Cынау жөніндегі қосалқы мердігерлік жұмыстарды жүргізуге арналған
№ __________ шарт
Астана қ. «__»___________201__ жыл
«Қазақстан теміржол көлігінде сертификаттау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («ҚазТКСО» ЖШС), бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталып, __________ негізінде әрекет ететін __________ тұлғасында _____________________________бірінші тараптан, және
Орындаушы ұйымның атауы, бұдан әрі Орындаушы деп аталып, __________ негізінде әрекет ететін __________ тұлғасында ____________________ екінші тараптан, төмендегі туралы осы шартты жасасты.
Шарттың мәні
1.1. Осы Шарттың талаптарына сәйкес Орындаушы Техникалық тапсырмаға (№1 қосымшаға) сәйкес келесі жұмыстарды (бұдан әрі – Жұмыстарды)
- _________________________________________________________________________ орындауға, ал Тапсырыс беруші бұл жұмыстарды қабылдап алуға және төлеуге міндеттеме алады.
1.2. Жұмыстардың көлемі мен тізімі Техникалық тапсырмада (№1 қосымша) көрсетілген.
1.3. Жұмыстардың, Жұмыстардың жеке кезеңдерінің мерзімі мен құны Күнтізбелік жоспарда (№2 қосымша) көрсетілген.
1.4. Жұмыс нәтижелері бойынша Күнтізбелік жоспарға (№2 қосымша) сәйкес есеп құжаттары (бұдан әрі – Жұмыстардың нәтижелері) қағаз тасымалдаушыда және электронды түрде __ данада ұсынылады.
1.5. Жұмыстарды Орындаушы __________ орындайды.
2. Жұмыстардың құны және және төлем тәртібі
2.1. Жұмыстардың құны бұл Шарт бойынша __________ (__________) теңгені құрайды.
2.2. Тараптар шартқа қол қойған және Орындаушыдан келіп түскен шотты Тапсырыс беруші алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Тапсырыс беруші шарт бағасының __% (__________ процент) көлемінде сомасы__________ (__________) теңге аванс аударады.
2.3. Келесі төлемдер Күнтізбелік жоспардың (№2 қосымша) әрбір орындалған кезеңі үшін екі тарап әрбір кезең бойынша Жұмыстарды тапсыру-қабылдап алу актісіне қол қойған күннен бастап және Орындаушыдан келген шотты Тапсырыс алушы алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде әрбір кезеңдегі аванс сомасын есепке ала отырып, Күнтізбелік жоспарда (№2 қосымша) көрсетілген берілген кезеңнің құнының __% (__________ процент) көлемінде жүргізіледі.
2.4. Тапсырыс берушінің Жұмыстарды Орындаушыға мерзімінен бұрын төлеу құқығы бар.
2.5. Тапсырыс берушінің төлем бойынша міндеттемелерін орындауы деп Тапсырыс берушінің есеп шотынан ақша қаражатының есептен шығарылуы болып саналады.
3. Жұмыстарды тапсыру және қабылдап алу тәртібі
3.1. Орындалған жұмыстарды тапсыру-қабылдап алу Күнтізбелік жоспардың (№2 қосымша) әрбір жеке кезеңі бойынша Жұмыстарды тапсыру-қабылдап алу актісін ресімдеп, және оған тараптардың қол қоюы арқылы жүзеге асырылады, мұны Орындаушы екі данада алдын-ала дайындайды және қол қояды.
3.2. Күнтізбелік жоспардың (№2 қосымша) әрбір жеке кезеңін орындау мерзімі өткеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Орындаушы келесі құжаттарды электронды түрде және қағаз тасымалдаушыда Тапсырыс берушіге тапсыруға міндетті:
а) Орындаушы қол қойған Жұмыстарды тапсыру-қабылдау актісінің 2 (екі) данасы;
б) Жұмыс нәтижелері.
3.3. Тапсырыс берушінің Жұмыс Нәтижелеріне ескертулері болмаған жағдайда Күнтізбелік жоспардың (№2 қосымша) әрбір кезеңі үшін Тапсырыс беруші оларды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Орындаушыға қол қойылған Жұмыстарды тапсыру-қабылдау актісін жіберуге міндетті.
3.4. Тапсырыс берушінің Жұмыс Нәтижелеріне негізделген ескертулері болған жағдайда Күнтізбелік жоспардың (№2 қосымша) әрбір кезеңі үшін Тапсырыс беруші аталған Жұмыс нәтижелеріне қағаз тасымалдаушыда ескерту алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Орындаушыға Орындалған Жұмыстарды қабылдап алудан бас тартудың дәлелді себептерін ұсынады.
Егер Орындаушы Тапсырыс берушінің негізді бас тартуымен келіскен болса, тараптар қажетті түзетулердің тізімі мен оларды орындау мерзімдері бар екі жақты актіге қол қоюға міндеттеме алады. Егер Орындаушы Тапсырыс берушінің негізді бас тартуымен келіспейтін болса, тараптар қолдану үшін қажетті шараларды айқындап алу үшін дереу кездесулері тиіс.
3.5. Орындаушы Тапсырыс берушімен келісе отырып Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындай алады және олардың Нәтижелерін Тапсырыс берушіге тапсыра алады, ал Тапсырыс беруші Орындаушының орындаған Жұмыстарын қабылдап алуды және төлемді жүзеге асырады. Мерзімінен бұрын орындалған Жұмыстар осы Шарттың 3-тарауында көзделген қабылдап алу процедурасына сәйкес қабылданады.
4. Тараптардың құқықтары және міндеттері
4.1. Орындаушы міндетті:
4.1.1.Жұмыстарды Күнтізбелік жоспарға (№2 қосымша) сәйкес орындауға;
4.1.2. Жұмыс Нәтижелерін осы шарттың 1.4-тармағына сәйкес Тапсырыс берушіге тапсыруға;
4.1.2.осы шартқа тараптар қол қойған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге осы шарттың 2.2-тармағына сәйкес төлемге тиісті түрде ресімделген шотты беруге;
4.1.3.Тапсырыс берушіге Жұмыстарды тапсыру-қабылдау актілерінің барлығын, төлем шоттарын, сондай-ақ осы шарттың 3-тарауында және 2.3-тармағында көзделген тәртіпте және шарттарда басқа құжаттарды әзірлеп, тапсыруға;
4.1.4.Қазақстан Республикасының қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау және экология жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін сақтауға.
4.2. Орындаушы құқылы:
4.2.1.мерзімінен бұрын Жұмыстарды орындауға және Жұмыс Нәтижелерін тапсыруға;
4.2.2.осы Шарт бойынша Жұмыстарды орындау барысында қосалқы орындаушыларды тартуға.
4.3. Тапсырыс беруші міндетті:
4.3.1.осы шартта көзделген тәртіпте және шарттарда Жұмыстарды қабылдап алуды және төлеуді жүзеге асыруға;
4.3.2.Орындаушыға Жұмыстарды жүргізуге қажетті техникалық және басқа құжаттаманы Орындаушыдан тиісті сұраныс түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынуға. Бұл ретте Орындаушы Тараптар шартқа қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушіге Жұмыстарды осы шартқа сәйкес жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізімін береді.
Бұл тізім Орындаушының сұранысы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Сұраныс берілген құжаттаманы ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда тараптардың келісімі бойынша қажетті мәселелер бойынша техникалық мамандардың қатысуымен техникалық жиналыс ұйымдастырылады.
4.4. Тапсырыс беруші құқылы:
4.4.1.Орындаушы орындаған Жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдап алуға және төлеуге.
5. Құпиялылық
5.1.Тараптар шартты орындау барысында оларға мәлім болған құпия ақпаратты жария етпеуге міндеттеме алады. Тараптар құпия ақпарат деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық құпия режимі енгізілген құпия мәліметтердің иелеріне қатысты мәліметтерді таниды.
Құпия ақпарат мұндай ақпараттың құпиялылығын сақтай отырып, шарт бойынша міндеттемелердің тиісті орындалуы қажет болатын жағдайлардан басқа жағдайларда басқа тараптың жазбаша келісімінсіз кез-келген түрде тараптың үшінші тұлғаға жария етпейтін мәліметтері жатады.
Мемлекеттік билік органдарына, басқа мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына олардың функцияларын орындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте және негіздемелерде сот ісіндегі істер бойынша тергеу органдарының, алдын- ала тексеру органдарының, соттың сұранысы бойынша құпия ақпаратты ұсыну жария ету деп саналмайды.
6. Тараптардың жауапкершілігі
6.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісті түрде орындамау үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы шартта көзделген тәртіпте және шарттарда жауапкершілікке ие.
6.2. Орындаушы осы шарта бойынша Жұмыстарды орындау үшін үшінші тұлғаларды қатыстыру үшін жауапкершілікке ие.
6.3. Күнтізбелік жоспарда (№2 қосымша) көзделген Жұмыстардың кезеңінің мерзімі Орындаушының тарапынан бұзылғаны үшін Орындаушы Тапсырыс берушінің жазбаша талабы бойынша Жұмыстардың осы кезеңінің құнынан 0,1 % (ноль бүтін бір процент) көлемінде әрбір мерзімі өткен күн үшін тұрақсыздық айыппұлын төлейді, бірақ бұл кезеңнің құнынынан 10 % (он проценттен) артық болмауы тиіс;
6.4.Жұмыстардың тоқтатылуы Орындаушының кінәсынан болмаған жағдайда Орындаушы Жұмыстардың берілген кезеңін орындау мерзімін кешіктіргені үшін жауапкершіліктен босатылады. Кезеңдерді аяқтау мерзімдері тараптардың келісімі бойынша Жұмыстардың құнының мүмкін өзгеруімен қосымша келісім арқылы ресімделетін тоқтату уақытына ұзартылады.
6.5. Осы шарттың 2.2 және 2.3-тармақтарымен белгіленген орындалған Жұмыстарға төлем төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Орындаушының жазбаша талабы бойынша мерзімі өткен соманың 0,1 % (ноль бүтін бір процент) көлемінде әрбір мерзімі өткен күн үшін соңғысына тұрақсыздық айыппұлын төлейді, алайда ол жалпы берешек сомасының 5% (бес процентінен) артық болмауы тиіс.
6.6. 6.3 және 6.5-тармақтарда көрсетілген жазбаша талаптары болмаған жағдайда тиісті тұрақсыздық айыппұлдары есептелінбейді және төленбейді.
6.7. Шарттың 6.3 және 6.5-тармақтарында көзделген тұрақсыздық айыппұлын төлеу Тараптарды осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
7. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
Тараптар шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер орындамау немесе тиісті орындамау еңсерілмейтін күш жағдайының салдарынан болса, яғни шартты жасаудан кейін алдын-ала байқау, көру, не болмаса алдын-алу саналы түрде мүмкін болмаған төтенше жағдайларда және еңсерілмейтін күш жағдайларының салдары болса.
Аталған жағдаяттардың туындауы көрсетілген еңсерілмейтін күш жағдайларының басталуына дейін көрсетілген Жұмыстарды төлеуден Тапсырыс берушінің бас тартуы үшін негіздеме болып табылмайды.
Еңсерілмейтін күш жағдайларының қолданыс күші болған уақытқа және тараптардың жауапкершіліктен, міндеттемелерден босататын басқа жағдайлардың қолданыс күші болған уақытта шарт міндеттемелерін орындамағаны үшін белгіленген айыптар қолданылмайды, шарт міндеттемелерін орындау мерзімі туындаған жағдайлардың болатын уақытына және оның салдарын жоюға саналы мерзімге белгіленген аралыққа ұзартылады.
Егер еңсерілмейтін күш жағдайларының қолданысы күнтізбелік алпыс күннен артық уақытқа созылса тараптар бұл ретте өзара есеп айырысуларды жүргізе отырып, шартты бұза алады.
Еңсерілмейтін күш жағдайының күшіне сілтеме жасаушы тарап тиісті ресми ақпарат жарияланған сәттен бастап он күндік мерзім ішінде екінші тарапты куәландырушы құжатты ұсына отырып, хабардар етуге міндетті.
8. Дауларды шешу
8.1.Шартты орындау процесінде туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктерді тараптар келіссөздер арқылы шешеді.
Келіссөздер арқылы дауларды шешу болмаған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Астана қаласының сотында қаралады.
9. Шарттың қолданыс мерзімі
9.1. Бұл шарт тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және «__» _________ 20__ жылға дейін жарамды.
10. Шартқа өзгертулер, толықтырулар енгізу және оны бұзу тәртібі
10.1. Бұл Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, оны тараптар осы Шартқа қосымша келісім түрінде ресімдейді. Барлық енгізілген өзгертулер жазбаша түрде жасалғанда және тараптардың екеуі де қол қойған жағдайда ғана қолданыста болады.
Осы шартқа барлық өзгертулер, толықтырулар мен қосымшаларға екі Тарап та қол қойып, Шарттың ажырамас бір бөлігі болып табылады.
10.2. Бұл Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша, не болмаса біржақты тәртіпте бұзылуы мүмкін.
10.3. Осы шартты біржақты тәртіпте бұзуға шешім қабылдаған тарап басқа тарапқа осы шартты бұзатын болжамды күніне дейін 20 (жиырма) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы шартты бұзу туралы жазбаша хабарландыру жіберуге тиіс.
Осы Шартты негіздемелердің бірі бойынша мерзімінен бұрын бұзған жағдайда тараптар өзара есептесулерді салғастыру актісін құрады. Бұл ретте Орындаушы орындалған Жұмыстардың нақты құнынан алынған аванстық төлемді қайтарады да, шартты бұзу сәтіне орындалған нақты Жұмыстардың Нәтижелерін Тапсырыс берушіге тапсырады.
12. Басқа шарттар
12.1. Бұл шарт тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан бірдей заңды күші бар екі данада құрылады.
12.2. Тараптардың кез-келгені осы Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін немесе басқа тараптың жазбаша келісімімен ғана үшінші тұлғаларға беруге құқылы.
12.3. Осы шартпен реттелмеген тараптардың қарым-қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
12.4. Мекенжайлары, төлем немесе басқа деректемелері өзгерген жағдайда тиісті Тарап басқа тарапты шұғыл түрде хабардар етуге міндетті. Хабарландыру алған сәтке дейін бұрынғы деректемелер бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда олар орындалған деп есептеледі.
12.5. Осы Шарттың барлық қосымшалары оның ажырамас бөліктері болып табылады.
12.6. Берілген шартқа қол қойылғанға дейін жүргізілген барлық келіссөздер мен хаттар осы шартқа қол қойылған күннен бастап күшін жояды.
12.7. Бұл шартта жасасу мен келісім алу мәселелері жөніндегі заңнаманың немесе құрылтай құжаттарының талаптарын орындау туралы басқа тараптың хабардар етпеу, жасырып қалу немесе дұрыс ақпарат бермеу себептері бойынша басқа тарапта туындаған қолайсыз салдар мен кез-келген шығындарға мұндай деректерді хабардар етпеген, жасырып қалған немесе дұрыс бермеген тарап жауапты.
12.8. Бұл Шартқа қосымша беріледі:
- Техникалық тапсырма (№1 қосымша);
- Күнтізбелік жоспар (№2 қосымша).
13. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:
«ҚазТКСО» ЖШС
Заңды мекенжайы: __________
Почталық мекенжайы: __________
СТН __________
ЖСК __________
Банктің атауы __________
БСК __________
e-mail: __________
тел./факс __________
_________________________
(лауазымы)
_______________ __________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
|
ОРЫНДАУШЫ:
Тапсырыс берушінің атауы
Заңды мекенжайы: __________
Почталық мекенжайы: __________
БСН __________
ЖСК __________
Банктің атауы __________
БСК __________
e-mail: __________
тел./факс __________
_________________________
(лауазымы)
_______________ __________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
|
Сынау жөніндегі қосалқы мердігерлік жұмыстарды жүргізуге арналған «__»__________201__ж.
№ _______ шарттың
№1 қосымшасы
Техникалық тапсырма
(шарт мәніне сай құрылады)
ОРЫНДАУШЫ:
«ҚазТКСО» ЖШС
_____________________________
(лауазымы)
_______________ __________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
|
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:
Ұйымның атауы
_____________________________
(лауазымы)
_______________ __________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
|
Сынау жөніндегі қосалқы мердігерлік жұмыстарды жүргізуге арналған «__»__________201__ж.
№ _______шарттың
№2 қосымшасы
Күнтізбелік жоспар
№ т/т
|
Сынаудың негізгі кезеңдеру, түрлері
|
Орындау, бастау-аяқтау мерзімдері
|
Кезеңнің құны, теңгеде
|
Жұмыс нәтижелері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
ОРЫНДАУШЫ:
«ҚазТКСО» ЖШС
_____________________________
(лауазымы)
_______________ __________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
|
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:
Тапсырыс берушінің атауы
_____________________________
(лауазымы)
_______________ __________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
|
Достарыңызбен бөлісу: |