Клиенттің мобильді телефонына хабарламалар Банкке байланысты емес себептермен
(мобильді байланыс операторы хабарламаны жібермеген, телефон иесі ұзақ уақыт
қоңырауларға жауап бермейді және т.б.) жеткізілмеген жағдайларда;
Клиенттің СМС-хабарландыру қызметін көрсету үшін пайдаланылатын мобильді
телефонды үшінші тұлғалардың пайдалануына жол беруі салдарынан туындаған залал мен
банк құпиясының жария болуы;
Клиенттің мобильді телефонды жоғалтып алуы немесе оны уәкілетті емес адамдарға
беруі салдарынан туындаған залал.
9.10. СМС-хабарландыру қызметіне қосылған мобильді (ұялы) телефон нөмірі жоғалған,
жойылған заңсыз/ заңды иеліктен шығарылған жағдайда, Клиент банктік қызметтерді
Байланыс орталығына жүгіну арқылы пайдалануды дереу уақытша тоқтата тұруға/
біржолата тоқтатуға міндеттенеді.
9.11. Банктің ішкі рәсімдеріне сәйкес, оның ішінде банктік қызметтер көрсету
мақсатында, Банк СМС-хабарландырулардың жеткізілу тәртібін, жеткізілу мерзімі мен
түрін өз бетінше біржақты тәртіппен анықтайды.
10. Арнайы шарттар
10.1. Клиент Банктің өз абыройы мен Банктің ақшаны «жылыстатумен» күресуде және
күмәнді / қалыптан тыс амалдарға қатысты халықаралық стандарттарды ұстану саясатын
қорғауға талпынысын сыйлауы тиіс. Клиенттің шоттары бойынша ірі сомалар (ірі
мөлшерді Банк жеке, өз бетінше анықтайды) енгізілген / есептелген / төленген / алынған
жағдайда, Банктің Клиенттің төлемдеріне / нұсқауларына негіз болып табылатын
растаушы құжаттарды, оның ішінде ақшаның заңды табылғанын растайтын құжаттарды
талап етуге құқы бар, ал Клиент оларды Банк белгілеген мерзімде ұсынуға міндетті.
Аталған құжаттар ұсынылмаған жағдайда, Банк ақшаның заңдылығын, төлемдердің
негізділігін расталмаған деп есептейді және оның ақшаны Клиенттің шотына есептемеуге
/ төлемдерді және Клиенттің басқа нұсқауларын жүзеге асырмауға, соттан тыс тәртіппен
Банктік қызмет көрсету шартын орындаудан бір жақты бас тартуға және Шотты жабу
арқылы Шотты жүргізуді және оған қызметтің көрсетілуін тоқтатуға құқы бар.
10.2. Банк Клиенттен Банктің ерекше пікірі бойынша мыналармен шектелмей, ақшаны
аудару/ есептен шығару және Шоттан (тардан)/ оларға қолма-қол ақшаны енгізу/ алуды
қоса алғанда, Клиентке банктік қызмет көрсету үшін қажет кез келген құжаттарды/
ақпаратты талап етуге құқылы.
10.3. Егер Банк талап еткен құжаттар/ ақпарат ұсынылмаған немесе кез келген себеп
бойынша Банкті қанағаттандырмаған жағдайда Банк Клиентке банктік қызметтерді
ұсынудан бас тартуға құқылы, оның кейіннен Шотты пайдалану құқығы Банктің
келісімімен қалпына келтірілетін болады.
10.4. Банк Клиент ұсынған құжаттарға/а қпаратқа өзінің қанағаттанбаудың кез келген
себебін түсіндіруге немесе негіздеуге міндетті емес. Клиент ұсынған құжаттарға/
ақпаратқа қанағаттанбау туралы жазбаша немесе ауызша түрде жасаған Банктің
мәлімдемесі айрықша және Клиентке тиісті банктік қызметтер ұсынудан бас тарту үшін
жеткілікті негіздеме болып табылады.
10.5. Осы арқылы Клиент Банктің қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастыруды,
терроризмді қаржыландыруды, алаяқтықты, жемқорлықты қоса алғанда және олармен
шектелмейтін Банктің ақшаны жылыстату бойынша қылмыстық әрекеттерге және
тәсімдерге тартылу жағдайларын болдырмау үшін белсенді жұмыс істейтіндігін
мойындайды және келіседі. Банк жұмысының стандарттары Банктің абыройын сақтауға
және қорғауға, сондай-ақ Клиенттердің Банктің адалдығына сенімдерінің жоғалмауына
бағытталған. Осыған байланысты, Банк өз қалауы бойынша, Банктің Клиенттеріне және
Банктің Клиенті жасайтын мемілелерге / транзакцияларға / төлемдерге / ақша
аударымдарына дүркін-дүркін өзгеруі мүмкін белгілі талаптарды белгілейді. Егер ондай
мемілелер / транзакциялар / төлемдер / ақша аударымдары Банктің / Акционер тобының
талаптарына, саясаттарына және рәсімдеріне жауап бермесе, Банк өз қызметтерін
көрсетуден бас тартуға құқылы.
10.6. Клиент Банктің Топтың қаржылық терроризмнің және ақшаны «жылыстатуға»
қылмыстық қуғындалған немесе күдікті адамның жолын кесу сасатын ұстана отырып, кез
келген елдің заңи құзыретіне сәйкес Банкте тексеру жүргізу мақсатында жоғарыда
көрсетілген жағдаяттарға күдік болған (және Банк өзінің күдігін негіздеуге әрі дәлелдеуге
міндетті емес) кезде Клиенттің шот бойынша операцияларын тоқтата тұруға немесе
тоқтатуға өкілетті екенінен хабардар болады және келіседі. Бұл ретте банк Клиенттің,
тіптен егер мұндай күдіктер расталмаған жағдайда да төлем нұсқауларын орындаудың
мерзімін өткізіп алғаны немесе тоқтатыла тұрғанымен келген шығындарына ешқандай
жауапты болмайды.
10.7. Клиент Банктің, егер бас тарту немесе тоқтатуды Банк «Халық» тобының саясатына
сәйкес кез келген елдің заңи құзыретіне сәйкес (мысалы OFAC) немесе халықаралық
ұйымдар (бірақ мыналармен шектелмей, ФАТФ пен БҰҰ-ны қоса алғанда) Клиентке
және/немесе әрекеті Клиентке қатысты болатын кез келген негіз бойынша салынған
санкцияларды орындауды ұйғаратын Банк жүзеге асыратын Клиенттің шоты бойынша кез
келген операцияларды жүргізуден бас тартуға немесе жүргізуді тоқтатуға құқылы
екенінен хабардар болады және келіседі.
10.8. Банк, егер бұл кез келген қолданылатын халықаралық немесе ұлттық заңнамаға
қайшы болмаса, Клиентке осы тармаққа сәйкес өзінің Клиенттің шоты бойынша
операцияларды жүргізуден бас тартқаны немесе жүргізуді тоқтатқаны турады осы Жалпы
Шарттарда көзделген тәртіпте мүмкіндігінше таяу арада хабарлауға тырысады.
11. Құпиялық пен қауіпсіздік
11.1. Банк Клиент пен Шотқа қатысты ақпараттың құпиялығын сақтау үшін өзіне қатысты
барлық шараларды қабылдайды.
11.2. Егер құпиялық Банктің құпиялыққа қатысты ұсынымдарын Клиенттің өзінің
сақтамауы салдары
кінәсінен бұзылса, үшінші тұлғаларға өзге дереккөздерден белгілі болса не жария болса,
оған Банк жауапты болмайды.
11.3. Осы арқылы Клиент Акционер тобының мүшелеріне, үлестес компанияларына,
үшінші тұлғаларға алаяқтықты болдырмау, аудит жүргізу, кез келген тұлғаның қызмет
көрсетуін,
борышты
өндіруді,
уәкілетті
мемлекеттік
органның
сұрауын
қанағаттандыруды, процессинг (компьютер) орталықтарының Қазақстаннан тыс
қызметтер көрсетуін, Клиенттің тапсырмаларын орындауды және Клиенттің басқа да
шарттарды орындауын қоса алғанда, кез келген мақсатта Клиент пен оның амалдары
туралы ақпаратты табыстауға Банкке қайтарымсыз келісімін береді.
11.4. Клиент туралы ақпарат жинаудың, өңдеудің және оны жариялаудың толығырақ
тәртібін, қажет болған жағдайда, Тараптар басқа құжаттарда реттей алады.
11.5. Клиент туралы ақпарат Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде
процессингтік (компьютерлік) орталықтарда өңделуі мүмкін.
11.6. Банк өз қызметін «Акционердiң» тобының құпиялық декларациясына сәйкес жүзеге
асырады.
11.7. Клиенттің Шоты бойынша заңсыз төлемдерден қорғау мақсатында Банк мынадай іс-
қимылдарды жүзеге асырады:
– операцияларды жүзеге асыру кезінде төлем құжаттарының қағаз жеткізгіштегі
түпнұсқасы негізінде Клиенттің Уәкілетті тұлғаларының қолдары мен мөрлерді көрнекі
салыстыруды жүзеге асырады.
– факсимильді көшірмелері немесе Клиенттің электрондық төлем құжаттарының негізінде
операцияларды жүзеге асыру кезінде заңсыз төлемдерден қорғау Тараптардың тиісті
келісімдерінде көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.