АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ еб) Дара клиентерге банк



жүктеу 265,87 Kb.
Pdf просмотр
бет8/8
Дата21.12.2017
өлшемі265,87 Kb.
#5093
1   2   3   4   5   6   7   8

Сонымен  бірге  Клиенттің  төлем  құжаттарын  рұқсат  етілмеген  жүйелер  (факс  / 

электрондық пошта) арқылы қабылдау және өңдеу мүмкін емес. 

 

12. Клиенттің өтініштері және кепілдері 

12.1.  Клиенттің  мына  төмендегі  өтініштер  мен  кепілдері  Шартты  жасау  және/немесе 

Өтінішті  ресімдеу  күніне  шынайы  және  анық  болып  табылады  және  Шарттың  барлық 

қолданылу мерзімінің ішінде осындай болып табылады: 

а) Клиент Қолданыстағы заңнаманың барлық талаптарын сақтайды және қазіргі уақытта, 

мемлекеттің және оның органдарының, сондай-ақ, үшінші тұлғалардың тарапынан қандай 

да бірелеулі құқықтық талап-арыздары, талаптары жоқ; 

б) Клиент Қолданыстағы заңнамаға толық сәйкестікте Шотты пайдаланады; 

в)  Клиент  Қолданыстағы  заңнаманы,  оның  ішінде,  валюталық  бақылау  мәселелерін 

реттеуші заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы хабарландырылған; 

г)  Клиент  валюталық  бақылау  мәселелерін  реттейтін  Қолданыстағы  заңнама  ережелерін 

бұзуы  жағдайында  Қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  барлық  қажетті  іс-әрекеттерді 

қабылдау,  оның  ішінде,  мұндай  бұзушылық  туралы  құқық  қорғау  және  өзге  де  өкілетті 

органдарды хабарландыру міндеттілігі туралы тиісті жолмен хабарландырылған; 

д)  Шартты  орындау  мақсатында  Клиент  ұсынатын  барлық  ақпарат  (қамтамасыз  ету 

туралы ақпаратты және қаржылық жағдайды қоса алғанда, бірақ шектелместен) шынайы, 

толық және дәл болып табылады; 

е)  Клиенттің  қаржылық  жағдайында  осындай  ақпаратты  Банкіге  берудің  соңғы  күнінен 

бастап қандай да бір елеулі өзгерістер болған жоқ; 

ж)  Клиент  және/немесе  оның  өкілетті  өкілдерінің  Шартты  жасауға  және  орындауға 

арналған барлық қажетті құқықтары мен өкілеттіктері бар; 

з)  Шартқа  қол  қою  Қолданыстағы  заңнаманың  ережелеріне,  Клиент  тарап  болып 

табылатын  кез  келген  шартқа  және/немесе  өкілетті  органдардың  кез  келген 

шешімдеріне/қарарларына қайшы келмейді және қайшы келмейтін болады; 

и) Шарт және оған қатысты барлық басқа шарттар заңды, жарамды және Клиент орындау 

үшін толық көлемде міндетті болып табылады. 

 

13. Құқықтар мен міндетттердің берілуі 



13.1.  Клиент  Банктің  кез  келген  Шарт  және/немесе  осы  Жалпы  Шарттарға,  бұл 

Қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке қайшы келмейтін мерзімге дейін кез келген 

үшінші  тұлғаларға  барлық  және  кез  келген  өз  құқықтары  мен  міндеттіліктерін  бөлігінде 

немесе  толықтай  қайта  беру,  беру  немесе  аудару  құқығымен  өзінің  сөзсіз  және  тиісті 

келісімін  растайды.  Мұндай  жағдайларда,  Банктің  құқықтар  мен  міндеттіліктерді  қайта 

беруіне,  беруіне  немесе  аударуына  қатысты  Банк  пен  Клиент  арасындағы  қандай  да  бір 

қосымша  құжаттарды  ресімдеу  бұл  Қолданыстағы  заңнаманың  тікелей  талабы  болып 

табылатын жағдайларды қоспағанда, талап етілмейді. 



13.2.  Клиент  Банктің  осы  Баптың  13.1-тармағында  айқындалғандай  өз  құқықтары  мен 

міндеттіліктерін  қайта  беруін,  беруін  немесе  аударуын  жүзеге  асыру  мақсаты  үшін  кез 

келген  үшінші  тұлғаларға  кез  келген  Шарттың  және/немесе  осы  Шарттардың  болуымен 

және оларды іске асырумен байланысты барлық және кез келген ақпаратты беруге құқылы 

екендігін  сөзсіз  және  тиісті  келісімін  растайды.  Осы  өкілеттік  Банктің  құпиялықты 

сақтауы  турады  осындай  үшінші  тұлғалармен  барлық  қажетті  уағдаластығына  қол 

жеткізуі кезінде жарамды болып табылады. 

13.3.  Тараптар  Клиент  Шарт  және/немесе  осы  Жалпы  Шарт  бойынша  қандай  да  бір 

үшінші  тұлғаға  бөлігінде  немесе  толықтай  барлық  немесе  кез  келген  өз  құқықтары  мен 

міндеттіліктерін  қайта  беруіне,  беруіне  немесе  аударуына  Банктің  нақты  жазбаша 

келісімінсіз құқылы еместігіне келіседі және растайды. 



 

 


14 Форс Мажор 

14.1.  Форс  Мажор  мыналарды  қоса  алғанда,  бірақ  онымен  шектелмей  өрт,  су  тасқыны, 

ереуіл,  жер  сілкінісі,  соғыстар  мен  тәртіпсіздіктер,  Қазақстанның  банк  жүйесінің  ақауы, 

заңдардың немесе өзге де нормативтік-құқықтық немесе әкімшілік актілердің қабылдануы 

нәтижесінде төлем жүргізудің мүмкін еместігі сияқты Тараптардың орынды бақылауынан 

тыс кез келген жағдаяттарды білдіреді. 

14.2.  Форс  Мажор  басталған  кезде  міндеттемелерді  орындауға  кедергі  бар  Тарап  екінші 

Тарапты Форс Мажордың басталғаны туралы және Форс Мажордың бұл Тарапқа мұндай 

міндеттемелерді  орындауға  әсері  туралы  жазбаша  хабардар  етуге  тиіс.  Егер  Тарап  осы 

Жалпы Шарттарда белгіленгендей Форс Мажор туралы хабарламаса, онда ол, бұл Тарап 

үшін  Форс  Мажор  нәтижесінде  екінші  Тарапқа  хабарлама  жіберу  мүмкін  болмаған 

жағдайларды қоспағанда, жоғарыда көрсетілген құқықтарды жоғалтады. 



14.3. Форс Мажор тоқтағаннан кейін онда болған Тарап екінші Тарапты Форс Мажордың 

тоқтатылғаны  туралы  жазбаша  хабардар  етуге  және  өз  міндеттерін  орындауды  және 

жалғастыруға тиіс. 

 

15. Кінәрат талаптар қою және даулы жағдайларды шешу тәртібі. 



15.1.  Кешенді  шарттың  /  Шарттардың  /  Жалпы  шарттардың  шарттарын  орындаумен 

байланысты  Банк  пен  Клиенттің  арасындағы  кез  келген  келіспеушіліктер  мен  даулар 

келіссөздер  арқылы  шешіледі.  Егер  ондай  даулар  келіссөздер  барысында  реттелмейтін 

болса,  ол  даулар  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  қарастырылған  сот 

тәртібімен Банктің бас кеңсесінің орналасқан орны бойынша қаралуға жатады.  

15.2.  Клиент  Банктен  алынған,  оның  ішінде,  Хабарламаларда  көрсетілген  барлық 

ақпаратты жедел тексеруге міндетті. Бұдан өзге, Клиент Банктің Клиенттің апсырмаларын 

орындауының  дұрыстығын  тексеруге  міндетті.  Егер,  Клиент  қандай  да  бір  дәлсіздікті, 

дұрыс емес және/немесе толық емес орындауды, заңсыз операциялардың болуын табатын 

болса,  онда  ол  бұл  туралы  Банкті  телефон  бойынша,  ал  одан  кейін  жазбаша  нысанда 

жедел хабарландыруы тиіс 



15.3.  Егер, Банк Шот бойынша операцияларды жүргізу кезінде туындайтын және/немесе 

Клиентке  ұсынылған  ақпараттағы,  оның  ішінде,  Хабарламалардағы  қандай  да  бір 

қателіктерді/  дәлсіздіктерді  анықтаған  жағдайда  Бан  мұндай  қателіктерді/дәлсіздіктерді 

түзетуге  міндетті.  Бұл  ретте,  Қолданыстағы  заңнамада  тікелей  көзделген  жағдайларды 

қоспағанда,  Банк  анытқьалған  қателіктерді/дәлсіздіктерді  түзетумен  байланысты  Клиент 

шеккен  шығындар  үшін  жауапкершілікте  болмайды.  Банк  сондай-ақ,  Клиенттің 

келісімінсіз Шотты кредиттеу/дебеттеу жолымен есептерге түзету жүргізуге құқылы. 

15.4. Егер, Клиент оларды жасау күнінен бастап 3 (үш) ай ішінде  күнтізбелік күн ішінде) 

Шот бойынша жазбаша нысанда бұрыс жүргізілген операцияларға наразылық білдірмеген 

жағдайда,  онда  оларды  Клиент  толық  көлемде  мақұлдаған  және  қабылдаған  деп 

саналатын  болады.  Бұл  жағдайда,  аталған  операцияларды  жүзеге  асырумен  байланысты 

қолайсыз  салдарлар  Клиенттің  қатері  және  жауапкершілігі  болып  табылады. 

Арифметикалық қателіктерді табу кезінде Банк көрсетілген мерзімнің аяқталуы бойынша 

оларды түзетуге міндетті. 

15.5.  Клиент  Банктің  Шот  бойынша  жүргізілген  операциялардың  негізділігін  растайтын 

құжаттардың көшірмелерін беруін талап етуге құқылы. 



15.6. Клиенттің талаптарын негізді деп тану жағдайында, Банк жүргізілген операцияларға 

түзету,  сондай-ақ,  пайда  болған  жағдайды  реттеу  үшін  өзге  де  қажетті  іс-әрекеттерді 

жүргізеді. 

15.7.  Клиенттің  талаптарын  негізсіз  деп  тану  жағдайында,  Клиент  Банкке  кейбір 

жағдайларда  даулы  операцияның  сомасынан  асуы  мүмкін  тиісті  төлем  жүйесінің 

айыппұлдарымен, тарап-арыздарды қарау үшін Банктің комиссиясын қоса алғанда, бірақ 

шектелмесен,  қойылған  талап-арызды  қарастырумен  байланысты  барлық  шығыстарды 

өтейді.  Банк  осы  Шаттар  негізінде  және  Клиенттің  қандай  да  бір  қосымша  келісімінсіз 



Шоттан шеккен шығыстарының сомасын алуға құқылы. 

15.8.  Клиент  Клиенттің  төлем  құжаттарындағы  қолының  түпнұсқалығы  туралы  мәселені 

шешу кезінде Банк пен Клиент мынадай ережені басшылыққа алатынына келіседі: төлем 

құжатындағы 

қолдың 


бірінші 

символы 


Карточкада/Қолдардың 

үлгілерімен 

карточкада/жеке  басын  куәландыратын  құжатта  Клиенттің  қолының  (есімі  немесе  тегі) 

бастапқы  символына  сәйкес  келмейтін  жағдайда  жасанды  деп  танылуы  мүмкін.  Бұл 

жағдай  Банкте  Карточканы  ұстаушының  қолын  верификациялауды  жүзеге  асыру 

міндеттілігі  заңнамада  белгіленгендігімен  және  техникалық  мүмкіндік  Банкте  жоқ 

болуымен байланысты Карточканы пайдалана отырып, жүзеге асырылатын операцияларға 

қолданылмайды. 



15.9  Барлық  даулар,  оның  ішінде  рұқсат  етілмеген  төлем  қызметтері  бойынша  Клиент 

жазбаша  сұраумен  Банкке  жүгінеді.  Банк  даудың  мәнісіне  байланысты,  оны  қарау 

мерзімін  Банктің  /  Банк  акционерінің,  Банк  акционері  тобының,  тиісті  төлем  жүйесінің 

ішкі саясаттарына, стандартарына және рәсімдеріне сәйкес өз бетінше анықтайды.  



