№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
40
Summary
The present stage of training reguirc ments are higl intellectual development in
cluding tea cling students nejriryvnoe aime btraining and vompitanie child ren. This jajet
we consid er the reg resentation multilingualism as methods training activities.
АХМЕТКАЛИЕВ Нҧржан Нығметоллаҧлы,
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Тарих-география» пәндерінің
мҧғалімі, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
ШИЛИЯСОВА Рымғайша Қҧтайбақызы,
«№41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің
мҧғалімі, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
ОРАЗХАНОВА Жанаргҥл Жеңісқазықызы,
«№41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің
мҧғалімі, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ҦБТ-ҒА
ДАЙЫНДАУДА АКТ-НЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі заманда жастарға
ақпараттық технологиямен байланысты
әлемдік стандартқа сай мүдделі
жаңа білім беру өте қажет.
Н.Ә. Назарбаев
Егемен еліміздің болашағы – бүгінгі мектеп партасындағы оқушылар. Оларды
заман талабына сай жан-жақты, білімді, ӛз бетімен білуге талпынатын, ӛзінің ой-
тұжырымы бар етіп тәрбиелеу үшін сабақ түрлері құрылысын жетілдіру, оқытудың
жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану – бүгінгі күннің талабы.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу
ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін
арттыруға, басқа жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.
Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
ӛйткені жақсы мұғалім – мектептің жүрегі», - деген екен. Онда «мектептің жүрегі»
болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағына жаңа білім нәрін сусындатып,
саналы тәрбие, сапалы білім беретін білікті, білімді ұстаз болайық.
Заман талабына сай оқу үрдісін ақпараттандырылған технологиямен жүргізіп,
жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы орайда,
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар,
сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай
тәрбиеленуі тиіс», - деген болатын.
Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде оқыту әдістерін
жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де, тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға
да үлесін қосты.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары
мынадай:
1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында
айтылуға тиіс мәліметтер кӛлемін ұлғайтады.
2. Оқыту жүйесінің кӛп деңгейлі жетілдірілуі, олардың тарамдалуы мен оқу
материалының сапасын арттырады.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
41
Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай
білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты.
«Нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарты жауап
берсе, «Қалай оқыту керек?» сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік
даярлығынан, жаңа технологияны пайдалана білуінен, ӛзінің нақты мақсатын дәріс
үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек. Әрбір мұғалім тиісті
әдістемелік іскерлікті меңгере білуі, оқу материалы мазмұнын логикалық-
дидактикалық тұрғыдан талдай білуі керек. Сабақты интерактивті әдіс арқылы
жүргізу тиімді.
Оқушының бейімділігіне, қабілетіне, шеберлігіне бағыт беріп, тұлға ретінде
қалыптасуына мүмкіндік туғызатын жаңа технологияларды тиімді пайдалану –
ұстаздың міндеті.
ҰБТ-ны жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді
меңгеріп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдана алуы керек.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні «Тарих» пәнімен тығыз байланысты. Осы
себептен ҰБТ-ға оқушыларды «Қазақ тілі», «Тарих» пәндерінен дайындауда тиімді
әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет.
Соның ішінде, оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда ақпараттық технологиялардың
тиімділігіне тоқталғымыз келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану бізге
әдістемелік әдіс-тәсілдерді таңдауға, сабақтардың қызықты да, есте қаларлық
болуына кӛмектеседі. Сонымен бірге оқыту үдерісін ӛзгертіп, балалардың жүйелі
ойлау қабілеттерін қалыптастырады.
АКТ-ны қолдану оқыту үдерісінің аясын кеңейтеді, оның практикалық
бағыттылығына себеп болады, оқушылардың білім алуға, оқуға деген уәждемелерін
кӛтереді.
Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «Интерактивті оқыту әдісі». Бұл
әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі
арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту. Интерактивті оқыту – бұл, ең
алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып
оқыту болып табылады. Интерактивті оқытудың мәнісі – сыныптағы барлық оқушы
таным үрдісімен қамтылады, олар ӛздерінің білетін және ойлайтын нәрселері
арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу
материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы
ӛзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз
жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен ӛзара бір-біріне қолдау кӛрсету
аясында болады.
Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
- тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
- тұлғаның ӛзін кӛрсете алуына жағдай жасау;
- педагогикалық қолдау кӛрсету.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері,
презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, сын тұрғысынан
ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рӛлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау,
тест сынағы әдісі, дебат, т.б.
Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі кӛмекші құралдарды: тақта, кітаптар,
бейнематериалдар, слайдтар, флипчартттар, постерлер, компьютерлер және т.б.
пайдалана отырып, таныстырулар жатады. Ӛз сабақтарымызда кӛптеген
электрондық
ресурстарды
қолданамыз:
мультимедиялық
бағдарламалар,
Интернеттен табылған материалдар, интерактивті тестілер. Олар сабақты
Достарыңызбен бөлісу: |