5В090100 Көлікті пайдалану және қозғалысы мен тасымалдауды



жүктеу 2,12 Mb.
Pdf просмотр
бет18/36
Дата12.01.2020
өлшемі2,12 Mb.
#26426
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36

48 
 
деңгейлеріне  жол  береді.  Деректер  базасының  талаптарына  сәйкес  келудің 
кейбір деңгейлерін ғана атауға болады. 
Мұндай  жағдайда  жаппай  қабылдаған  тәжірибе  соңғы  рөл  ойнамайды. 
Осыған  сәйкес,  мысалы,  кейбір  деңгейде  ДБ  белгілеріне  ие  болса  да  файлдық 
архивтерді,  Интернет-порталдарды  немесе  электрондық  кестелерді  деректер 
базасы  деп  атамайды.  Бұл  деңгейді,  көп  жағдайда,  жеткіліксіз  деп  есептеу 
қабылданып кеткен. 
Физикалық сақталу ортасы бойынша ДБ топтастырылуы: 
-  екіншілік  жадыдағы  (дәстүрлі)  ДБ:  әдеттегі  сақталу  ортасы  болып 
перифериялық  және  энергияға  тәуелсіз  жады  –  қатты  диск  есептеледі. 
ДББЖның  оперативті  жадында  тек  кеш  және  ағымдағы  өңделуге  арналған 
мәліметтер орналасады. 
-  оперативті  жадыдағы  ДБ  (in-memory  databases):  барлық  мәліметтер 
оперативті жадыда орналасады. 
-  үшінші  жадыдағы  ДБ  (tertiary  databases):  мұнда  әрқашанғы  сақтау 
ортасы  болып  серверден  байланысты  үзе  алатын  жаппай  сақтау  құрылғысы 
есептеледі, әрине, магниттік ленталар немесе оптикалық дискілердің негізінде. 
Сервердің  екінші  жадында  үшінші  жадыдағы  мәліметтер  каталогы,  файлдық 
кеш, және ағымдағы өңдеуге арналған мәліметтер сақталады; бұл мәліметтерді 
көшірудің өзі арнайы процедураны талап етеді. 
Бөліну деңгейі бойынша ДБ топтастыру: 
- орталықтандырылған; 
- бөлінген. 
Теория  мен  тәжірибеде  кеңістікті  (англ.spatial),  уақытша  немесе 
темпоральды және кеңістікті-уақытша (spatial-temporal) деректер базасы арнайы 
орын алады. 
ДББЖ негізгі қызметі: 
- сыртқы жадыдағы деректерді басқару (мысалы, дискілердегі); 
- оперативті жадыда дискілік кэш қолдану арқылы деректерді басқару; 
-  байланыс  үзілгеннен  кейінгі  өзгерістерді  журнализациялау,  резервтік 
көшірме және деректер базасын қалпына келтіру; 
-  деректер  базасының  тілін  қолдау  (деректерді  анықтау  тілі,  деректерді 
манипуляциялау тілі). 
Əдетте заманауи ДББЖ келесідей компоненттерден құралады: 
-  сыртқы  және  оперативті  жадыдағы  басқаруға,  журнализацияға  жауап 
беретін өзек; 
-  деректерді  алуға,  өзгертуге  және  машинаға  тәуелсіз  ішкі  атқарушы 
кодты  құруға  деген  сұраныстың  оптимизациялануын  қамтамасыз  ететін 
деректер базасы тілінің процессоры, 

ДББЖ 
мен 
тұтынушы 
интерфейсін 
құратын 
деректер 
манипуляциясының бағдарламаларын орындау мерзімін қолдау дың 
ішкі жүйесі; 


49 
 
-  ақпараттық  жүйелерге  қызмет  көрсететін  қосымша  мүмкіндіктердің 
қатарын қамтамасыз ететін сервистік бағдарламалар. 
Енді, 
ДББЖ-ға 
қатысты 
топтастырушы 
белгілердің 
қатарын 
қарастырамыз.  Қарым-қатынас тілі бойынша ДББЖ ашық, тұйық  және аралас 
болып  бөлінеді.  Ашық  жүйелер  дегеніміз  –  бұл  деректер  базасын  пайдалану 
үшін  бағдарламалаудың  әмбебап  тілдері  қолданыс  табатын  жүйелер.  Тұйық 
жүйелер  деректер  банкі  тұтынушыларымен  қарым-қатынас  жасаудың  жеке 
тіліне ие. 
Архитектурасындағы 
деңгейлердің 
саны 
бойынша 
бірдеңгейлі, 
екідеңгейлі,  үшдеңгейлі  жүйелер  бар.  Деңгейдің  бұдан  да  көп  мөлшердегі 
түрлерін  атауға  болады.  ДББЖ  ның  архитектуралық  деңгейі  ретінде 
механизмдері  деректердің  кейбір  деңгейдегі  абстракциясын  (логикалық  және 
физикалық  деңгей,  сондай-ақ,  тұтынушының  «көзқарасы»  -  сыртқы    деңгей) 
қосылуы  болады. 
ДББЖ  қызметіне қарай ақпараттық  және операциялық болып бөлінеді. 
Ақпараттық  ДББЖ  ақпаратты  сақтау  мен  оған  қол  жеткізу  мәселелерін 
ұйымдастырады.  Одан  күрделі  өңдеуді  орындау  үшін  арнайы  бағдарламалар 
жазу қажет. Операция лық ДББЖ күрделі жұмыс атқарады, мысалы, автоматты 
түрде  өңделген,  деректер  базасында  тікелей  сақталмайтын,  өңдеу 
алгоритмдерін өзгерте алатын көрсеткіштерді алуға мүмкіндік береді. Қолдану 
мүмкіндігі аясында әмбебап және арнайы, әдетте 
шиеленіске бағытталған ДББЖ деп бөлуге болады. 
Деректердің құрылымдары 15-суретте көрсетілген. 
Деректер базасын басқару жүйесі деректердің әр түрлі типіне ие. Əр түрлі 
ДББЖ  ғы  деректер  типінің  жинағы  әр  түрлі.  Бұған  қоса,  бір  қатар  ДББЖ 
өңдеушіге  деректердің  жаңа  типін  қосуға  және  осы  деректермен  жасалатын 
жаңа  операцияларды  қосуға  мүмкіндік  береді.  Мұндай  жүйелер  деректер 
базасының кеңейтілген жүйелері (ДБКЖ) деп аталады. 
 
15-сурет. Деректердің құрылымдары 
ДБКЖ  тұжырымының  ары  қарайғы  дамуының  нәтижесі  күрделі 
объектілерді  тікелей  моделдейтін  деректер  базасының  жеткілікті  дәрежеде 
қуатты  мүмкіндіктерге  ие  объектіге  бағытталған  деректер  жүйесі  болып 
табылады. 
ДББЖ  қуаттылығы  бойынша  үстелдік  және  корпоративтік  болып 
бөлінеді. 


50 
 
Корпоративтік  ДББЖ  бөлінген  ортада  жұмыс  жасауды  қамтиды, 
жүйелерді жобалауда ұжымдық жұмысты қолдайды, жоғарғы нәтижелілікке ие 
болуға ұмтылады. Басқарудың әр түрлі құрал дарына және бүтіндікті сақтаудың 
кең мүмкіндіктеріне ие. 
Бұл  жүйелер  күрделі,  қымбат  және  белгілі  мөлшерде  есептеуіш 
ресурстарды талап етеді. 
Корпоративтік  ДББЖ  ішіндегі  ең  танымалдары  Oracle,  DB2,  Sybase,  MS 
SQL  Server,  Progress  және  басқалар  болып  табылады.  ДББЖ  классы  мен 
қолданбалы операциялық жүйе арасында байланыс бар. UNIX ішіндегі жүйелер 
корпо  ративтік  бөлгіш  жүйелер  ретінде  позицияланады.  Қазіргі  кезде  бұл 
секторға Windows NT және оның орнын алмастыратын Windows2000 «кіргізіліп 
жатыр». 
Иелік  ету  категориясына  деген  ұмтылысы  бойынша  ДББЖ-ін 
жасаушыларға және тұтынушыларға бөлуге болады. Бі рінші классқа жататын 
жүйелер  сапалы  компиляторға  ие  болулары  және  «оқшаулағыш»  бағдарлама 
өнімдерін жасауға рұқсат беруі, болдырмаудың дамыған құралдарын басқаруы, 
жобаны  құжаттандыру  құралдарын  қосу  және  тиімді  күрделі  жүйелерді 
құрудың  басқа  да  мүмкіндіктеріне  ие  болуы  қажет.  Соңғы  тұтынушыға 
бағдарланған  жүйелерге  қойылатын  басты  талаптар  мыналар:  интерфейстің 
қолайлылығы,  тілдік  құралдардың  жоғарғы  деңгейі,  жауаптардың  зияткерлік 
модульдерінің  болуы,  ойға  келмейтін  қателерден  белсенді  қорғау  («есуастан 
қорғау») және т.б. 
Келесідей  топтастыру  белгілерінің  тобы  жалпы  алғанда  деректер 
банкімен  байланысқан.  Қызмет  көрсету  шарттары  бойынша  деректер 
базасының  тегін  және  ақылы  түрлері  бар.  Деректердің  ақылы  банктері,  өз 
кезегінде, кіріссіз және коммерциялық болып бөлінеді. Кіріссіз деректер банкі 
пайда  табу  мақсатын  қоймайды  және  өзін  өзі  ептеу  ұстанымымен  қызмет 
көрсетеді.  Бұл  негізінен  ғылыми  немесе  кітапханалық,  әлеуметтік  мәндегі 
ақпараттың кең  көлемдегі  тұтынушыларына ие деректер  банкі  деректер  банкі. 
Коммерциялық деректер банкін құрудың басты мақсаты 
ақпараттық қызметтен пайда алу. 
Ақпараттық  желілер  ақпаратты  өңдеу  сипаты  бойынша  ерекшеленеді. 
Кейбіреуінде  негізінен  қарапайым  сұраныстар  жүзеге  асырылады.  Мұндай 
жүйелер  OLTP  (On-Line  Transaction  Processing  –  транзакцияны  оперативті 
өңдеу  жүйелері)    деген  атауға  ие  болды.  Басқасында,  керісінше,  деректер 
күрделі аналитикалық тәсілмен өңделеді. Жүйелердің мұндай классына 
ОLAP (On-Line Analytical Processing) термині қолданылады. 
OLAP  термині  –  салыстырмалы  түрде  жаңа  және  әр  түрлі  әдебиет 
көздерінде  түрліше  түсініктеме  беріліп  жүр.  Оны  көбіне  шешім  қабылдауды 
қолдау (DSS (Decision Support Systems) – шешім қабылдауды қолдау жүйелері) 
арқылы жүзеге асырады. 
Соңғы  терминге  синоним  ретінде  Data  Warehousing  –  деректер  қоры 
есептеледі, ол ұйымдастырушылық шешімдердің жинағын түсінеді. 


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау