66
-бар
ақпараттық-технологиялық
шешімдер
мен
бағдарламалық
құралдарды пайдалану.
ФКҚАКЖ-не келесі ақпараттық ішкі жүйелер кіреді:
- нормативті-анықтамалықтық,
- маркетингтік,
- тасымалдардың келісілген талаптары бойынша
шарттар жасау,
- өтінімдер жинау және жүктер тасымалдарын жоспарлау,
-тасымалдау
құжаттары мен кассалық-қаржылық операцияларды
рәсімдеу,
- тасымалдау талаптарының сақталуын бақылау.
7.2 Əуе көлігін автоматтандырылған басқару жүйелері
Əуе көлігінің басты артықшылығы – қатынастың жеделдігі, жер шарының
барлық аумағын қамту. Бұл әуе көлігі мен телекоммуникацияның
функцияларын жақындата түседі, бұл жерде ең бастысы – ақпаратты және оның
жаратушысын – адамды жеткізу. Сонымен бірге, әуетасымалдау тек ең құнды
және жедел жүктердің – ғылым мен өнеркәсіптің ең білікті іс-әрекетінің
өнімінің орнын ауыстыруын қамтамасыз етеді.
Əуе көлігі кейінгі кезге дейін көбінесе жолаушылар тасымалдаудың
мамандандырылған құралы ретінде дамыды. Ол барлық көлік түрінің әлемдік
жүк айналымындағы көлемінің өте аз пайыздық үлесін құрайды. Бірақ та оның
жедел жүктерді жеткізудегі рөлі бәсекелесуге жол бермейді, ал шексіз
халықралық еңбек бөлінісі кезінде бұл зор маңызға ие бола түседі.
Авиациялық жолаушылар көлігі алыс және өте алыс бағыттарда барлық
өзінің артықшылығын анықтады.
Əуе көлігі өзінің тұрақты және қауіпсіз жұмыс істеуі үшін өте күрделі
инфрақұрылымды қажет етеді. Бұл тек ұшу қауіпсіздігіне емес, сондай-ақ
жолаушыларды қабылдауға, оларға қызмет көрсетілуін ұйымдастыруға
қойылатын қатаң талаптарды негіздейді. Əлемдің маңызы бар қазіргі заманғы
аэропорттар –жабдықтың ең қазіргі заманғы түрлерімен жарақтандырылған, өте
күрделі инженерлік-техникалық ғимараттар – бірінші кезекте бұл ұшақтардың
ұшуы мен қонуын үздіксіз бақылау мен реттеуге, аэропорттарға қызмет көрсету
аймағында авиалайнерлермен байланысты үзбей отыруға мүмкіндік беретін
радио локация мен телекомму никацияның күшті жүйелеріне жатады.
Авиалайнерлерді барлық қажеттімен қамтамасыз етуге арналған жерүсті
техникасы күрделілігі кем емес. Аэропорттар өз инфрақұрылымында ғылым
мен техниканың барлық ең жаңа жетістіктерін іске асырып отыр. Елімізде
авиация – көліктің ең қымбат түрі, бірақ та ең жылдам түрі. Мыңдаған
километр алыс және көліктің басқа түрі жиі қатынай алмайтын Солтүстік, Сібір
және Қиыр шығыс аудандары үшін авиациялық көлік маңызды рөль атқарады.
Бүгінгі күнде ішкі әуе қатынасында жолаушылар тасымалдау үлесі жалпы
жолаушы лар айналымының 0,5%-ын, халықаралық әуе қатынасының 40%-ға
жуығын құрайды.