1
Алматы
«Сардар» баспа үйі
2014 жыл
Мақалалар, баяндамалар жинағы
2
Қ 23
ӘОЖ 81 373
КБЖ 81. 2 Қаз - 3
Қ 23
Қайдар Әбдуәли.
Ғылымдағы ғұмыр
. Мақалалар, баяндамалар
жинағы – Алматы: «Сардар» баспа үйі 512– бет, 2014 жыл.
ISBN 978-601 – 7174- 42- 2 - Т.2
ISBN 978-601 – 7174- 44- 6
Жинаққа белгілі тіл маманы, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА
академигі Әбдуәли Қайдардың әр жылдары газет, журнал беттерінде жарық көрген
мемлекеттік тіл, көп ұлтты Қазақстан жағдайындағы қазақ және орыс тілдерінің
қызметі, тіл білімі тарихы, тіл құрылысына арналған ғылыми мақалалары мен
баяндамалары алғаш рет топтастырылып беріліп отыр.
Бұл еңбек қазақ тілінің бай қазынасын тереңірек білгісі келетін миллиондаған
оқушы, студент жастар мен зиялы қауым және қалың жұртшылыққа арналған.
ӘӨЖ 81. 373
КБЖ 81.2 Қаз – 3
© Қайдар Ә., 2014
© «Сардар» баспа үйі, 2014
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Тіл комитетінің тапсырысы бойынша
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен
қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы» аясында шығарылды
ISBN 978-601 – 7174- 44- 6 - Т.2
ISBN 978-601 – 7174- 42- 2
3
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақ тілін түбегейлі, терең зерттеу арқылы ұлттың болмысын
танытқан, ана тілінің қоғамдағы орнын анықтап, мемелекеттік тілдің
мәртебесін жоғары деңгейге көтерген, аса көрнекті ғалым – ҚР Ұлттық
Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы,
профессор, ҚР еңбек сіңірген Ғылым қайраткері Әбдуәли Туғанбайұлы
Қайдар.
Қазақ ғылымының қара шаңырағы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтында өтіп жатқан алпыс жылдан астам уақыт ішінде
Ә.Т.Қайдар аспиранттан академикке дейінгі қызығы мен қиындығы мол
жолды бастан өткеріп, іскер басшы, білікті ғылыми жетекші, ғылым
болашағын болжай алатын талантты ұйымдастырушы ретінде танылды.
Ғалымның жалпы түркітану ғылымына, соның ішінде, әсіресе
қазақ тіл білімі мен түркітану саласына қосқан нақтылы үлесі мен
сіңірген еңбегі оның жариялаған 700-ден аса (жалпы көмегі 1000 б.т.
астам) зерттеулерінен, оларда көтерілген сан алуан (50-ден астам)
лингвистикалық проблемалардың қажеттілігінен де, тақырыбынан да
айқын көруге болады.
Ғалымның Қаңлы: тарихи шежіре»(Алматы, 2003) атты көлемді
монографиясы мен Қазақ қандай халық?»(Алматы, 2008) атты
монографиясы және 3 томдық Қазақтар: ана тілі әлемінде» атты
этнолингвистикалық сөздігі (2009; 2013) келешек ұрпаққа ұлттық
қасиеттерімізді басқа бұлақтардан емес, тек тіл бұлағынан ғана сусындай
білудің нақты дәйегін көрсетеді. Соның бір нақты айғағы академик
Ә.Қайдардың лексикография саласындағы еңбектері: Ұйғырша-орысша
лингвистикалық сөздік, «Қазақша-орысша бір буынды түбірлер сөздігі
(1986), Уйгурско-русский словарь»(1961), Қазақ тілінің қысқаша
этимологиялық сөздігі»(авт. бірі) (1966), Тысяча метких и образных
выражений: казахско-русский фразеологический словарь с этнолингвистическими
пояснениями»(Астана, 2003), Халық даналығы (қазақ мақал-
мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу)»(Алматы, 2004), Қазақ
тіліндегі қос сөздер: зерттеу және сөздік»(Алматы, 2013) т.б.
Академик Ә.Қайдар өзінің үздік өнегесімен ғана емес ғылымда еліміздің
рухани-мәдени, саяси-әлеуметтік, білім мен ғылым жүйесіндегі ғылыми
зерттеу мен кадр дайындауды ұйымдастыру, тіл саясаты мен мемлекеттік
тілдің қызметінің жүзеге асырылуы ісіне қоғам қайраткері ретінде де
4
белсене араласып, азаматтылықтың жоғары деңгейінен көрініп келеді.
Мұны ғалымның 60 жыл бойы атқарып келген, әлі де жалғастырып
отырған еңбек жолы айқын көрсетеді.
Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беруге бағытталған тіл саясатының
қалыптасуына академик Ә.Қайдардың тіл маманы, қоғам қайраткері
ретінде ат салысқаны қалың жұртшылыққа белгілі. Ә.Қайдар тіл
тағдыры, тіл экологиясы, тіл заңы, жазу мен тіл мәдениеті, тіл
бағдарламасы сияқты көптеген күрделі мәселелерді көтерді. Халықаралық
«Қазақ тілі қоғамын құрып, оның президенті ретінде Республикада тіл
саясатының қалыптасуына ықпал жасады. Ғалымның назарынан ұлттық
тіліміздің бүгіні мен болашағы да тыс қалған жоқ. Ол ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың атына жазылған ашық хатында (Кемел елге – кемел
әліпби керек Ана тілі, 1993, 30 желтоқсан) латын әліпбиінің жобасын
жариялап, соған көшуді ұсынған. Сонымен қатар, жинаққа қазақ тілі
алфавитіне қатысты ғалымның жариялаған еңбектері мен іс-әрекеттері,
пікірлері мен ұсыныстары қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына
байланысты мақалалары енгізілді.
Жинақта академик Ә.Қайдардың көтерген нақтылы мәселелерін, атап
айтқанда: мемлекеттік тіл және тілдің әртүрлі мәртебесі мен қоғамдағы
қызметі: бір тілділік, қос тілділік, көп тілділік, мемлекеттік қос тілділік,
ресми тіл, ұлтаралық тіл, халықаралық тіл, ортақ тіл, т.б., тіл
тағдыры, тіл экологиясына байланысты: ана тілі үшін күрес, мемлекеттік
тілдің болашағы, орыс тілінің қоғамдағы орны, ана тілін меңгерудің
деңгейі (соның ішінде 40 процент мәселесі), жазу мен тіл мәдениеті,
ғылым тілі; сондай-ақ тіл заңы, тіл бағдарламасы, тіл тұжырымдамасы
және олардың орындауы туралы; Қазақ тілі»қоғамының атқарған
қызметі, жұртшылықтың жалпы тілге, соның ішінде мемлекеттік тілге
деген көзқарасы, іс-әрекеті т.б. сонымен қатар, тіл білімі тарихына
қатысты көптеген тілдің өзекті мәселелері қамтылған.
Бүгінде 90 жас жасап отырған ғалым Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың
жарты ғасыр барысында жарияланған мақалаларын тақырыптық
топтарға бөліп, бүгінгі оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Сөз соңында осы еңбектің өз деңгейіне сай сапалы болып шығуына
белсене атсалысқан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
басшылығы мен шәкірттері – филология ғылымдарының докторы, профессор
Ж.Манкееваға, филология ғылымдарының кандидаты Э.Өтебаеваға,
магистр Г.Тлегеноваға зор алғысымызды білдіремі
з.
5
ТІЛ САЯСАТЫ
«Тіл саясаты» деп, айтқалы отырғанымыз әдеттегі ұлт тіліне,
не жалпы тілдерге қатысты мемлекет ұстанып, жүргізіп отырған
саясатының (принциптері мен бағыт-бағдары, үрдісі мен жүргізіп
отырған іс шаралардың, т.б.) өзі емес, сол саясатқа қатысты тіл ғылымың,
тілші ғалымдардың атқаратын рөлі, ұстанған өзіндік принциптері
мен нақтылы іс-әрекеттері, яғни академик Ә.Қайдардың осы саясатқа
тікелей араласуы.
Кешегі советтік дәуірде, ғылымның партиялық принциппен,
идеология үрдісімен дамыған кезінде де барша ғалымдар мемлекет
ұстанған саясат бойынша зерттеу жүргізіп келгені белгілі. Тіл
саласындағы ол саясат ұлттық тілдердің еркін дамуын ұрандатып
жарияласа да, іс жүзінде «өзара жақындасып барып, бір ортақ тіл
төңірегінде бірігу» деген идеяны іске асыра бастады. Соның салдарына
көп тілдер қоғамдық өмірден тәркіленіп, толыққанды тіл болудан қала
бастаған еді. Солардың бірі – қазақ тілі болатын.
Желтоқсан оқиғасынан кейін өз тіліне деген ұлт санасының
сергіп, оның тағдырына қалың жұрт араласа бастады. Қазақ тілін бұл
нәубеттен сақтап қалудың бірден-бір жолы оған мемлекеттік мәртебе
беру керек деп түсінген қауым тіл саясатын өзгертуге әрекеттенді. Осы
жалпыхалықтық әрекеттің басы-қасында кезінде акад. Ә.Қайдар және
онымен пікірлес қауым болып, ол құрған Халықаралық «Қазақ тілі»
қоғамы республикада тіл саясатының қалыптасуына ықпал жасағаны
мәлім.
Бұлардың бәрі өз алдына тарих, әрине. Алайда осы жаңа тіл
саясатының қалыптасуына академик Ә.Қайдардың тіл маманы ретінде,
қоғам қайраткері, тұғыры биік азамат ретінде белсене атсалысқаны
қалың жұртшылыққа белгілі. Басқа іс-әрекеттерін айтпағанның өзінде,
«
Достарыңызбен бөлісу: |