№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
44
ЖУРАБАЕВА Махаббат Сейтуллиновна,
№93 жалпы орта мектебі «Биология» пәнінің мҧғалімі, Ақсукент ауылы,
Сайрам ауданы, Оңтҥстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
«БИОЛОГИЯ» САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ,
БІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарғы білім беру жүйесін
ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологиялар кӛмегімен білім берудің
тиімділігі мен сапасын кӛтеру мақсатында ұсынған мемлекеттік бағдарламасын
жүзеге асыру педагог-ғалымдардың алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі болып
табылады.
Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияны пайдалану қажеттілігі бүгінгі
күннің әлеуметтік-экономикалық талаптарынан туындап отыр. Кӛп жылдан бері
қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру әдісіне ақпараттық технологияның жаңаша
ӛзгерістер мен идеологияларды қосатынына сенім мол.
Сабақ үстінде электрондық оқулықты қолдану мақсатында мәліметтер қорын
яғни, білім, ақпарат, терминдер, ұғымдар, кестелер, графиктер, диаграммалар,
суреттер қолданылады.
Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие
беру, ӛз ӛміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін
әлеуметтендірудің маңызы зор.
Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру –
қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы
білім жүйесін дамытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы
зор.
Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми-технологиялық негізде
оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы
кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау
оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру
үрдістерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға
қалыптастыруды талап етеді.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай,
ӛздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз ӛз бетінше ӛрлеуіне қажеттілік
тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден ӛз
мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн
қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең
кӛкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
«Биология» сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдаланудың тиімділігі:
- оқушының ӛз бетімен жұмысы;
- аз уақытта кӛп білім алып, уақытты үнемдеу;
- білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
- шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру
арқылы жүзеге асыру;
- қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- экономикалық тиімділігі;
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
45
- іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
- қарапайым кӛзбен кӛріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе
нәтижелерін кӛріп, сезіну мүмкіндігі;
- оқушының ой-ӛрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқытушы
сабағында
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде кӛрсете біледі. Ақпараттық-
коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп
ойлаймын.
Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті
сабаққа компьютер, электронды оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай
нәтиже беруде. Білім берудің кез-келген саласында «Электрондық оқулықтарды»
пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай,
логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына
жағдай жасайды.
Осы орайда, «Биология» пәнін оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық
технологияларға интерактивті оқыту құралдарымен электрондық оқу құралдарын
жатқызуға болады. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты оқыту үрдісін
үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін
дамыту.
Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне, бұрынғы алған
білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қалаған тақырыптары
бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалық жұмыстарды
орындауға дағдыланады.
Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер бейнекӛріністер кӛрсетуге, дыбыс
және музыка тыңдауға болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен
әлдеқайда әсерлі, әрі тиімді.
Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық құралдардың атқаратын
рӛлі зор. Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың
пәнге деген қызығушылығының артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдер
ӛздеріне қажетті әдістемелік материалдарды, кӛмекші құралдарды молынан ала
алады.
Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын меңгеруге, ӛзін-ӛзі бағалауға
мүмкіндік береді. «Биология» пәніне арналған электрондық оқулықтың тест бӛлімі
арқылы пән курсы бойынша оқушы толық ақпарат алып, ӛз білімін тексере алады.
Компьютер оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа
материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және
дағдыларын бақылағанда. Оқытушыға оқушылардың әрқайсысының жұмыстарын
бақылауға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі тӛмен оқушылармен жеке
жұмыс жүргізуге болады. Сабақтан тыс уақытта оқытушы компьютер жадына
сақталған оқушылардың жұмыстарын саралап, талдау жасау арқылы олардың
тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға, сол арқылы бағалай алады.
Презентация ұғымы ӛзінің толық мағынасында (лат. тапсырамын немесе
ағыл. – ұсыну) ӛзін кӛрсету, баяндама, жобаны, ессп беруді қорғау, жұмыс
жоспарын, дайын ӛнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сұрауларды және
басқа да кӛптеген дүниені ұсыну, таныстыру.
Қорытып айтқаңда, ойды, адамдар мен ӛнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін
ұсыну – бұл әрдайым презентация.
Слайд – ол күрделі объект. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер,
графикалык
кескіндемелер,
ұйымдастыру
сызбалары,
дыбыс
үзінділері,
Достарыңызбен бөлісу: |