№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
62
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту сияқты тақырыптар үлкен философиялық
тұжырымдарға жетелейді.
Бұрын оқу үдерісі кезінде бар салмақ мұғалімге түсетін. Ол белгілі шеңберде
жұмыс жасайтын. Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша бұл тәсіл
біршама ӛзгереді. Мұнда балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше
оқушылардың ӛздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Олар ӛз
беттерімен және ӛзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге
бағытталады. Сондықтан да қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың да, оқушының да іс-
әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болуы керек.
Нақты тоқтала кетсек, жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану жүйесін
тереңірек енгізу, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, ішкі уәжін ояту
мақсатында мектебіміздегі деңгейлік бағдарлама бойынша курстан ӛткен ұстаздар
мен білім беру мекемелерінің басшыларының біліктілігін арттыру курсында оқып
жатқан мектеп басшысы А.Т. Тукенованың басшылығымен мектебімізде «Біз сізді
қалай оқытқанымызды қалар едіңіз?» атты сауалнама ӛткіздік. Сауалнама
нәтижесінде оқушыларымызға қазіргі таңда жаңадан енгізген әдіс-тәсілдеріміздің 90
пайызы ұнағанын, олардың сабақ кезінде пікірлері ескеріліп, жұптасып, топта
бірлесе жұмыс жасауы қызықты екені айтылды.
Кері байланыс орнатып, «оқушы үніне» кӛңіл бӛлгеніміз, оқушының сабақты
жоспарлауға, сабақтың мақсатын айқындауға қатысып және ӛз жұмыстары мен
ӛзгені бағалауға мүмкіндік алғаны – баланың дербес, батыл, ӛз ойын еркін жеткізе
алатын, сыни кӛзқарасы қалыптасқан, алған теориялық білімін практика жүзінде
ӛмірде қолдана алатын жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Оқушыларымыздың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын анықтап алғаннан
кейін, мектебімізде ұстаздарға арналған коучингтер ӛткізіп, Lesson study тәсілін
енгіздік. Сабақтар топтамасына орта мерзімді жоспар құрып, сол жоспардан қысқа
мерзімді жаңаша жоспар жасаудамыз. Сабаққа нақты, ӛлшемді мақсат қою, ӛтетін
тақырыптың түйінді идеясын талқылап, инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы
нәтижеге қол жеткізу мақсатында сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулін
басшылыққа ала отырып, сабақ барысының технологиялық алгоритмі жасалынды:
Сабақтың
кезеңдері
Іс-әрекет
Тиімді
әдіс-тәсілдер
Қызығушылықты
ояту.
Бұрын алған
білімдерінің
маңыздылығын ескеру.
Жаңа ақпарат алуға
қызығушылығын ояту.
Білім алу үшін ӛзіңе
мақсат қою.
Миға шабуыл.
Инсерт.
Диалогтік оқыту
рӛлдік (іскерлік) ойын.
Класстер.
ББҮ кестесі.
Тӛменгі дәрежелі сұрақтар қою.
Формативті бағалау.
Мағынаны тану.
Жаңа тақырыпты түсіну,
ұғу, қолдану.
Талқылау, талдау
барысында оқушы ӛзіне
қойған мақсатына
ӛзгерістер енгізу.
Жұптық, топтық жұмыс.
Постер жасау, қорғау.
ЖИГСО.
Триггерлік суреттер.
Семантикалық карта. РАФТ.
Үш қадамды сұхбат.
Пікірталастар,
жағдаяттарды шешу,
іс-әрекетті зерттеу,
жобалау әдісі.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
63
Ой толғаныс.
Оқушы сабақтан «Не
алдым?», «Сабақтың
басында қойған
мақсатқа жеттім бе?»,
«Қандай қиындықтар
болды?», «Проблеманың
шешу жолдары қандай
екен?», «Жалпы бүгінгі
тағырыптың маңызы
неде?» деген сияқты
жоғары
дәрежелі
сұрақтар арқылы ой
толғаныс жүріп, кері
байланыс алынады.
Рефлексия.
Синквейн.
Вен диаграммасы.
Автор орындығы.
Даналық ағашы.
Бейне таспа кӛрсету.
Ой сергек.
Формативті бағалау.
Кері байланыс.
Блоб ағашы.
Сәттілік баспалдағы.
Ӛз тәжірибемізде қолданатын стратегиялар жиынтығы бағдарламаның 7
модулін қамтып, оқушылардың белсенділіктерін арттырады, таным деңгейін
кеңейтіп, сындарлы ойлауға жетелейді, оқушылар тақырыпты талқылап, пайымдап,
шешім қабылдауға дағдыланып, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін
дамытуға жол ашады.
Инерактивті оқыту технологиясы – оқушы мен оқытушы арасындағы тең
қарым-қатынас. Оқушы ойын ашық айта алады, проблеманың шешу жолдарын
бірлесіп орындайды,
талқылайды, сын айтады. Сынды қабылдайды,
талдайды, бұрын
алған білімімен салыстыра отырып білімін жинақтайды.
Бұл қазіргі заманауи оқыту технологиясына айналу қажет. Гуманитарлық
пәндерді оқытуда шектеу болмау керек. Неге? Ӛйткені тіл, әдебиет, тарих сӛйлеуді,
терең ойды, ұшқыр қиял мен философияны қажет етеді. Ендеше неге жаңаны
пайдаланып, оқушыларымыздың барлығының бойында бар қабілеттерін тауып,
дарындылықтарын оятып, неге талантына нұр шашпасқа?
Қазіргі жас ұрпақ – ертеңгі еліміздің жарқын болашағы!
Бәсекеге қабілетті адами капиталды дамытудың басты талабы – әр педагогтің
бүгінгі күннің талабынан туындайтын ӛзгерістерді алдымен ӛзінен бастауы, ӛмірге
деген кӛзқарасын ӛзгертуі, кәсіби ӛсуі.
Мұғалім – бүгінгі оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін ӛмірге
дайындаушы.
Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға дейінгі білім беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.
2 Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2012 ж. Үшінші (негізгі) деңгей. – Астана:
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. – 306 б. Үшінші басылым.
3 Кобдикова Ж.У. Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқытудың педагогикалық
технологиясы. – Алматы, 2007.