15.10. Банк Клиенттің нұсқауларын орындаудан немесе тиісінше орындаудан негізсіз бас 

тарқан  жағдайда,  оның  фактісі  заңды  күшіне  енген  соттың  шешімінде  анықталса,  Банк 

Клиентке  қандай  да  бір  тұрақсыздық  айыптарынсыз  және  айыппұлдарсыз  нақты  зиян 

сомасын арттырады. Банк Клиенттің жоғалтқан пайдасының сомасын төлемейді. 

 

16 Басқа шарттар 

16.1.    Банк  Клиенттің  қандай  да  бір  қосымша  келісімінсіз  өз  қарауы  бойынша  егер,  оны 

Қолданыстағы  заңнама  және/немесе  Банктің  ішкі  саясаты,  стандарттары  және  рәсімдері 

талап  ететін  жағдайда  Шоттарды  ашу/жүргізу/жабу,  Карточканы  шығару  және  оған 

қызмет  көрсету  үшін  қажетті  құжаттардың  тізіміне  өзгерістер  енгізуге  құқылы.  Егер, 

осындай  өзгерістерге  байланысты  Шотты  ашу/жүргізу/жабу,  Карточканы  шығару  және 

оған  қызмет  көрсету,  Несиені  алу  үшін  қосымша  құжаттарды  ұсыну  талап  етілетін 

жағдайда, Клиент осы Жалпы Шарттарға қосыла отырып, өз келісімін білдіреді және Банк 

көрсеткен тізімге сәйкес оларды Банк көрсеткен мерзімде беруге міндеттенеді. 



16.2.  Банк  осы  Кешенді  шартқа,  Шарттарға,  Жалпы  шарттарға  бір  жақты  тәртіппен 

өзгерістер  енгізу  құқығын  өзіне  қалдырады.  Ондай  өзгерістер  туралы  Банк  Клиентке 

өзгертілген Кешенді шартты өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде 10 (Он) күнтізбелік 

күн  бұрын  Банктің  www.altynbank.kz  интернет-ресурсында  жайғастыру  арқылы  хабар 

береді.  Егер  Клиент  түзетулермен  келіспесе,  бұл  туралы  Клиент  Банкке  тиісті  жазбаша 

Өтініш жолдау арқылы хабарлауы тиіс. Кешенді шартқа, Тарифтерге енгізілген өзгерістер 

туралы  ақпаратты  алмауымен  байланысты  барлық  ықтимал  тәуекелдер  үшін 

жауапкершілікті  Клиент  өзіне  алады.  Кешенді  шартқа  енгізілген  өзгерістер  қолданысқа 

енгізілгеннен  кейін  Клиент  Кешенді  шарттан  бас  тартпаса,  Кешенді  шарт  өзгертілген 

күйінде қолданыла береді. 



16.3. Банк амалдарды жүргізгенде Астана қаласының уақыты пайдаланылады. 

16.4.    Банк  өз  қалауы  бойынша  және  Карточка  ұстаушымен  қосымша  келісімсіз  Банктің/ 

Банктің  бас  компаниясының  ішкі  саясаттарына,  стандарттары  мен  рәсімдеріне  сәйкес 

жұмыс  тәртібін  Банк  дербес  айқындайтын  Дисконттық  бағдарламаларды  қолданысқа 

енгізеді және/немесе жояды. 



 16.5.  Банк  өз  міндеттемелерін  және  Клиенттің  өкімдерін/нұсқаулықтарын  орындау  және 

үшінші  тұлғаларды  пайдалану  Қолданыстағы  заңнамада  тікелдей  белгіленген 

жағдайларды  қоса  алғанда,  бірақ  шектелместен,  Шартқа  сәйкес  өзге  де  қызметтерді 

Клиентке  ұсыну  кезінде  үшінші  тұлғалардың  қызметтерін  пайдалануға  құқылы.  Банк 

үшінші  тараптардың  іс-әрекеті  үшін  жауапкершілікте  болмайды.  Банк  үшінші 

тұлғалардың  іс-әрекеті  үшін  жауап  бермейтініне  қарамастан,  егер,  Клиент  шығынға 

ұшырайтын  болса,  Банк  егер,  олар  үшінші  тұлғалардың  іс-әрекетінің  нәтижесі  болып 

табылған,  соңғысының  шығындарын  өтеуде  Клиентке  барлық  мүмкін  болатын  көмекті 

әрқашан көрсететін болады. 



16.6. Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер арасында шетелдік 

валютадағы  барлық  операциялар  егер,  заңнамамен  өзге  белгіленбесе,  олардың  банктік 

шоттары арқылы қолма қол ақшасыз тәртіппен жүргізіледі. 

16.7. 

Клиент  Қолданыстағы  заңнаманы  бұзғаны  үшін  жауапкершілк  туралы, 

Қолданыстағы заңнамада белгіленген валюталық бақылау агентінің функцияларын жүзеге 

асыру, сондай-ақ, Клиент жол берген Қолданыстағы заңнаманы бұзу туралы құқық қорғау 

органдары мен Өкілетті органды хабарландыру бөлігіндегі Банктің міндеттіліктері туралы 

өз хабардарлығын растайды. 



16.8.  Клиент  айырбастау  операцияларын  жүргізуді  және  айырбасталған  Ақшаны 

пайдалануды реттейтін Қолданыстағы заңнаманы сақтауға міндетті. 



16.9.  Осы Жалпы шарттар мен Банктік қызмет  көрсету шартындағы  баптардың  атаулары 

мен  басқа  да  тақырыптар  қолайлылық  үшін  пайдаланылған  және  аталған  құжаттардың 

қандай  да  бір  ережелерін  қандай  да  бір  шектеулерді,  сипаттамаларды  немесе 

түсіндірмелерді қамтымайды. 



16.10.  Егер  осы  Жалпы  Шарттардың/  Банктік  қызмет  көрсету  шартының  қандай  да  бір 

немесе  одан  да  көп  ережелері  кез  келген  байланыста  күшін  жойса,  таныс  болмай  қалса, 

онда бұл қандай да бір түрде аталған құжаттарда бар қалған ережелердің пәрменділігіне, 

заңдылығына  немесе  заңмен  қамтамасыз  етілушілігіне  әсер  етуі  немесе  әлсіретуі  тиіс 

емес,  оның  үстіне  мұндай  жағдайда  Тараптар  жарамсыз  ережені  жаңа  заңды  жарамды 

ережемен ауыстыру үшін барлық күшін салатыны белгіленеді. 

 16.11.  Клиент  пен  үшінші  тұлғалар  арасындағы  сот  талқыламаларына  Банк  тартылған 

жағдайда  ол  шеккен  кез  келген  шығындар  Клиенттің  есебіне  жатқызылады.  Банк 

шығындардың  көрсетілген  сомасын  Клиентке  төлеуге  шот  ұсынады.  Клиент  көрсетілген 

шотты  алғаннан  кейін  дереу  оны  төлеуге  міндетті.  Бұдан  өзге  Банктің  Тарифтерінде 

көрсетілген,  бірақ  банктің  Клиентпен  қатынасы  салдары  ретінде  пайда  болуы  мүмкін 

Банктің кез келген өзге де шығындары да Клиенттік есебіне жатқызылады. Банк Клиентке 

банк  шеккен  барлық  шығындарды  егжей-тегжейлі  сипаттай  отырып,  төлеуге  шот 

ұсынады. 



16.12.  Жалпы  шарттарға/  Банктік  қызмет  көрсету  шартына  қатысы  бар  барлық  құжаттар 

ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде жасалған. Әртүрлі түсіністік болған кезде түпнұсқа 

болып табылатын орыс тіліндегі мәтіннің басымдығы болады. 

16.13.  Осы  арқылы  Клиент  Банктік  қызмет  көрсетуге  және  банктік  қызметтерге  жататын 

өзге де құжаттарға қол қою кезінде Банктің уәкілетті тұлғасының факсимильдік көшірме 

қолы мен мөрінің пайдалануына қарсы болмайтынын растайды.  

 

 



жүктеу 265,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау