктеу 265,87 Kb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата21.12.2017
өлшемі265,87 Kb.
#5093
1   2   3   4   5   6   7   8

шарттарда  өзгеше  көрсетілмесе,  ондай  шарттар  Тараптардың  қол  қойған  күнінен  бастап 

және/немесе Банктің Клиенттің тиісті өтінішін акцепттеген күнінен бастап күшіне енеді.  



2.5.  Клиенттің  Банкпен  тиісті  Шарт  жасасуы  және/немесе  Клиенттің  Банкке  Кешенді 

шарттың  ажырамас  бөлігі  болып  табылатын  тиісті  Жалпы  шарттарға  қосылу  туралы 

тікелей  нұсқауды  қамтитын  Өтініш  беруі  арқылы  Клиент  Жалпы  шарттарға  қосылған 

жағдайда,  Кешендi  шарт  жасалған,  Жалпы  шарттарды  Банктің  Клиенттері  қабылдаған 

болып табылады.  

2.6.  Клиенттiң  тиісті  Өтінішке  /  Шартқа  /  Хабарламаға,  Жалпы  шарттарға,  Кешенді 

шартқа сiлтемесі бар басқа қағаз түріндегі / электрондық нысандағы құжатқа қойған қолы 

Клиенттің:  

а)  қандай  да  бір  ескертулерсіз  және  қайшылықсыз  толық  көлемде  Жалпы  шарттарды 

алғаны, оқығаны, түсінгені және қабылдағаны және олардың барлық ережелерін уақтылы 

және толық көлемде орындауға міндеттенетіні; 

б)  Шарттардың  ережелерін  орындамаудың  және/немесе  тиісті  орындамаудың  барлық 

мүмкін болатын қолайсыз салдарларын қабылдайтыны туралы куәландырады. 

в) егер Банкте Өтініш және / немесе Клиент қол қойған Шарт болса, Жалпы шарттарды, 

Кешенді шартты алмағандығы ретінде Жалпы шарттарда, Кешенді шартта өзінің қолының 

жоқтығына сілтеуге құқылы емес екендігін куәландырады. 

2.7.  Қолданыстағы  заңнамада  Кешендi  шартты,  оның  аясында  жасалатын  Шарттарды, 

Жалпы  шарттарды  Кешенді  шарттың,  Шарттың,  Қолданыстағы  заңнаманың  Жалпы 

шарттарының  талаптарына  сәйкес  тіркеу  жөніндегі  талаптар  белгіленген  болса,  тіркеу 

жөніндегі  міндеттемелер  осындай  тіркелумен  байланысты  барлық  шығындармен  қоса 

Клиентке жүктеледі.  

2.8. Кешенді шарттың шарттарына сәйкес Банк келесі төлем қызметтерін көрсетеді: 

 



төлемдерді қабылдау мен жүзеге асыру және (немесе) банк шотын пайдаланып ақша 

аудару қызметтері; 

 

банк  шоттарына,  оның  ішінде  үшінші  тұлғалардың  банк  шоттарына  аудару  үшін 



қолма-қол ақшаны қабылдау қызметтері; 

 



ақша жіберушінің банк шотын ашпай төлемді жүзеге асыру үшін қолма-қол ақшаны 

қабылдау қызметтері; 

 

банк шотын ашпай ақша аударуды жүзеге асыру қызметтері; 



 

төлем карталарының өтеуін төлеп алу бойынша қызметтер; 



 

төлем карталары сату (тарату) қызметтері; 



 

клиенттің  бастамасымен  электронды  нысанда  төлемдерді  өңдеу  және  төлемді  және 



(немесе)  аударымды  немесе  ол  төлемдер  бойынша  ақшаны  қабылдауды  жүзеге  асыру 

үшін қажетті ақпаратты Банкке табыстау бойынша көрсетілетін қызметтер. 

 

Сонымен  қатар,  жоғарыда  аталғандардан  басқа,  Банк  банктік  қызметтер  арқылы 



көрсетілетін банктік амалдардың басқа да түрлерін жүзеге асырады. Олардың тізімін Банк 

өз бетінше анықтайды.  



2.9  Төлем  қызметтерін  көрсету  тәртібі  мен  максималды  мерзімін  Банк  Қолданыстағы 

заңнаманың талаптарына сәйкес белгілейді.  



2.10  Банк  көрсететін  төлем  қызметтері  туралы  ақпарат  Банктің  www.altynbank.kz 

интернет-ресурсында  берілген  және  Клиенттің  бірінші  талабы  бойынша  Қолданыстағы 

заңнамада,  Кешенді  шартта,  Жалпы  шарттарда,  Шартта  қарастырылған  тәртіппен 

ұсынылады.  



2.11  Банк Клиентке танысу, қабылдау, сақтау және басшылыққа алу үшін Кешенді шарт, 

оның ішінде оның ажырамас бөлігі болып табылатын, Банктің www.altynbank.kz интернет-

ресурсында жайғастырылған Жалпы шарттар мен Тарифтерді ұсынады.  

2.12  Кешенді  шарттың,  оның  ішінде  Жалпы  шарттардың  шарттарын  Банкн  өз  бетінше 

айқындайды.  Кешенді  шарттың,  Жалпы  шарттардың  кез  келген  өзгерістері  мен 

толықтырулары  Банктің  www.altynbank.kz  интернет-ресурсында  жарияланып,  алғашқы 



жарияланған  күнінен  бастап  10  (Он)  күнтізбелік  күн  өткеннен  кейін  күшіне  енеді.  Егер 

Клиент  Банк  Кешенді  шарттың,  оның  ішінде  Жалпы  шарттардың  шарттарына  енгізілген 

өзгерістер  /  толықтырулар  туралы  хабарландыруды  жіберген  күннен  бастап  10  (он) 

күнтізбелік  күннің  ішінде  Банктің  мекенжайына  Кешенді  шарттан  және  /  немесе  Банк 

ұсынған  өзгерістерді  қабылдамаумен  байланысты  Банкпен  жасасқан  басқа  Шарттан  бас 

тартатындығы  туралы  жазбаша  хабарландыруды  жолдамаған  болса,  ондай  өзгерістерді 

Клиент  қабылданған  болып  саналады  және  бұдан  кейін  Клиенттің  Банкке  енгізілген 

өзгерістер мен толықтырулар бойынша кінәрат-талаптар қоюға құқы болмайды.  



2.13  Кешенді  шарттың  аясында  бөлек  Шарттарды  жасасу  Жалпы  шарттарда 

қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады. 



2.14  Кез келген ақпарат және/немесе құжаттар, хабарландырулар, хабарламалар, жарнама 

сипатындағы ақпарат Банкке Клиент көрсеткен  деректермелер бойынша жолданады. 



2.15  Банк  шетел  валютасында  ұсынатын  барлық  төлем  қызметтері  Қазақстан 

Республикасының  резиденттері  арасында  шетел  валютасындағы  есеп  айырысуға  тыйым 

салуды  қоса  алғанда,  қолданыстағы  заңнамамен,  Банктің  ішкі  саясатымен, 

стандарттарымен және рәсімдерімен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады 



2.16   Банк төлем қызметтерін шетел валютасында көрсеткенде Банктің ағымдағы бағамы 

қолданылады. 

  

3. Банктiң қызметтерiн төлеу және Тарифтер 

3.1.  Егер  Банк  пен  Клиенттің  арасында  жасалған  Шартта  өзгеше  көрсетілмесе,  Банктің 

банктік  қызметтер,  оның  ішінде  төлем  қызметтері  үшін    алатын  алымдары  мен 

комиссияларының мөлшерлері Тарифтерде анықталады. 

3.2.  Егер  қолданыстағы  заңнамада  өзгеше  көрсетілмесе,  Банк  Кешенді  шартта  ескерілген 

тәртіппен Клиентке хабарландыру жіберіп, Тарифтерге өзгерістер / толықтырулар енгізуге 

құқылы.  Егер  Клиент  10  (он)  күнтізбелік  күннің  ішінде  Банктің  Тарифтерге  енгізілген 

өзгерістер  /  толықтырулар  туралы  хабарландыру  жіберген  күнінен  бастап,  Банктің 

мекенжайына  Кешенді  шарттан  және  /  немесе  Банкпен  жасасқан  басқа  Шарттан  бас 

тартатындығы туралы жазбаша хабарландыру жібермесе, онда ондай өзгерістерді Клиент 

қабылдаған  болып  саналады  және  мұнан  былай  Клиенттің  қолданылатын  өзгертілген 

Тарифтер бойынша Банкке кінәрат-талаптар қоюына құқығы болмайды. 



3.3. Банктің төлемдерді қабылдау және (немесе) Клиенттің ағымдағы шотына ақша аудару 

бойынша  төлем  қызметін  көрсеткені  үшін  тиісті  төлемнің  және  (немесе)  ақша 

аударымының  сомасынан  комиссия  алу  Банктің  Тарифтерінде  қарастырылған  жағдайда, 

онда Тараптар Банктің оны алуға құқылы екендігімен келіседі. 



3.4.  Банк  өзі  көрсеткен  қызметтер  үшін  Клиенттің  Банкте  ашылған  кез  келген  шоттарын 

оның  алдын  ала  келісімінсіз,  Банк  белгілеген  мерзімдерде  және  мерзімділікпен 

комиссиялар  сомасына  тікелей  дебеттеу  арқылы  төлем  (комиссиялар)  алуға  құқылы,  ал 

Клиент осы арқылы шотты ондай тікелей дебеттеуге өзінің қайтарымсыз келісімін береді. 

Клиент  Банктің  Тарифтерінде  белгіленген  Банктің  комиссиялық  сыйақысын  төлеу  үшін 

жеткілікті  және  қажетті  соманың  шотта  болуын  қамтамасыз  етуге  міндетті.  Шотта  ол 

комиссияларды  есептен  шығаруға  жататын  валютадағы  қаражат  сомасы  жеткіліксіз 

болған  жағдайда,  Банк  Шоттардағы  комиссиялар  сомасының  қажетті  баламасын  басқа 

валютада айырбастап, комиссиялар сомасын жабуға құқылы. Айырбастау есептен шығару 

күні және уақытында Банк белгілеген Банктің ағымдағы бағамымен жасалады. 



3.5.  Клиент  Банкке  Кешенді  шарттан  /  Шарттан  бас  тартатындығы  туралы  жазбаша 

хабарландыру жіберген жағдайда, Қолданыстағы заңнамаға қайшы келмесе, осы Кешенді 

шартта  және  /  немесе  басқа  Шартта  тікелей  айтылған  жағдайларды  қоспағанда,  және 

Клиент  Банктің  алдында  бұзу  сәтіндегі  орындалмаған  міндеттемелерін  орындағанда, 

соңғысы    қандай  да  бір  айыппұл  санкцияларынсыз  бұзылған  болып  саналады.  Кешенді 

шарттың және / немесе Шарттың бұзылуы Кешенді шартта, тиісті Жалпы шарттарда және 

/ немесе Шартта қарастырылған тәртіппен және мерзімдерде ресімделеді.  



жүктеу 265,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау