2-китап indd


“Қазақ тілін латын жазуына көшіру”



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет63/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

“Қазақ тілін латын жазуына көшіру”
деген идея қазақ 
зиялыларының арасында еліміз егемендік алған күннен бастап-ақ сөз 
болып келеді. Бұл бойынша алғаш пікір білдіргендердің бірі – осы 
мақаланың авторы еді. 15 жылдан астам тарихы бар бұл идеяға түрткі 
болған 1991 жылы Қазақ елінің егемендік алып, тәуелсіз мемлекет 
болғандығын елден бұрын жарты сағаттан кейін мақұлдап, аса зор 
қуанышпен қарсы алған Түркия мемлекетіне іссапармен барған бірінші 
президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы сол елдің жұртшылығымен, сонда 
жасайтын қара көз бауырларымызбен кездесу үстінде “Қазақстан латын 
жазуына өте ме?” деген сауалына орай ол:
“Егер халқымыз қалап жатса, ғалымдарымыз оның қажеттігін 
дәлелдеп жатса, оған көшуге мен қарсы емеспін!”
– деген болатын.
Мәселені алыстан байыптап, алды-артын ойланып шешетін сабырлы 
саясат сардарының сондағы өзінің жауабын міне, енді ғана, 15 жылдық 
егемендіктен кейін ғана, егемендік алған басқа елдердің тәжірибесін 
байқап, өз елінің экономикалық және мемлекетінің рухани жағдайын 
жоғары көтеріп, алға шығарып, күн тәртібіне қойып отыр.
Мұны біз сабырлы саясаттың салиқалы шешімі деп білеміз.
Латын жазуына көшуді қолдаушылар мен оған қарсылардың 
уәждерінде де екі түрлі салмақ жатқан сияқты. Солардың кейбіреулерін 
атап өтейік:
Қандай мәселеге байланысты болмасын, ұжымдық санамызды бір 
арнаға түсіру өте қиын. Жазу мәселесінен де біз соны көріп отырмыз. Әр 
топтың ұсынып отырған өз уәжі бар. Оның дұрыс-бұрыстығы екінші мәселе. 
Осыған орай мына мәселелерді салыстырып көрейік:
1. Жазуымызды латынға көшіріп, оның барлық проблемаларын 
шешіп, идеяны іс жүзіне асыру тек мемлекеттің қолынан келетін өте 
күрделі әрекет. Жеке адам кей пікірлерді дұрыс айтса да, аталмыш 
күрделі мәселені оның жеке басы іс жүзіне айналдыра алмайды. Ол 
әрекет өкімет қолдағанда, көпшілік жақтағанда ғана іске аса алады.


128
Сондықтан да болар, бұл идеяны көтеріп, көптен бері қолдп келе 
жатқандардың бірі ретінде – біздің әр кезде қайталап айтып жүрген 
пікіріміз де, міне, осы. Сабырлы саясаттың принциптері негізінде 
бұл мәселе 15 жылдан кейін жүзеге асқалы отыр.
2. Үйреніп қалған кириллицаны латынмен ауыстырудың қажеті 
бар ма? Бар екенінде, біздің ойымызша, дау жоқ. Қазақ тілінде тұрақты 
ұлттық жазу қалыптастыру үшін латынның фонетикалық алфавиті 
қолайлы. Кириллица болса, о бастан-ақ қазақ тілінің жазуын орыс 
тіліне жақындастыру мақсатымен “қалай айтылса, солай айт, қалай 
жазылса, солай жаз!” принципін ұстануға шақырды. Бір фонеманы 
бір таңбамен беру принципі бұзылып, алфавит 42 таңба түрінде 
ұсынылды. Демек, ғылыми тұрғыдан, орыс (кирилл) жазуы жалпы 
түркі тілдерінің, соның бірі – қазақ тілінің табиғатына сай емес, 
олардың барша өзіндік ерекшеліктерін ол толық көрсете алмайды. 
Әрбір түркі тілінде орыс әліпбесіне қосымша етіп алынған таңбалары сол 
тілдердің бір текті дыбыстарын әр түрлі белгілеп, олардың туыстығына 
нұқсан келтіріп, жігін ажырата бастады.
3. “Алфавитті ауыстыр” идеясы, “латын алфавитіне көшу” идеясының 
орнына “қай алфавитті таңдап алу қажет” деген идеямен шатастырылып, 
кейбір азаматтардың қиналатындары да кездесіп қалады.
Қалай болса да, бұлардың бәрі өкімет шешетін мәселе. Құдайға 
шүкір, кешегі күн емес, бүгінгі елімізде экономикалық жағынан жазу іс-
шараларын толығымен қамтамасыз етуге мүмкіншілік жеткілікті. Ал қай 
жазуда болмасын өз сауатын ашқан үлкен-кіші азаматтардың баршасы 
ғұмырының аяғына дейін сол сауатын жоғалтпайтыны белгілі,
Жазу ауыстыру бір сәтте ғана жүзеге асатын әрекет емес. Ол 
сатыланып, белгіленген бағдарлама бойынша бірнеше жылдың (10-15 
жылдың) барысында жүзеге асатын жоспарлы шаруа. Бұл жағынан бізге 
өз тәжірибесін көрсетіп отырған Әзербайжан, Түркменстан, Өзбекстан 
т.б. республикалар бар.
4. Жазу ауыстырудың тағы бір басты мақсаты, кейбіреулердің 
ойлайтынындай, еріккеннің ермегі де емес, жазуын өзгерткен елдерге 
еліктеу де емес, АҚШ, Ұлыбритания дәстүрін уағыздау да емес, қоғамдық 
дамудың заңды талабына сай, жер жүзіндегі ілгері дамыған 50 елмен 
Қазақстанның бәсекелесе дамуына, жаһандану процесінің дүмпуіне 
ілесіп, оның тайқазанында бір жапырақ ет болып емес, тас түйін берік, 
бір бүтін ұлт болып қалыптасуымызға қажет шаралардың бірі болмақшы.
5. Жазу ауыстырудың тағы бір басты міндеті жер жүзінде күн санап 


129
өсіп, дамып отырған коммуникациялық процестердің технологиясына 
(компьютер, интернет, электропошта т.б.) латын жазуы арқылы еркін 
араласу мақсаты.
Республикамыздың ішкі-сыртқы әлеуметтік жағдайына байланысты 
жазу ауыстырудың тағы бір міндеті – қазақ халқының бастан кешірген 
тарихи тауқыметіне байланысты. Дәл қазір 3 қазақтың біреуі, яғни 
барша қазақтың 3/1 Қазақстаннан тыс жерлерде жасап, әр жерлерде әр 
түрлі жазуды (ҚХР мен Иранда – арабтың төтенше жазуын, Қазақстан, 
Өзбекстан және Ресейде – кириллицаны, Түркия және барлық Еуропа 
мемлекеттерінде – латынды) пайдаланып, бір-бірін түсінуден қалып, 
тәркіленіп бара жатыр. Өзбекстандағы қазақ бауырларымыздың балалары 
латын жазуын меңгермегендіктен келесі жылдан бастап, өз елінде жұмыс 
істеу мүмкіншілігінен айрылмақшы.
Осы аталған факторлардың барлығы латын жазуына ауысудың 
қажеттігін тудырып отыр. Және бұл әрекет, кейбіреулердің 
ойлайтынындай, тым оңай да емес, түңіле қарайтын қиын да емес. Оны 
орындау қоғамдағы адамдарды өзара жақындастыра, біріктіре түсетінін 
елбасы дұрыс айтып отыр. Әріп таңбаларын оқуды, жазуды меңгеру 
қиындық туғызбаса да, оның емле қағидасын жетік үйрену кейбір 
қиындықтарды тудыруы мүмкін. Бәрімізге де ерінбей, еңбектенуге тура 
келеді.
Латын жазуына ауысудың түпкі мақсаты 30 шақты ірілі-кішілі елдің 
3-4-де ғана емес, мүмкін болса, біртіндеп бәрінде де болғаны абзал. Сонда 
ғана түркі әлемі өзінің көне де ортақ рухани байлығын, құндылығын 
танып-білуге мүмкіндік алады.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл таңбалайтын, технологиялық 
өзекті мәселе, әлем жұртшылығы арасында кең тараған латын әліпбесіне 
көшу мәселесін көтеріп отырған елбасының ұсынысын бір ауыздан 
қолдауымыз керек, халайық!
«Егемен Қазақстан». 2006,1 желтоқсан.

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау