АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ еб) Дара клиентерге банк


Банк келесілер үшін жауапкершілік көтермейді



жүктеу 265,87 Kb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата21.12.2017
өлшемі265,87 Kb.
#5093
1   2   3   4   5   6   7   8

5.7. Банк келесілер үшін жауапкершілік көтермейді: 

 



Клиенттің және / немесе басқа үшінші тұлғалардың жабдығының және / немесе басқа 

құрылғысының бұзылуымен байланысты қателіктер, кідірістен немесе Клиенттің банктік 

қызметтерге қол жеткізе алмауы

 



үшінші тарап қамтамасыз ететін және / немесе көрсететін банктік қызметтерді жүзеге 

асыратын құралдар, өнімдер мен қызметтер;  

 

Банктің  ішкі  рәсімдеріне  сәйкес  Банктің  Клиенттің  тұлғасын  анықтау  үшін 



пайдаланатын  Клиенттің  деректерін,  ақпаратын  бұзу  /  оларға  рұқсатсыз  /  заңсыз  қол 

жеткізу,  Клиенттің  атынан  кез  келген  мақсаттарда  банктік  қызметтерге  қол  жеткізу 

мақсатында, оның ішінде Клиенттің атынан банктік қызметтер алу мақсатында, Клиенттің 

сәйкестендіру белгілерін пайдалану; 

 

Банктің  хабарландыруды  және  есептерді/  Шот  бойынша  үзінді-көшірмелерді 



уақытылы алмауына немесе алмауына әкеп соққан Банкке байланысты емес себептерден 

туындаған  интернет,  байланыс  желілері  жұмысындағы  жаңылыс.    Банктің  Кешенді 

шарттың,  Банк  пен  Клиенттің  арасында  жасалған  шарттың  шарттарын  орындамауына 

алып  келген  техникалық  жаңылысболған  жағдайда  (электр  қуатының  және  байланыс 

желілерінің  ажыратылуы  /  зақымдануы,  Банктің  процессинг  орталығының  немесе 

дерекқорының  бағдарламалық  жасақтамасының  жаңылуы,  төлем  сервистеріндегі 

техникалық  жаңылыстар)  және  Банктің  бақылауынан  тыс  басқа  жағдайларда,  Банк 

мүліктік жауапкершіліктен босатылады.  

 

Уәкілетті  органдардың  шешімдері  /  әрекеттері  нәтижесінде  қолданыстағы  заңнамаға 



сәйкес  жүзеге  асырылған  Шот,  Салым  бойынша  амалдардың  тоқтатылуы  және  /  немесе 

Клиенттің  Шотындағы  /  салымындағы  ақшаға  тыйым  салу  және  /  немесе  ақшаға  тыйым 

салу  нәтижесінде  Клиентке  келтірілген  залалдар,  сондай-ақ  үшінші  тұлғалардың 

инкассалық  өкімдердің  және  /  немесе  Клиенттің  келісімін  талап  етпейтін  төлем 

талаптарының  негізінде  Клиенттің  Шотынан  ақшаны  шығынға  жазуы  нәтижесінде 

Клиетке келтірілген залалдар.  

 

Клиенттің  Нұсқауында  төлем  деректемесі  және  /  немесе  төлем  сомасы  қате 



көрсетілген  жағдайда,  сондай-ақ  Клиент  пен  төлем  алушы  ұйымдардың  арасында 

туындайтын,  Электрондық  банктік  қызмет  көрсетуге  жатпайтын  даулар  мен 

келіспеушіліктер; 

 



Банкке  байланысты  емес  себептермен  (хабарламаны  мобильді  байланыс  операторы 

жібермеген,  Клиенттің  телефоны  ұзақ  уақыт  бойы  қолжетімсіз  және  т.б.)  Клиенттің 

телефонына хабарламаның жетпегендігі; 

 



Клиенттің  меншікті  мобильді  телефонын  жоғалтуы  немесе  оны  уәкілетті  емес 

тұлғаларға беруі  салдарынан туындаған зиян

 

Банкке  байланысты  емес  жағдайлармен,  оның  ішінде  сырттағы  ұйымдардың  Банкке 



Банктің  қызметтерді  іске  асыруы  үшін  қажетті  сервистерді  көрсетпеуі  себепті  банктік 

қызметтер көрсету мүмкін емес болған жағдайда. 

 

6. Төлем қызметі туралы ақпарат беру тәртібі 

6.1. Банк Клиенттің талабы бойынша Клиентке төлем қызметі туралы ақпарат ұсынады.  

6.2. Банк  еркін  түрде  хабарландырулар  жіберу  немесе  Клиенттің  шоты  арқылы  Үзінді-

көшірме  ұсыну  арқылы  Клиентке  оның  төлем  тапсырмаларының  орындалуы  туралы 

хабарлай алады. 

 

7. Кешенді шарттың қолданыс мерзімі 



7.1. Кешенді шарттың қолданыс мерзімі шектелмеген. 

7.2.  Тараптар  тиісті  Шарттардың  негізінде  Банкте  ашылған  соңғы  Шот  жабылғанда, 

сондай-ақ  Банк  тиісті  Жалпы  шарттарда  қарастырылған  қызметтерді  пайдалануды 

тоқтатқанда, Кешенді шарттың тоқтатылатындығын мойындайды. 



7.3. Тиісті Шарттар аясында орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттемелер 

болмаған жағдайда, Клиенттің Кешенді шартты немесе тиісті Шартты толығымен бұзуға 

құқы бар. Кешенді шартта немесе тиісті Шартта / Өтініште / хабарландыруда басқа тәртіп 

қарастырылмаса, ол ниеті туралы ол 15 (он бес) күнтізбелік күннің ішінде Банкке Шартты 

бұзу  туралы  Банк  белгілеген  нысандағы  тиісті  жазбаша  өтініш  беру  арқылы  Банкке 

ескертуі  тиіс.  Кешенді  шарттың  және  /  немесе  тиісті  Шарттың  қолданысы  Банктің 

алдындағы Берешек толығымен өтелгеннен кейін тоқтатылады. 

7.4. Банк бір жақты  тәртіппен Кешенді  шартты /  Жалпы шарттарды /  Шартты кез келген 

уақытта, кез келген негізбен, оның ішінде Клиент Кешенді шарттың / Жалпы шарттардың 

/  тиісті  Шарттың  шарттары  /  Қолданыстағы  заңнаманың  талаптары  бұзылған  жағдайда,  

бұзуға  /  бас  тартуға  құқылы.  Ол  туралы  Кешенді  шартты  /  Жалпы шарттарды  /  Шартты 

жоспарланған  бұзу  (бас  тарту)  күніне  дейін  кемінде  30  (отыз)  күнтізбелік  күн  бұрын 

Клиентке  тиісінше  Жалпы  шарттарда  өзгеше  бұзу  (бас  тарту)  кезеңі  қарастырылмаса, 

Кешенді шартта, Жалпы шарттарда, Шартта қарастырылған тәсілдермен ескертуі тиіс.  

7.5.  Шот  белсенді  емес  деп  танылса  және/немесе  Клиенттің  Шотында  Қолданыстағы 

заңнамада белгіленген мерзімнен аса уақыт ақша болмаса және Кешенді шартта, Шартта 

тікелей  қарастырылған  басқа  жағдайда,  Банк  Кешенді  шартты,  Жалпы  шарттарды, 

Шартты  қолданыстағы  заңнамада,  Кешенді  шартта,  Жалпы  шарттарда,  Шартта 

қарастырылған  тәртіппен  бір  жақты  тәртіппен  бұзуға  құқылы.  Сонымен  бірге  Клиент 

Банктің  Шартты  орындаудан  бас  тартатындығы  туралы  Клиентке  осы  Кешенді  шарттың 

8.1-тармағында қарастырылған кез келген тәсілмен хабар беретіндігімен келіседі. 

7.6.  Банк  /  Клиент  бір  жақты  тәртіппен  Банктің  Кешенді  шартты  /  Жалпы  шарттарды  / 

Шартты  бұзатындығы туралы шешім қабылдағаны туралы Өтініш / Хабарландыру алған 

жағдайда,  Жалпы  шарттарда  өзгеше  көрсетілмесе,  ондай  Өтініштің  /  Хабарландырудың 

жолданған күнінен бастап Банктің келесілерге құқы бар: 

 

Клиентке  шығарылған  барлық  Карталарды  (қосымша  Карталарды  қоса  алғанда) 



бұғаттауға, бұл жағдайда Клиент төлем карталарын Банкке қайтарып беруі тиіс; 

 



Клиенттің банктік амалдарды жүргізуін бұғаттауға; 

 



Клиенттің  нұсқаулары  мен  басқа  да  өкімдерін  қабылдауды  тоқтатуға,  Шоттарға 

түсетін  ақшаны  есептеуді  тоқтатып,  оларды  ақша  түскен  жұмыс  күнінен  кейінгі 

күннен кешіктірмей жіберушінің мекенжайына қайтаруға; 

 



карталарды қайта шығармауға және картаны / кредиттік лимитті Кешенді шарттың / 

Жалпы шарттардың / Шарттың Банк көрсеткен бұзылатын күні, оның ішінде Клиент 

зейнеткерлік жасқа жеткенде жоюға. 

 



Сонымен бірге Клиент Кешенді шартты / Жалпы шарттарды / Шартты бұзу туралы 

Өтініште  /  Хабарландыруда  көрсетілген  Берешек  пен  комиссияларды  кешіктірмей 

өтеуге  міндеттенеді.  Банкке  бұрын  төленген  комиссиялар  қайтарылмайды  және 

Банктің  алдындағы  берешекті  өтеу  есебіне  есептелмейді.  Егер  Клиент  Кешенді 

шарттың  осы  тармағында  қарастырылған  міндеттемелерді  орындамаса,  Кешенді 

шарт  /  Жалпы  шарттар  /  Шарт  Клиент  Кешенші  шарт  /  Жалпы  шарттар  /  Шарт 

бойынша  өзінің  барлық  міндеттемелерін  орындағанға  дейін  тиісті  бөлігінде 

қолданыста болады.  

 

8. Хабарландырулар 

 

8.1. Тараптар Банктен Клиентке кез келген Хабарламалар мұндай Хабарламалар мынадай 

тәсілдердің  бірімен  Банктің  Клиентке  жіберуі  кезінде  жазбаша  түрде  ресімделген  және 

Клиент алған деп саналатынына келіседі және растайды: 

а) алу туралы қолын қойдыра отырып, қолына тапсыру

б) телефакс бойынша

в) телеграф бойынша; 

г) электрондық пошта бойынша; 




жүктеу 265,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау