№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет25/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
52 
ӛзін-ӛзі  жетілдіруге  талпынған,  рухани  дамыған,  толысқан  шығармашыл  тұлға 
құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. 
Нарық  жағдайындағы  мұғалімге  қойылатын  талаптар:  бәсекеге  қабілеттілігі,  білім 
беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. 
Бүгінгі күнде қолданылып жүрген әдістерде бала бұрынғы ӛзі білетін нәрсенің 
ерекшеліктерін  саралап,  оның  жетістігі  мен  қажеттілігі  арқылы  жаңа  білімді  алуға 
ұмтылады. 
Мұғалім  сабақта  әдіс-тәсілдерді  пайдалана  отырып,  балалардың  ұсыныс-
пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және ӛздеріне деген сенімін арттыруға 
мүмкіндік  туғызып  отыру  қажет.  Әдіс-тәсілдер  арқылы  ӛткізген  әрбір  сабақ 
оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан 
ойын дамытып, оларды сӛйлетуге үйретеді. 
Шәкіртіміздің  сауаттылығын  шыңдау,  қабілетті,  дарынды  тұлға  дайындау  – 
біздің  алдағы  жауапкершілікті  міндетіміздің  бірі  болып  табылады.  «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасымыздың 
Қазақстан 
халқынаЖолдауында 
мектеп 
оқушыларының 
функционалдық 
сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті 
қойылды. 
Осы  міндетті  жүзеге  асыру  барысында  оқушыларының  функционалдық 
сауаттылығын  дамыту  жӛніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  Ұлттық  жоспардың 
мақсат,  міндеті  нақтыланды.  Осыған  орай  математика  саласында  математикалық 
әдістер  мен  математикалық  ойлау  ғана  емес,  жалпы  ғылыми  дүниетанымы  да 
жаңаруда. 
Мектепте  математикалық  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  мен  оны  оқыту 
әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз 
қажет.  Қазіргі  кезде  білім  беру:  пәндік  –  мазмұндық,  мазмұндық  –  әрекеттік  және 
мазмұндық  –  тұлғалық  байланыста  болуы  керек.  Сонымен  қатар:  «Мәліметтерді 
талдаудың  математикалық  әдістерін  бәрі  де  –  инженерлер,  экономистер,  заңгерлер, 
құрылысшылар,  мемлекет  қайраткерлері  меңгеруге  тиіс»,  -  деген  Елбасымыз  Н.Ә. 
Назарбаевтың  сӛзін  басшылыққа  ала  отырып,  адам  қазіргі  дамуында  табиғаты  мен 
ойының мӛлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуы қажет деп есептеймін. 
Бұл  –  Елбасының  білім  саласын  жаңарту  туралы  бастамаларын  іске  асыруда 
маңызды  механизмдердің  бірі.  Қазіргі  кездегі  шапшаң  жүріп  жатқан  жаһандану 
үрдісі  әлемдік  бәсекелестікті  күшейте  түсуде.  Адамның  жалпы  білімін  кӛтеру  кең 
ауқымды мәселе болып отыр. 
Жалпы  математикалық  білім  беру,  математикалық  сауаттылыққа  түгелдей 
тәуелді.  Ендеше  математикалық  білім  беру туралы  әңгімені  математикалық 
сауатылық мәселесінен бастауымыз керек. 
«Сауаттылық»  термині  –  білім,  білік,  дағды  мазмұнын  бағалауды  терең 
кӛрсетеді. Оқушы ӛз деңгейін табу үшін, қаншалықты білім мен білікті меңгергенін 
білу мақсатында құрылған бағалау жобасы үш бағытта жүргізіледі: 
- Оқытудағы сауаттылық; 
- Математикалық сауаттылық; 
- Жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық. 
Бүгінгі  күн  талабына  сай  жан-жақты  дамыған,  белсенді,  ӛмірге  талпынысы, 
қызығушылығы  бар  адамды  мектеп  табалдырығынан  дайындап  шығарудың  ең  бір 
тиімді тәсілі, ол – оқытудағы математикалық сауаттылық. 
Математикалық сауаттылық проблемалары осы күнге дейін аз айтылып жүрген 
жоқ. Әрбір мұғалім әр сабақта математикалық сауаттылықты қалыптастырып, үнемі 
кӛңіл бӛліп отырса, білім сапасы әлдеқайда жақсаратыны белгілі ұғым. Бұл күрделі 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
53 
мәселе  қоғамымыздың,  жаңа  жалпы  білім  беру  жүйесін  қалыптастыру  міндетін 
жүктейді. Осы міндеттің жалпы бағдары қоршаған ортада толыққанды тіршілік ете 
алатындай қажетті әрі дамытуға бағытталуы тиіс. 
Математикалық  сауаттылық  сӛйлеу  және  жазу  мәдениетіне  қоршаған  ортаны 
және  олардың  заңдылықтарын  баяндау,  оны  оқып  үйренудің  ғылыми  бейнесін 
меңгерудегі  басты  құралы  ретінде  ерекше  кӛңіл  бӛлу  қажет.  Математикалық 
сауаттылық оқушылардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып 
беруіне,  жазылғандар  мен  айтылғандарды түсіне  білуіне  ең  тӛменгі  талап  ретінде 
қарау қажет. Сонымен математикалық біліктіліктердің негізгі құрамдас, толыққанды 
тіршілік  жасауға  қажеттілік  ретінде  оны  арнайы  бағдарлы  түрде дамытып, 
қалыптастыру керек. 
Бастауыш  сыныптарда  оқушылар  сандық  ӛрнектермен  арифметикалық 
амалдарды орындаумен шектелсе, алгебра, геометрия, тригонометрия әлеміне енген 
сайын басқа жаңа талаптар қойылады. 
Бастауыш  сыныптарда 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және  «+»,  «-»,  «*»,  «/»  секілді 
таңбалармен қатар І, V, X, M, L, C тәріздес Рим цифрларын білумен шектелеміз. 
Ал  енді  алгебрада  латын,  грек  әріптерін  үйренуге  тура  келеді.  Міне,  осы 
әріптерді  дұрыс  жаза  және  оқи  білу  математикалық  сауаттылықты  білдіреді. 
Мұғалім бұл әріптерді үйренген күнінен бастап теңдеуді шешу X, Y, Z әріптері кӛп 
кездеседі, оның оқылуын оқушы дұрыс түсіне білуі керек. 
Бастауыш  сыныптарда  жоғарлаған  сайын  талап  та  күшейе  түседі.  Оқушылар 
геометрия  ұғымдарымен  бірінші  сыныптан  таныс  болады,  кейін  жаңа  жазулар  мен 
сызулар  кездесуі  мүмкін  және  оқытуда  арнайы  заңдылықтар  сақтау  қажет.  Түзу 
сызық жоғарыдан тӛмен, солдан оңға қарай сызылады. 
Мұғалім  оқушыны  математика  пәнінің  қыр-сырына  үйрету  үшін  оған 
математикалық  сауаттылықты  сақтау  жӛнінде  күнделікті  қатаң  талаптар  қойып, 
орындалуына мұқият зер салуы керек. Математикалық сауаттылық функциональдық 
сауаттылықтың  бір  тармағы  болып  табылады.  Сауаттылық  қызметі  –  алған  білім, 
білік,  дағдысын  күнделікті  іс-әрекетте  пайдалану  біліктілігі.  Оқушылардың 
танымдық  әрекет  амалдарын  меңгеруін  есепке  алып,  алгоритмдік  есептерден 
эвристикалық типтегі есептерге кӛшу кезінде оқу-зерттеулік есептер кӛбейе түсетін 
ӛзара байланыс түрі ӛте тиімді. 
Мен  ӛзім  сабақ  беретін  сыныбымды  рефлективтік  сұрақтар  қоя  білуге 
үйретемін.  Оқушы  жауап  беріп  қана  қоймай,  есептер,  сұрақтар  құрастыра  алуға 
үйренеді.  Ал  бұл  рефлексияны  дамытады.  Шығармашылық  белсенділігін,  бәсекеге 
қабілеттілігін  арттырады.  Математикалық  сауаттылықты  қалыптастырудың 
бастауыш  сынып  оқушылары  үшін  сыныптан  тыс  жұмыстар  арқылы  олардың 
қызығушылықтары  мен  сауаттылығын  дамыту.  Мысалы:  математикалық 
үйірмелерде  сабақтан  тыс  уақытта  тек  математикалық  сауатты  оқу  мен  жазуға, 
ұғымдары  дұрыс  қолданылып,  дұрыс  ажыратуға  кӛңіл  бӛліп,  қосымша  жұмыстар 
жүргізу арқылы қалыптастыруға болады. 
Оқушының пәнге деген кӛзқарасы әр түрлі факторлармен: жеке басының және 
пәннің ерекшеліктерімен ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында 
математикадан  сыныптан  тыс  жұмыс  түрлерін  ұйымдастырып  жүргізудің  ерекше 
маңызы зор. 
Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа тоқталайық: 
1.  Математика  –  ғылым  болмысынан  балама  ұғымдар.  Сондықтан  да 
математика барлық  ғылымдардың  логикалық  негізі  –  күре  тамыры  ретінде 
қарастырылады; 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау