№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
42
түрлендіреді және қызықты етеді, балаларды әр түрлі жаңа технологияларды
пайдалануға үйретеді.
Мультимедиялық технологиялар – әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, ӛңдеу,
біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды
пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес
компьютердің ӛркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық,
динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске
асырады. «Мультимедия» термині латын тілінің «multi» (кӛп) және «media» (орта)
сӛздерінің бірігуінен құралған, яғни «ақпараттық орта» деген мағына береді.
Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін
тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық
ақпаратты – бағдарламалық құрал.
Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну
технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген
материалдың 25%-ы, кӛру арқылы 33%-ы, кӛру-есту арқылы 50%-ы, ал
мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы кӛмегімен берілген материалдаң
75%-ы есте сақталады екен.
Мультимедияның ажырамас бӛлігі болып табылатын лазерлік дискілерде
жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сӛздіктер оқыту процесінде
ерекше орынға ие. Мысалы, электрондық сӛздіктерде әрбір сӛздің аудармасы ғана
емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады. Оқыту процесінде
мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Тарих» сабақтарында мультимедиялық
презентацияларды әрбір мұғалім кеңінен пайдаланып жүр. Олар мұғалімге де,
оқушыларға да қолайлы. Презентацияларға мәтінмен бірге суреттер, графиктер,
кестелер, бейнекӛрініс және музыкалық сүйемелдеулерді кірістіру қажет.
Мультимедиялық презентациялардың артықшылықтары мынадай:
1) барлық оқушылардың зейінін белсендіреді;
2) оқушылардың сыныптық және сыныптан тыс жұмыстарын
байланыстырады;
3) оқу уақытын үнемдейді;
4) презентацияға интерактивті тақтаны қолдану және лексикалық,
грамматикалық, фонетикалық материалдарды кӛрнекті жүйелеуге мүмкіндік
жасайды және барлық тілдік әрекеттерді
оқытуға тірек болады;
5) түрлі мәтіндік аудио және бейнекӛрнекіліктерді қиыстырады.
«Қазақ тілі» және «Тарих» сабақтарында интерактивті тақтаны үнемі
пайдаланамыз. Бұның тиімді жағы кӛп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен
сызбалар, анимациялық кӛріністер, оқушыларды машықтандыру (практикалық және
тәжірибелік) фильмдері, анықтама сӛздік, оқушы білімін бекітетін дидактикалық
материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың ӛзіндік жұмыстары
(сӛздік диктант, диктант) оқушы білімін бақылауда және оқушының ӛз бетінше
ізденісін туғызуда кӛмегі зор.
Сонымен қатар интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтарды
пайдалану ӛте ыңғайлы. Ал білім берудің кез келген саласында «Электрондық
оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана
қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне
жағдай жасайды. Әлі де білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе
оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі
ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу
мүмкін емес.