|
Xx ғасырдың басында салыстырмалық принципі
|
Дата | 09.06.2022 | өлшемі | 65,93 Kb. | | #38881 |
| реферат
XX ғасырдың басында салыстырмалық принципі оптика мен физикаға және физикалық басқа салаларына қатысты екендігі белгілі болды. Салыстырмалық принципі өзінің мэнін кеңейтіп, мынадай анықтамаға ие болды: оқшауланған материалдық жүйеде кез келген процесс бірдей жүреді, және ол жүйе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс жағдайында болуы керек. Немесе физиканың заңдары бар-лық инертті жүйелерде бірдей формаға ие.
Бір инертті жүйеден келесіге ауысу Лоренц қайта өзгертулері арқылы жүзеге асырылады. Бірақ жарық жылдамдығы түрақтылығы туралы мәліметтер қайтадан жаңа түсініктерді қажет ететін мәселелерге әкеліп тіреді. 1904 жылы X. Лоренц қозғалыстағы дене өзінің қозғалыс бағыты бойынша қысқаратындығъын және әртүрлі жүйелерде байқалатын уақыт аралықтары өлшенетінін айтты. Бірақ, келесі жылы А.Эйнштейн Лоренц қайта құруларындағы байқалатын уақытты нақты уақыт ретінде қарастырды.
Салыстырмалылық теорияның негізін қалаған – Альберт Эйнштейн болған болатын. Бұл теориясының екі түрі бар:
1.Арнайы салыстырмалылық теориясы
2. Жалпы салыстырмалық теория.
Ж алпы салыстырмалылық теориясында кеңістік- уақыт қатынастарының материалдық процестерге қатысының жаңа жақтары ашылды. Жалпы салыстырмалылық теориясы инерциялық және гра-витациялық массалардың эквиваленттік принципінен шығады. Атап айтқанда, массалардың эквиваленттік принципінің негізінде салыстырмалылық принципі қалыптасты, ол жалпы салыстырмалылық теориясында табиғат заңдарының инварианттылығын бекітті
Жалпы салыстырмалылық теориясының болжамдарының бірі - өте күшті тартылыс өрісінде уақыттың толық тоқтайтындығы туралы. Тартылыс күші артқан сайын уақыттың баяулауы да күшейе түседі. Уақыттың баяулауы жарықтың гравитациялық қызыл орын ауыстыруы арқылы байқалады да, толқындар үзындығы артқан сайын оның жиілігі азая береді. Белгілі бір жағдайда толқын ұзындығы шексіздікке, ал жиілігі нөлге ұмтылады.
Арнайы салыстырмалық Лоренцтің заңына бірнеше өзгерістерді алып келді:
Уақыттың кеңеюі (танымал «егіздердің парадоксы»)
Жылдамдықты өзгерту
Релятивистік жылдамдықты қосу
Релятивисттік допплер әсері
Бір мезгілде және сағаттық синхрондау
Релятивистік серпін
Релятивистік кинетикалық энергия
Релятивистік массасы
Релятивистік жалпы энергия
Арнайы салыстырмалылық теориясы –кеңістіктің біртектілігін және және изотроптылығын, уақыттың біртектілігін бейнелейтін кеңістік пен уақыт жөніндегі физикалық теория.
2. Эйнштейн постулаттары
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|