№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
38
кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың атқарып жақтан қызметінің ӛсуі,
оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз етуде.
Сондай-ақ педагогтардың еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды
арттыру мәселелеріне үлкен мән берілуде. Адам баласының барлық болмысы мен
қадір-қасиетін танытатын тіл деген киелі ұғымның бүгінгі күні жер бетіндегі қай
ұлттың болса да ерекше назар аударып отырған кезеңіне ӛмір сүріп отырмыз
«Тіл – халық рухы, халық рухы – оның тілі», - деген екен атақты неміс
ойшылы, әрі тілшісі Вильгелм Гумбольдт. Қазіргі заман талабына сай шетел тілінде,
соның ішінде ағылшын, француз, неміс тілдерінде сӛйлеу қоғамда маңызды орын
алуда.
Бір ұлт ӛкілінің екінші ұлттың тілін, анығында, дәл сол ұлт ӛкіліндей жетік, әрі
таза білуі мүмкін емес. Ұлтаралық қатынастардың негізгі дәнекері – тіл. Дегенмен,
тіл туралы айтқанда оны әлеуметтік ӛмірмен, болашағымызбен тығыз байланыста
қарастыруымыз керек.
Қазақстан Республикасы – 130-дан астам ұлты бар кӛптілді мемлекет,
сондықтан қазіргі кезде шет тілі мамандарының алдында кӛптілді әлеуметке сабақ
берудің ӛзіндік ерекшеліктері мен жаңа міндеттері туындап отыр. Яғни, оқытушы –
педагогикалық
біліктілігі
мол,
шебер
ұйымдастырушы,
инновациялық
технологияларды терең меңгерген кӛптілді маман болуы қажет.
Жаhандану үдерісі, біздерден жаңа әлеуметтік-мәдени талаптар мен
мемлекетіміздің экономикасының ӛсуі шет тілін оқытуды одан әрі жетілдіру мен
жеделдетуді талап етеді.
Кӛптілділік – екі немесе одан да кӛптілді қоғамның қажеттілігі, ӛмірлік
қажеттілік.
Қазақтың: «Адамның күні – адаммен», - дейтіні сондықтан. Адамдар
арасындағы әлеуметтік байланыс тіл арқылы жүзеге асады. Ұлы мәртебелі ана
тілінің ӛзге қатынас құралынан басты айырмасы – ол адам ӛмірін түгел қамтиды.
Сондықтан да біз ана тілімізді ардақтаймыз, мақтан етеміз.
Жалпы кӛптілділік қостілділіктен басталатынын ешкім жоққа шығармас деп
ойлаймын. Қостілділік пен қоғамның ӛзара байланысы – «Тіл мен қоғам» деп
аталатын жалпы ӛзара байланысты проблеманың құрамдас бӛлігі.
Қостілділік бұрын әркімнің арманы болатын. Кӛпұлттылық жағдайында кәрі-
жастың күнделікті керегі, ӛмірлік қажеті болатын. Қазіргі кездегі физиологтар мен
психологтардың мәліметтері бойынша, қостілді білушілік – бұл тек қана лексикалық
бірліктерді іріктеу нәтижесінде тілдік материалды жинақтау мен грамматикалық
формалары мен құрылысын меңгеру ғана емес, ӛзара қарым-қатынас үшін адамның
тілдік құрылымын қайта жасау, кейін қостілділік жүйені қалыптастыруда игі
жағдайлар құру үшін бір жүйені біріңғайлауды талап етеді.
Қазақстан – әлемдік бәсеке сапындағы кӛпэтносты халық отаны. Үштілділікті
дамыту жұмысы анық болуы тиіс. Басқа тілді оқытуда да, таңдауда да Қазақстан
кеңістігінің керуенбасы тілі – мемлекеттік тіл болып қалуы керек. Дүниежүзілік
тілдер санатындағы орыс тілі мен ағылшын тілін елімізде қазақ тілі негізінде
бағдарламай оқытсақ, онда үштілділік емес, жеке-жеке үш біртілділік пайда болар
еді.
Қазіргі кезеңде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім
берудің алдыңғы қатарлы озық тәжірибелері қолданылуда. Білім беру саласының
барлық бағыттарында жаңа буын оқулықтары мен әдістемелік кешендерге кӛшу тағы
басқа жүйелілікпен қарастырылып, қалыптасуда.
Кӛптілділік әлеуметтік-тарихи құбылыс ретінде нақты жағдайларда пайда
болады. Тілдің тарихы – халық тарихының кӛрінісі деп бекер айтпаған.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
39
Халықтардың даму жолы тілдердің даму жолымен айқындалады. «Ӛзге халықтың
тілі мен мәдениетін білу адамды сол халықпен теңестіреді, ол ӛзін еркін ұстайды,
егер де сол халықтың күресі мен қамқорлығы оның жүрегіне әсер етсе, ол ешқашан
да шет қалмайды. Адамның табиғаты осындай», - деп ұлы Абай айтқан.
Тіл – халықтың жаны. Біздің кӛпұлтты мемлекетімізде бір тілді басқа тілден,
бір мәдениетті басқа мәдениеттен бӛліп алу мүмкін емес.
Әр ұлт ӛкілдері ӛздерінің тілін, мәдениетін, ұлттық ділін жоғары биіктіктерге
кӛтеруі айқын. Ұлы Абай атамыздың: «Егер де адам ӛз халқының шет болмай, ӛз
халқының басқа халықтармен достық қатынаста болуын тілесе, ол – саналы, адал
адам». Кӛптілді тұлғаны тәрбиелеуде, оқыту үдерісінде дәстүрлі және жаңа оқыту
әдістері: диалог, әңгіме ойын тҥрлері, оқып жҥрген тіл уәкілдерімен кездесу
тәсілдерін қолданған жӛн.
Шет тілін жетілдіре және жеделдете оқытуда ең бірінші білім берудің
инновациялық педагогикалық технологияларын меңгерген, ізденушілік, зерттеушілік
және шығармашылық қызмет дағдыларын дамытуымыз қажет. Мектеп
қабырғасында шәкірттің бойына терең білім берумен қатар ӛзге ұлт ӛкілдеріне
толеранттылық қасиеттерін қалыптастыруда мұғалімнің атқарар рӛлі зор.
Ұрпағымыздың кӛптілді тұлға, азамат болып ӛсуі, жаhандану үдерісінен туындап
отырған уақыт талабы.
Қазіргі таңда педагогика ғылымының басты мақсаты тек іргелі білім беруде
ғана емес, сондай-ақ біліктілігін ӛз бетінше жетілдіре алатын, шет тіліндегі
ақпараттық ресурстарды ӛз бетінше тауып, талдап және тиімді пайдалана алатын
азаматтарды тәрбиелеу.
Қорыта келе ой түйгенім, ӛзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге
сегіз қырлы, бір сырлы қасиет иесі болуды міндеттейді. Кез-келген тұлға тіл арқылы
әмбебап, ғаламдық құндылықтарды таниды, кӛрші мәдениет ӛкілдерімен ӛзара
әрекеттестік орнатады және әлемдік кеңістікке ене алады.
Қазақстандағы тілдердің үштұғырлылығы – елімізді, оның әлеуетін ары қарай
нығайтуға бағытталған концепция. XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды
инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің
басты нышаны болып табылады.
Орта мектепте үш тілді оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген
қызығушылығымен бірге сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі,
бір-бірінен қалғысы келмей, емін-еркін сӛздерді қайта-қайта айтуда, бір-бірімен
ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижеге жетелейді.
Әдебиеттер
1
МахмутовМ.И.Проблемноеобучение.Основныевопросытеории.–
М.:Педагогика,1975.–368с.
2МееровичМ.И.,ШрагинаЛ.И.Технология творческогомышления. – Минск,
2003. – 205 с.
3 Ӛзіндік таным. – №2. – 2007; №№5-6. – 2006.
Резюме
В современном этапе требованием к обучению являются высокое
интеллектульноеразвитие, в том числе непрерывное обучение учащихся,
направленное по-мировому обучению и воспитанию детей.
В работе рассмотрено представление замысла многоязычия, так же методы и
приемы организации учебной деятельности.
Достарыңызбен бөлісу: |