Көрсеткіштері 1-тарау. Жалпы ережелер



жүктеу 80,75 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі80,75 Kb.
#17380


Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар министрінің

201_ жылғы «___» __________

№ ___ бұйрығымен

бекітілген

Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштері

1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерінің қағидалары (бұдан әрі - Көрсеткіштер) Қазақстан Республикасының аумағында пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға ұсыну сапасының қолжетімділік талаптарын сақтау мақсатында «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Көрсеткіштер пошта операторының қызметтерін пайдаланушылардың пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің қолжетімді болуына және ұсынылу сапасына деген қажеттілігін қанағаттандыратын осы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Осы қағидаларда өндірістік объектілер мен пошта маршруттары пайдаланыла отырып, пошта операторларының пошта желісі арқылы ұсынылатын қызметтер сапасының көрсеткіштері айқындалған.

3. Көрсеткіштер пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсыну сапасына арналған бірыңғай нормаларды белгілейді.

2-тарау. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштері
4. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділік деңгейі бойынша сапа көрсеткіштерін сақтау мақсатында мынадай нормативтер белгіленеді:


  1. стационарлық (жылжымалы) пошта байланысы бөлімшелерінің нормативтік желісі;

  2. областық пошта жәшіктерінің нормативтік желісі;

  3. пошта жәшіктерінен хаттарды жинап алу жиілігінің нормативтері;

  4. пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жиілігінің нормативтері;

  5. тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін жеткізу жиілігінің нормативтері;

  6. өндірістік объектілердің жұмыс режимі;

  7. тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін жіберу мерзімдері.

Бағалық қолжетімділік деңгейі бойынша мына жерлерде көрсетілетін пошта байланысының әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді:

1) қалаларда негіздемелі шығындар негізінде пошта операторлары дербес белгілейді;

2) ауылдық елді мекендерде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет реттейтін, субсидияланатын қызметтерге арналған бағаның шекті деңгейінен аспай пошта операторлары белгілейді.



3-тарау. Пошта желісінің нормативтері
5. Стационарлық (жылжымалы) пошта байланысы бөлімшелерінің нормативтік желісі осы Көрсеткіштерге 1-қосымшада келтірілген.

6. Пошта жәшіктерінің нормативтік желісі осы Көрсеткіштерге 2-қосымшада келтірілген.

7. Пошта жəшіктерінен хаттарды жинап алу жиілігінің нормативтері:

1) республикалық және аудандық маңызы бар қалаларда – күніне бір рет, аптасына кемінде 5 күн;

2) аудандардың әкімшілік орталықтарында және аудандық маңызы бар қалаларда – күніне бір рет, аптасына кемінде 4 күн;

3) қалған елді мекендерде - күніне бір рет, аптасына кемінде 2 күн.

Өндірістік объектінің жанына немесе ішіне орнатылған пошта жәшіктерінен хаттарды жинап алу күніне кемінде 2 рет жүргізіледі.

8. Пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жиілігінің нормативтері:

1) магистралдық желілер бойынша (облысаралық маршруттар) – күн сайын;

2) ішкі облыстық маршруттар бойынша – аптасына кемінде 4 күн;

3) ішкі аудандық маршруттар бойынша, оның ішінде шалғай елді мекендерге – аптасына кемінде 2 күн;

4) ішкі қалалық маршруттар бойынша қалалық бөлімшелерге дейін – күн сайын, демалыс күнімен жұмыс істейтін бөлімшелер үшін – аптасына 5 күн.

9. Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін жеткізу жиілігінің нормативтері:

1) республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – аптасына 5 күн, күніне бір рет;

2) аудандардың әкімшілік орталықтарында және аудандық маңызы бар қалаларда – аптасына 4 күннен сирек емес;

3) қалған елді мекендерде – аптасына 2 күннен сирек емес.

10. Өндірістік объектілердің жұмыс режимі:

1) республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда:

– күн сайын, сағат 9-дан 18.00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс күндері, түскі асқа үзілісімен;

2) аудандардың ауылдық әкімшілік орталықтары:

– аптасына 2 күннен 6 күнге дейін, қызметтердің көлеміне сүйеніп, кемінде 2 (екі) сағат жұмыс күні ұзақтығымен, түскі асқа үзілісімен.

Жылжымалы пошта байланысы бөлімшелерінің пайдаланушыларға қызмет көрсетуі бойынша жұмыс режимі маршрут бойынша қозғалыс графигін əзірлеу кезінде қызмет көрсету көлеміне сүйеніп, бірақ сенбі және жексенбі – демалыс күндері екені ескеріліп, елді мекенге кем дегенде 0,5 сағат есебімен белгіленеді.

11. Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін жіберу мерзімдері осы Көрсеткіштерге 3-қосымшада келтірілген.
_____________________

1-қосымша

Пошта байланысының

стационарлық (жылжымалы)

бөлімшелерінің нормативтік желісі
 


Елді мекеннің типі



Бір байланыс бөлімшесі қызмет көрсететін халық саны,

мың адам


Республикалық маңызы бар қала      

40

Облыстық маңызы бар қала         

30

Аудандық маңызы бар қала       

20

Ауылдық елді мекендер*

кемінде 2

* Бірнеше ауылдық елді мекенді қамтитын ауылдық округ шегінде, ауылдық округтың халықтың жалпы саны кемінде 2000 (екі мың) адам болатын барлық ауылдық елді мекенінде бір стационарлық пошта байланысы бөлімшесі.

_____________________

2-қосымша

Пошта жәшіктерінің

нормативтік желісі




Елді мекеннің типі



Бір пошта жәшігі арқылы қызмет көрсетілетін халық саны,

мың адам


Республикалық маңызы бар қала      

20

Облыстық маңызы бар қала         

15

Аудандық маңызы бар қала       

10

Ауылдық елді мекендер*

-

*1 норматив пошта жәшігі тұрғын саны 500 және одан да көп ауылдық елді мекендер үшін белгіленеді.


____________________

3-қосымша

Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдердің жіберу мерзімдері



Елді мекендер

Кезеңділігі

Жіберу мерзімдері

Республикалық және облыстық маңызы бар қалалар арасында

Күн сайын, тікелей теміржол және автомобиль маршруттары

*К +4

Республикалық және облыстық маңызы бар қалалар арасында

Тасымалдау жиілігі аптасына 3 және одан да көп тікелей теміржол және автомобиль маршруттары

*К +7


Облыстық маңызы бар қалалар арасында

-

*К +9

Облыс орталығы мен осы облыстың аудан орталығы арасында жəне облыстың аудандық маңызы бар қалалары, аудан орталықтары арасында

-

*К +3


Жергілікті пошта жөнелтілімдері (барлық жерде)

-

*К +1

* К – тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін қабылдау күні, +3 – пошта жөнелтілімінің қабылданған сәттен бастап жеткізілгенге дейін жүріп өту күндерінің саны.


______________________


жүктеу 80,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау