№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
46
бейнеклиптер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Бұл параққа
түсініктемені, мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге
болады. Бұл мәтін презентацияның басты, керекті сәттерін және оған қатысты
жағдайларды фиксациялау кезінде колданылады.
АКТ-ны сабақ үрдісінде қолдану кезінде мұғалімге келесі мәселелерді шешуге
тура келеді:
-
дидактикалық(сабақтыңоқу
материалын
дайындау,
компьютерлікбағдарламаныталдау);
- әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың
нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);
- ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты
тиімсіз ӛткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
- оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және
ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).
АКТ-ны «Биология» сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру үшін қандай әдістерді қолданған тиімді?
Ол үшін мұғалім не істеуі керек? Ол үшін:
- ақпаратттық сауаттылығын арттыру үшін кӛбірек оқу;
- ұғымдарды есте сақтау қабілетін дамыту;
- сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға
үйрету;
- ақпаратты ӛз бетінше табу, талдау, іріктеу, сақтау, түсіндіру және
ақпараттарды тасымалдау, оның ішінде қазіргі заманғы АКТ-дың кӛмегімен жүзеге
асыруды қалыптастыру;
- оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік ету;
- ӛз бетінше мақсат және оны негіздеу, жоспарлау және осы мақсаттарға жету
үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыру.
АКТ-ны «Биология» сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру үшін:
- сабақты түрлендіріп ӛткізу;
- сабақта ақпарат құралдарын пайдалану;
- оқушының ӛз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуге үйрету –
ғаламторға шығу.
«Биология» сабағында АКТ-ның келесі түрлерін қолдануға болады:
- Сабақ кезінде жаңа материалды ӛтуде презентацияны қолдану;
- Жаңа сабақты ӛту кезінде электронды оқулық, ғаламтор материалдарының
бірнеше фрагменттерін қолдануға;
- Зертханалық жұмыстарда;
- Түрлі тапсырмалар мен тест орындауда.
Соның ішінде сабақ кезінде жаңа материалды ӛтуде презентацияны қолдану
арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығы, танымдық қабілеті артып, ӛзіне
деген сенімділігі, яғни олардың білім, білік, дағдылары артады. Мысалы: 10 сыныпта
«Жыныс генетикасы» тақырыбын ӛткенде слайд-презентацияларды қолдану арқылы
ӛзіндік ізденісін дамытуға болады. Оқулықтағы мәтінге қосымша суреттер, қызықты
генетикалық есептерді кӛре отырып, оқушылар түртіп алу әдісімен жұмыстанады
және берілген есептерді символдармен жазады, оны шығаруға, жауабын табуға
талпынады.
11 сыныпта «Эволюция заңдылықтары» тақырыбын ӛткенде, презентацияны
пайдалана отырып, тақырыпты жеңіл меңгереді, дивергенция, конвергенция,
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
47
паралеллизм ұғымдарын салыстыра отырып жете түсінеді, ӛмірден мысалдар
келтіріп, табиғи құбылыстардың жүру заңдылықтарын ажырата білуге дағдыланады.
Кез-келген жұмыс нәтижемен ӛлшенеді десек, презентация жасау және оны
сабақ үрдісінде қолдану мұғалімнің білім беру кезінде күнделікті дағдысына
айналуы қажет.
Презентацияны «Биология» сабақтарында жиі қолдану сабақтың сапасын
елеулі түрде арттыратыны сӛзсіз. Ол мотивацияның, коммуникативті қабілеттерінің
дамуына мүмкіндік береді, дағды қалыптастыруға, білім қорының толығуына,
сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтың дамуына мүмкіндік туғызады.
«Биология» сабақтарында слайдтардың кӛмегімен мысалдарды, есептерді
тақтада кӛрсетуге, түрлі мысалдар құрастыруға, биологиялық сергіту сәттерін
ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін
тексеруге болады. Мұндай сабақ уақытында сыныптағы қарым-қатынас жақсарады.
Тапсырманы оқушылар ӛз сӛздерімен түсіндіріп, компьютер алдындағы
қорқыныш жойылады, аса күрделі тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға
тырысады.
«Биология» сабағында мультимедиалық презентацияларды сабақтың барлық
кезеңдерінде:
- пән бойынша негізі білімді игеру, игерілген білімді жүйелеу;
- ӛзін-ӛзі бақылау дағдыларын құру, толық немесе нақты бір пәнге оқыту
қабілетін құру;
- оқу материалындағы ӛзіндік жұмыста оқушыларға оқу-әдістемелік кӛмек
кӛрсету кезінде қолдануға болады.
Әр сабақта компютерлік технология арқылы барынша толық жұмыс істеу
оқытушыдан шеберлікті, іскерлікті, ӛте жоғары ұйымдастырушылықты қажет етеді.
Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы // Ана
тілі. – 19 маусым. – 1987. – 16 б.
2 Ахметов Б.С., Яворский В.В. Моделирование информационной
образовательной среды. – Караганда: КарГТУ, 2006. – 251 с.
3 Глушенко А.А. Компьютеризация – важнейшая особенность научного стиля
мышления и деятельности // Новые информационные технологии обучения. –
Воронеж, 1995. – С. 52-64.
МУКЫШЕВА Райгуль Калеловна,
ГАБДУЛЛЛИНА Рымгуль Кабылхановна,
учителя русского языка и литературы«Средняя общеобразовательная школа
№41», город Семей, Восточно-Казахстанская область, Республика Казахстан
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ НОВЫХ ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
НА УРОКАХ РУССКОГОЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ
Без стремления к новому нет жизни,
нет развития, нет прогресса.
В.Г. Белинский
Стремительное развитие общества, распространение мультимедийных и
сетевых технологий позволяют расширить возможности использования ИКТ на
уроках в современной школе. Использование ИКТ при обучении школьников
Достарыңызбен бөлісу: |