57
7-дәріс
Тақырып: Көліктік мекемелердің салалық АБЖ.
Тақырып жоспары:
7.1 Теміржол көлігін автоматтандырылған басқару жүйелері.
7.2 Əуе көлігін автоматтандырылған басқару жүйелері.
7.3Теңіз және өзен көлігін автоматтандырылған басқару жүйелері.
7.4 Құбыржол көлігін автоматтандырылған басқару жүйелері.
7.5
Автоматтандырылған
ақпараттық-анықтамалық
жүйелер
«ДИСКОР».
7.1 Теміржол көлігін автоматтандырылған басқару жүйелері.
Теміржол көлігі – локомотивті немесе моторвагондық тартым арқылы
рельс жолдары бойынша вагондармен жолаушылар және жүктер тасымалын
орындайтын көлік түрі.
Көліктің барлық түрлері ішінде көптеген елдерде жетекші орынды
теміржол көлігі иеленеді, бұл оның әмбебаптылығымен түсіндіріледі. Ол
экономиканың барлық салаларында қызмет көрсетеді және барлық климаттық
зоналарда және жылдың кезкелген мезгілінде халықтың тасымалға деген
қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Теміржол көлігінің негізгі артықшылықтары:
− жоғары тасымалдау қабілеттілігі;
− салмақты жүктерді үлкен қашықтықтарға
тасымалдау тиімділігі;
− салыстырмалы
жоғары жылдамдықтар;
− сенімділік
пен қауіпсіздік;
− тасымалдаудың өзіндік
құнының төмендігі;
− басқа көлік түрлерімен салыстырғанда, қоршаған ортаға әсері аз.
Əрбір ел тасымалдарының жалпы көлеміндегі теміржол көлігінің үлесі
экономикалық-географиялық, демографиялық және басқа да факторларды
ескере отырып қалыптасады:
− табиғи ресурстар мен өндіру күштерінің орналасуы;
− халықтың саны;
− аумақ
көлемдері,
− қатпайтын су жолдарының болуы.
Қазақстан мемлекеті 7 млн кмІ ауқымды аумақты қамтиды, халық төмен
тығыздықпен шоғырланған, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық орталықтары
бытыраңқы орналасқан, сонымен қатар, әлемдік нарықтан алыс. Сондықтан,
дамыған көлік жүйесін иелену Қазақстан үшін өте маңызды.
Қазақстандағы теміржол көлігінің маңызы өте жоғары. Қазақстанның
темір жолдары елдің жүк айналымының 68 % және жолаушылар ағымының
57% жоғары пайызын қамтамасыз етеді. Қазақстандағы темір жолдардың
ұзындығы 15 мың км асады. 15 түйіспе пункттер (Ресеймен 11, Өзбекстанмен 2,
Қырғызстанмен 1, Қытаймен 1 Қазақстанның теміржол жүйесін көршілес
мемлекеттермен байланыстырады. Ресей мен
Қазақстанның теміржол
58
жүйелері өте тығыз байланысты.
Қазақстан жалпы ұзындығы шамамен 15 мың километрді құрайтын темір
жолдың тарамдалған желісіне ие; олардың 6 мыңы екі жолды және шамамен 5
мыңы – электрлендірілген. Басты жолдардың ұзындығы - 18,8 мың км, бекеттік
және арнайы жолдар - 6,7 мың км. Теміржол саласында 125 мыңнан астам адам
қызмет етеді, бұл шамамен Қазақстан халқының 1%-ын құрайды. Желінің
үлкен бөлігі Қазақстан темір жолдарының басқаруында, қалған бөлігі Оңтүстік-
Орал темір жолдарының басқаруында. Қазақстанның темір жолдарының
сұлбасы 18-суретте көрсетілген.
18-сурет. Қазақстанның темір жолдарының сұлбасы
Қазақстан көлігін 2015 жылға дейін дамыту стратегиясы шегінде жаңа 1
600 км салынып және қолданыстағы темір жолдардың 2700 км
электрлендіріледі.
Алғаш рет теміржол бүгінгі күнгі Қазақстан жерімен 1893-1894 жылы
өтті. Бұл тар соқпақты (1000 мм) Покровская Слобода – Орал темір жол желісі
еді, жалпы ұзындығы 369 км, олардың 113 км Қазақстанда төселді. Сонымен
қоса, Трансібір теміржол магистралінің 190 км Петропавлоск қаласы маңында
Қазақстан арқылы өтті.