5В090100 Көлікті пайдалану және қозғалысы мен тасымалдауды



жүктеу 2,12 Mb.
Pdf просмотр
бет21/36
Дата12.01.2020
өлшемі2,12 Mb.
#26426
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36

57 
 
7-дәріс 
Тақырып: Көліктік мекемелердің салалық АБЖ. 
Тақырып жоспары: 
7.1 Теміржол көлігін автоматтандырылған басқару жүйелері. 
7.2 Əуе көлігін автоматтандырылған басқару жүйелері. 
7.3Теңіз және өзен көлігін автоматтандырылған басқару жүйелері. 
7.4 Құбыржол көлігін автоматтандырылған басқару жүйелері. 
7.5 
Автоматтандырылған 
ақпараттық-анықтамалық 
жүйелер 
«ДИСКОР». 
 
7.1 Теміржол көлігін автоматтандырылған басқару жүйелері. 
Теміржол  көлігі  –  локомотивті  немесе  моторвагондық  тартым  арқылы 
рельс  жолдары  бойынша  вагондармен  жолаушылар  және  жүктер  тасымалын 
орындайтын көлік түрі. 
Көліктің  барлық  түрлері  ішінде  көптеген  елдерде  жетекші  орынды 
теміржол  көлігі  иеленеді,  бұл  оның  әмбебаптылығымен  түсіндіріледі.  Ол 
экономиканың  барлық  салаларында  қызмет  көрсетеді  және  барлық  климаттық 
зоналарда  және  жылдың  кезкелген  мезгілінде  халықтың  тасымалға  деген 
қажеттіліктерін қанағаттандырады. 
Теміржол көлігінің негізгі артықшылықтары: 
−  жоғары тасымалдау қабілеттілігі; 
−  салмақты жүктерді үлкен қашықтықтарға тасымалдау тиімділігі; 
−  салыстырмалы жоғары жылдамдықтар; 
−  сенімділік пен қауіпсіздік; 
−  тасымалдаудың өзіндік құнының төмендігі; 
−  басқа көлік түрлерімен салыстырғанда, қоршаған ортаға әсері аз. 
Əрбір  ел  тасымалдарының  жалпы  көлеміндегі  теміржол  көлігінің  үлесі 
экономикалық-географиялық,  демографиялық  және  басқа  да  факторларды 
ескере отырып қалыптасады: 
− табиғи ресурстар мен өндіру күштерінің орналасуы; 
− халықтың саны; 
− аумақ көлемдері, 
− қатпайтын су жолдарының болуы. 
Қазақстан мемлекеті 7 млн кмІ ауқымды аумақты қамтиды, халық төмен 
тығыздықпен  шоғырланған,  өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылық  орталықтары 
бытыраңқы  орналасқан,  сонымен  қатар,  әлемдік  нарықтан  алыс.  Сондықтан, 
дамыған көлік жүйесін иелену Қазақстан үшін өте маңызды. 
Қазақстандағы  теміржол  көлігінің  маңызы  өте  жоғары.  Қазақстанның 
темір  жолдары  елдің  жүк  айналымының  68  %  және  жолаушылар  ағымының 
57%  жоғары  пайызын  қамтамасыз  етеді.  Қазақстандағы  темір  жолдардың 
ұзындығы 15 мың км асады. 15 түйіспе пункттер (Ресеймен 11, Өзбекстанмен 2, 
Қырғызстанмен  1,  Қытаймен  1  Қазақстанның  теміржол  жүйесін  көршілес 
мемлекеттермен байланыстырады. Ресей мен Қазақстанның теміржол 


58 
 
жүйелері өте тығыз байланысты. 
Қазақстан жалпы ұзындығы шамамен 15 мың километрді құрайтын темір 
жолдың тарамдалған желісіне ие; олардың 6 мыңы екі жолды және шамамен 5 
мыңы – электрлендірілген. Басты жолдардың ұзындығы - 18,8 мың км, бекеттік 
және арнайы жолдар - 6,7 мың км. Теміржол саласында 125 мыңнан астам адам 
қызмет  етеді,  бұл  шамамен  Қазақстан  халқының  1%-ын  құрайды.  Желінің 
үлкен бөлігі Қазақстан темір жолдарының басқаруында, қалған бөлігі Оңтүстік-
Орал  темір  жолдарының  басқаруында.  Қазақстанның  темір  жолдарының 
сұлбасы 18-суретте көрсетілген. 
 
18-сурет. Қазақстанның темір жолдарының сұлбасы 
Қазақстан көлігін 2015 жылға дейін дамыту стратегиясы шегінде жаңа 1 
600  км  салынып  және  қолданыстағы  темір  жолдардың  2700  км 
электрлендіріледі. 
Алғаш  рет  теміржол  бүгінгі  күнгі  Қазақстан  жерімен  1893-1894  жылы 
өтті. Бұл тар соқпақты (1000 мм) Покровская Слобода – Орал темір жол желісі 
еді,  жалпы  ұзындығы  369  км,  олардың  113  км  Қазақстанда  төселді.  Сонымен 
қоса, Трансібір теміржол магистралінің 190 км Петропавлоск қаласы маңында 
Қазақстан арқылы өтті. 


59 
 
Бірақ  осыған  қарамастан,  Қазақстандағы  теміржол  көлігінің  негізі 
қаланған жылды 1904 жыл деп есептеу қабылданған, осы жылы ұзындығы 1668 
км  Орынбор-Ташкент  магистралінің  құрылысы  басталған.  Теміржол  желісін 
бойлай  қалалар  мен  өнеркәсіп  орталықтары  өсті:  Ақтөбе,  Орал,  Түркістан, 
Қызылорда, Арал және т.б. 
1914-1924  жылдары  Арыс-Пишпек  Жетісу  жолы  салынған  –  болашақ 
Түрксібтің  бөлігі,  1915  жылы  -  Челябинск-Трроицк-Қостанай  магистралі 
салынды. Қазақстан жеріне 1915-1917 жылдары ұзындығы 122 км Алтай темір 
жолы  (Новосибирск-Семей)  төселді.  Сонымен  қоса,  Қазақстанның  солтүстік-
шығысында  1918  ж.  дейін  117  километрлік  ені  қалыпты  Воскресенская  жолы 
Екібастұз  Воскресенская  пристань  (Ермак,  қазіргі  Ақсу)  қызмет  етті,  ал 
орталық Қазақстанда 40 километрлік тар соқпақты Қарағанды – Спасск зауыты 
жолы мен 120 километрлік Байқоңыр көмір кені – Қарсақбай жолдары қызмет 
етті. 
1918 жылға қарай Қазақстан жеріндегі темір жолдардың жалпы ұзындығы 
2 575 км-ге жетті. 
Кеңестік  кезеңдегі  алғашқы  теміржол  құрылысы  1920-1922  жылдары 
салынған  Петропавловск-Көкшетау  учаскесі  болды.  Ол  кейін  1926–1931 
жылдары  Курорт-Бурабай  және  Ақмола  бекеттері  арқылы  Қарағандыға  дейін 
жалғастырылған  еді,  оның  жалпы  ұзындығы  700  км-ден  асты.  1924  жылы 
Құлында-Павлодар  теміржол  желісі  салынды.  Эмбаның  мұнай  кәсібін  дамыту 
үшін 1926 жылы тар соқпақты Гурьев-Доссор жолы салынды. 
1927–1930  жылдары  жалғасқан  дәуір  оқиғасы  жалпы  ұзындығы  1444  км 
құрайтын  Түркістан-Сібір  магистралінің  құрылысы  болды.  Ол  Қазақстанды 
Сібірмен  байланыстырды  және  республиканың  экономикалық  дамуына  және 
көптеген шөл жерлердің игерілуіне әсер етті. 
1930  жылдары  келесі  учаскелер  салынды:  Қарағанды-Балқаш  (490  км) 
(Орталық  Қазақстан),  Шымкент-Ленгер  (Қазақстанның  оңтүстігі),  Локоть-
Защита  (235  км)  (қазақстандық  Алтай),  кейін  Лениногорск  пен  Зыряновскіге 
дейін жалғастырылған. 
1936–1939  жылдары  Қазақстанды  Орталық  Ресеймен  байланыстырған 
Саратовқа шығатын Орал-Илецк учаскесі салынды. 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  стратегиялық  маңызды  теміржол 
магистральдарының  құрылысы  жалғасты,  мысалы:  Эмба  мұнай  кәсіптерін 
Оралмен  байланыстырған  және  Ресейдің  бірқатар  аймақтары  арасындағы 
қатынасты  жақсартқан  Гурьев  –  Кандагач-Орск  (1936–1944)  магистралі; 
негізінен Қарағанды көмірінің Оңтүстік Оралға тиімді жеткізілуін қамтамасыз 
еткен  Ақмола-Қарталы  (1939–1943)  желісі;  Көксу-Текелі-Талды  қорған  және 
Атасу-Қаражал учаскелері. Қазақстандық болат магистральдарының ұзындығы 
10  мың  км  жетті.  Ұлы  Отан  соғысы  кезеңі  Қазақстанның  темір  жолдарында 
жылжымалы  құрамды  және  жол  шаруашылығын  жөндеу  бойынша  өндірістік 
базаның жасалуымен де ерекшеленген. 


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау