5В090100 Көлікті пайдалану және қозғалысы мен тасымалдауды



жүктеу 2,12 Mb.
Pdf просмотр
бет22/36
Дата12.01.2020
өлшемі2,12 Mb.
#26426
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36

60 
 
 
19-сурет. Трансқазақстандық теміржол магистралі 
1950  жылға  қарай  Мойынты-Шу  (440  км)  учаскесі  салынды.  Сонымен, 
Транссібір  магистралі  Түркістан-Сібір  магистралімен  бірігіп,  күллі  Қазақстан 
аумағы  бойынша  өткен  алғашқы  меридиан  жолы  пайда  болды  – 
Трансқазақстандық  теміржол  магистралі  (Петропавловск-Көкшетау-Ақмола-
Қарағанды-Шу). 
1950 жылдары Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарында темір 
жол құрылысы қарқынды жүріп жатты. 1955–1961 жылдары Есіл-Арқалық (224 
км)  жолы  төселді,  1959  жылға  қарай  –  Қостанай-Тобол,  1960  жылға  қарай  – 
Тобол-Жетіқара.  1950  жылдары  Қазақстанның  теміржол  желісінің  тығыздығы 
екі есе артты. 
1960  жылдары  Макат-Маңғышлақ  және  Маңғышлақ-Узень  (жалпы 
ұзындығы 900 км-ге жуық) учаскелері төселді. 
1964 жылы Қазақстанда алғашқы жол учаскесі электрленді (Целиноград-
Қарағанды).  Осыдан  кейін  қазақстандық  темір  жолдарды  белсенді 
электрлендіру басталды. 
Кеңес  Одағы  ыдырағаннан  кейін  Қазақстанның  жекелеген  аймақтары 
арасындағы  қатынас  көршілес  мемлекеттердің  шекараларын  кесіп  өту 
қажеттілігіне  байланысты  қиындады.  Мұндай  қиындықтарды  болдырмас  үшін 
Қазақстанда  толығымен  республика  аумағы  бойынша  төселген  үш  жол 
учаскелері төселді: 


61 
 
−Олардың алғашқысы 2001 жылдың маусымында Ақсу бекетін (Павлодар 
облысындағы  қала)  Конечная  (Дегелен)  бекетімен  байланыстырды.  «Аксу-
Конечная» желісінің 184 километрі 2,5 жылда салынды. Бұл желі Қазақстанның 
Солтүстігін Шығыспен байланыстырды. 
−Олардың  екіншісі  Қазақстанның  Солтүстігін  оның  Батысымен 
байланыстырды. 
Хромтау-Алтынсарин 
(Қостанай 
облысы)учаскесінің 
құрылысы  2003  жылдың  18  қазанында  аяқталды.  Магистраль  жолдарының 
ұзындығы 402,5 км құрайды, станция жолдарының ұзындығы - 40,22 км. Мұнда 
13  станция  және  разъездтер,  11  көпір,  151  су  өткізу  құбырлары 
орналастырылған. 
−Үшіншісі  Өскеменді  Шар  (Түрксіб)  бекетімен  байланыстырды,  бұл 
Ресей  шекарасын  екі  рет  кесіп  өту  қажеттілігін  жойды.  Бұрын  Шығыс 
Қазақстан  елдің  басқа  аймақтарымен  тек  қана  Ресейдің  Локоть  бекеті  арқылы 
теміржолмен  қатынайтын,  яғни  құрамдар  Защита  (Өскемен)-Локоть-Семей 
бағдары  бойынша  өтетін.  Құрылысқа  60–тан  астам  мердігерлік  ұйымдар 
тартылып, бас теміржол төсемі және 14 км-ден астам бекеттік жолдар төселді. 
Көпір салушылар барлығы 13 көпір, 4 жолқұбырларын, 5 мал өткелдерін салып, 
95-тен  астам  су  өткізу  құбырларын  төседі.  2008  жылдың  9  қазанында  «Шар 
бекеті - Өскемен» теміржол желісінің құрылысы аяқталды. 
Жалпы ережелер 
«Тасымалдау  үрдісін  нормалау»  түсінігі  нормалаудың  екі  түрін 
біріктіреді:  технологиялық  және  техникалық.  Технологиялық  нормалау 
дегеніміз  бекеттерді,  учаскелерді,  бөлімшелерді,  темір  жолдар  мен  жалпы 
желіні пайдалану жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті ұзақ және орта мерзімді 
әрекет  ететін  технологиялық  құжаттарды  жасау  болып  табылады.  Бұл  ретте 
тасымалдау  үрдісінің  прогрессивті  технологиясы  тасымалдарды  минималды 
шығындармен  орындауды  қамтамасыз  етеді.  Бұған  вагон  ағындарын 
ұйымдастыру жүйесі мен жөнелту және техникалық маршруттау, және барлық 
категориялы пойыздар қозғалысының кестесін жасауды қосқанда, пойыздарды 
қалыптастыру  жоспарының  есебі  кіреді.  Кейде  «тасымалдау  үрдісін 
технологиялық  нормалау»  ішкі  жүйесіне  үшінші  құраушы  да  жатқызылады: 
темір жолдардың өткізу қабілетін дамыту және пайдалану. 
Вагон ағындарын ұйымдастыру жүйесін жасау үрдісінде келесі міндеттер 
шешіледі: 
- есептік вагон ағындарын анықтау
-айналмалылықты 
ескере 
отырып, 
вагон 
ағындарының 
жүру 
маршруттарын анықтау; 
-тиеу  орындарынан  жүктер  тасымалдарын  маршруттауды  есептеу 
(жөнелту  және  сатылы  маршруттау,  күнтізбелік  жоспарлау  негізінде 
маршруттау және т.б.); 
-техникалық  бекеттерде  жүк  пойыздарын  құрастыру  жоспарының 
есептері (техникалық маршруттау), оның көрсеткіш терін анықтау


62 
 
-  пойыздарды  жоларалық  және  жолішілік  қалыптастыру  жоспарлары 
кітаптарын құрастыру, рәсімдеу, оларды жұмысшыларға жеткізу және бірқатар 
басқа міндеттер. 
Пойыздар  қозғалысы  кестелерін  (ПҚК)  автоматты  түрде  жасау  кезінде 
келесі міндеттер шешіледі: 
− барлық категориялы пойыздар қозғалыстарының көлемдерін анықтау; 
− ПҚК автоматты түрде жасауға арналған бастапқы деректерді дайындау
−барлық  категориялы  алыс  жолаушылар  пойыздарының  қатынау 
сұлбаларын құрастыру және олардың қозғалысының қыс қартылған кестелерін 
жасау; 
−  әрбір  темір  жолы  бөлігі  бойынша,  ал  содан  кейін  жүк  пойыздарының 
ПҚК есептеулері, олардың көрсеткіштерін анықтау; 
−локомотив  айналымы  кестелерін  жасау  (бір  уақытта  ПҚК  жасай 
отырып),  локомотивтер  мен  локомотив  бригадаларына  деген  қажеттілікті 
анықтау; 
−  ПҚК  және  оларға  түсініктеме  хатты  (әрбір  темір  жол  бойынша) 
құрастыру және рәсімдеу. 
Тасымалдау  үрдісін  техникалық  нормалауға  тасымалдау  құралдарын 
тиімді пайдалану кезінде жалпы желі, темір жолдар, бөлімшелер мен бекеттер 
бойынша  пайдалану  жұмысының  айлық  техникалық  нормаларын  жасау  және 
талдау кіреді. 
Техникалық  нормалар  тасымалдардың  айлық  жоспары,  жоспарланып 
отырған  айдың  басында  желіде  қалыптасқан  жағдай,  өткен  жылдың  осы 
айындағы  нормалардың  орындалуы  туралы  статистикалық  деректер  негізінде 
және жоспарланып отырған айдың алдыңғы айынан 20 тәулік бұрын жасалады. 
Жоларалық    хат-хабарлар  көлемдері  және  олардың  негізінде  әрбір  жол  үшін 
тиеу және түсіру, жүк артылған және бос вагондарды қабылдау және тапсыру 
нормалары есептеледі. 
Алынған «жұмыс» және «вагон айналымы» мәндері негізінде жолдардың 
вагон  паркіне  деген  қажеттілігі  есептеледі.  Қолданыстағы  вагондар  паркінде 
қажеттілік  резервті  ескере  отырып,  пропорционалды  жолдар  арасында 
үлестіріледі. Осыдан кейін әрбір жолдың жұмыс көрсеткіштерінің сандық және 
сапалық  көрсеткіштерінің  нормалары  есептеледі.  Темір  жол  деңгейінде  вагон 
паркі жұмыының нормалары вагон жағдайы мен қатынау түріне (жүк тиелген, 
бос,  жергілікті,  транзитті),  вагон  айналымы  элементтеріне  (қозғалыста,  жүк 
операцияларында,  техникалық  бекеттерде),  вагондар  түріне  байланысты 
нақтыланады. 
Теміржол  басқармалары  жолға  арналған  техникалық  нормаларды  ескере 
отырып  тапсырмалар  негізінде  бөлімшелер  (бөлінген  бекеттер  мен 
диспетчерлік учаскелер) үшін техникалық нормаларды есептейді. 
 
 


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау