19
ХҚЕС (IAS)
©
IFRS Foundation
23
Тану және бағалау: жоспар активтері
Жоспар активтерінің әділ құны
113
Артылу немесе дефицитті анықтауда жоспар активтерінің әділ құны белгіленген төлемдері бар
сыйақы міндеттемелерінен шегеріледі.
114
Жоспар активтері қордан есептілік тапсырушыұйымға төленбеген салымдарды алып тастайды, ұйым
арқылы шығарылып, қор арқылы ұсталып отырған өткізілмейтін қаржы құралдарының мысалында.
Жоспар активтері қызметкерлердің еңбекақысына қатысты емес барлық міндеттемелер арқылы
төмендетіледі., мысалы, туынды қаржы құралдарынан туындайтын міндеттемелер, сауда және басқа
да төлемдер.
115
Егер жоспардың активтері, жоспар бойынша сыйақыларға есептелетін кейбір немесе барлық шамалар
бойынша дәл сәйкес келетін белгілі бір жағдайларды қанағаттандыратын сақтандыру полистерін
қамтыса, көрсетілген сақтандыру полистерінің әділ құны ретінде, тиісті міндеттемелердің
дисконтталған құны қабылданады (егер сақтандыру полисі бойынша алынуға тиісті сома толықтай
өтелмесе, азайтылуыға жататын сома).
Өтемақылар
116
Егер белгіленген төлемдері бар сыйақы міндеттемелерді есептеу үшін басқа тараптың кейбір
немесе барлық шығындарды өтеуі белгілі болса, ұйым келесіні орындайды:
(a)
өтемақылық құқығын жеке актив ретінде таниды. Ұйым барлық активтерін әділ
құнмен бағалауға міндетті.
(b)
жоспары активтерінің әділ құнмен бағалануындағы өзгерістермен бірдей, өтемақылық
құқығының әділ құнындағы өзгерістерді таниды және бағалайды (124 және 125
тарауларын қараңыз). 120-тарауға сәйкес танылған белгіленген төлемдері бар сыйақы
шығындарының құрамы өтемақылық құқығының баланстық құнындағы
өзгерістердің сомасына қатысты танылуы мүмкін.
117
Кейде ұйым басқа тараптың белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспары бойынша міндеттемелерін
реттеу үшін қажетті шығысының бөлігін немесе барлығын төлеу мүмкіндігін қарастыра алады. 8-
тарауда айқындалған белгі бір талаптарды қанағаттандыратын сақтандыру полистері жоспардың
активтеріне жатады. Ұйым осындай сақтандыру полистеріне қатысты жоспардың басқа активтері
үшін пайдаланылатын осыған ұқсас есепке алу тәртібін қолданады және 116-тарауын қолданбайды
(46-
49 және 115-тарауларды қараңыз).
118
Сақтандыру полисі белгілі бір талаптарды қанағаттандыратын сақтандыру полисі болып табылмаған
жағдайда, осындай полис жоспар активі болып табылмайды. 116-тарауда мынадай жағдайлар
қарастырылады. Ұйым осы сомаға 140(b)-тарауға сәйкес танылатын белгіленген төлемдері бар
жоспар бойынша міндеттемелердің көлемін азайту орнына жеке активтер ретінде сақтандыру
полистері бойынша өтемақы алуға өз құқығын таниды; ұйым басқа барлық аспектілерде осы активке
жоспар активтері үшін пайдаланылатын тәсілдерді қолданады.
119
Егер белгіленген төлемдерімен жоспар бойынша төленетін кейбір немесе барлық сыйақы сомасына
және мерзімдеріне сәйкес келетін сақтандыру полисі бойынша әділ құнымен өтемақы алу құқығы
туындаса, өтемақы алуға құқығының әділ құны тиісті міндеттемелердің дисконтталған құны болып
саналады (егер өтемақы толығымен төленбесе, азаяды).
Белгіленген төлемдері бар сыйақы шығындары
120
Ұйым басқа ХҚЕС (IFRS) талап ететін немесе активтің құнына қосуға рұқсат беретін
жағдайдан басқа, белгіленген төлемдері бар сыйақы міндеттемелерінің құрамын тануы тиіс:
(a)
пайда немесе шығындағы қызметтің құны (66–112-тарауларын қараңыз);
(b)
пайда немесе залалдағы белгіленген төлемдері бар таза сыйақы міндеттемелері (актив)
(123–126-
тарауларын қараңыз); және
(c)
басқа жиынтық табыстағы белгіленген төлемдері бар таза сыйақы міндеттемелерінің
(актив) қайта бағалануы (127–130-тарауларын қараңыз).
121
Басқа ХҚЕС (IFRS) қызметкерлердің кейбір сыйақы шығындарын босалқылар және негізгі құрал
мияқты актив шығынына қосуды талап етеді (2 ХҚЕС (IAS) және 16 ХҚЕС (IAS) қараңыз). Осындай
19
ХҚЕС (IAS)
24
©
IFRS Foundation
активтердің құнына қосылған кез келген қызмет аяқталудан кейінгі сыйақы шығындарының 120 -
тарауда тізілген компоненттердің сәйкес үлесі бар.
122
Басқа жиынтық табыстағы белгіленген төлемдері бар таза сыйақы міндеттемелерінің (актив)
қайта бағалануы келесі кезеңдерде пайда мен залалға қайта жіктелмеуі тиіс. Дегенмен, ұйым,
басқа жиынтық табыста танылған сомаларды меншікті капиталдың ішінде өткізуі мүмкін.
Белгіленген таза сыйақы міндеттемесінің (активтің) таза пайызы
123
Белгіленген таза сыйақы міндеттемесінің (активтің) таза пайызы 83 -тарауда көрсетілгендей,
жылдық есептік кезеңнің басында анықталған белгіленген таза сыйақы міндеттемесін
(активті) дисконт мөлшерлемесіне көбейту арқылы анықталады.
124
Белгіленген таза сыйақы міндеттемесінің (активтің) таза пайызын жоспар активтерінің пайыздық
кірісі, белгіленген сыйақы міндеттемелерінің пайыздық шығыны және 64-тарауда көрсетілген активің
жоғары деңгейінің әсерінің қосындысы ретінде қарастырады.
125
Жоспар активтерінің пайыздық кірісі жоспар активтерінің қайтарымдылығының құрауышы болып
табылады және жоспар активінің әділ құнын 83-тарауда көрсетілген дисконт құнына көбейту арқылы
анықталады, және жылдық есептің кезеңнің басында анықталғандай, салымдарды салу мен
сыйақыларды төлеу кезеңінде жоспар активтерінде болған әрбір өзгерісті есепке алады. Жоспар
активтерінің пайыздық кірісі мен жоспар активтерінің қайтарымдылығының айырмашылығы
белгіленген сыйақы міндеттемесінің (активтің) қайта бағалауында болып табылады.
126
Активтің жоғары деңгейінің әсеріндегі пайыз активтің жоғары деңгейінің әсеріндегі жалпы өзгерістің
бір бөлігі болып табылады, және активтің жоғары деңгейінің әсерін 83-тарауда белгіленген дисконт
құнына көбейткенге тең, және екеуі де жылдық есептік кезеңнің басында анықталады. Осы сома мен
активтің жоғары деңгейінің әсеріндегі жалпы өзгерістер белгіленген сыйақы міндеттемесінің
(активтің) қайта бағалануында болып табылады.
Белгіленген таза сыйақы міндеттемесін (актив) қайта бағалау
127
Белгіленген таза сыйақы міндеттемесін (актив) қайта бағалау кедесілерді біріктіреді:
(a)
актуарлық пайда мен залады (128 және 129-тарауларын қараңыз);
(b)
активтер жоспарының қайтарымдылығын (130-тарауды қараңыз), белгіленген таза сыйақы
міндеттемесінің (активтің) таза пайызына қосылған соманы алып тастағанда (125-тарауды
қараңыз); және
(c)
белгіленген таза сыйақы міндеттемесінің (активтің) таза пайызына қосылған соманы алып
тастағанда, активтің жоғары деңгейіндегі өзгерістердің әсері (126-тарауды қараңыз).
128
Актуарлық пайда мен залалдар төлемдері белгіленген жоспар бойынша міндеттемелердің
дисконтталған құнын немесе тиісті активтердің әділ құнын қосу немесе азайту нәтижесінде пайда
болуы мүмкін. Актуарлық пайда мен шығындардың себептері, мысалы, мыналар болып табылады.:
(a)
кадр тұрақсыздығының көзделмеген жоғары немесе төмен деңгейі, мерзімінен бұрын
жұмыстан шығу, қайтыс болу деңгейі немесе жалақыны, сыйақыны көтеру (егер жоспардың
белгіленген немесе жүктелген талаптары инфляцияны ескере отырып, төлемдерді ұлғайтуды
қамтамасыз етсе) немесе медициналық қамтамасыз етуге шығындар;
(b)
сыйақыны төлеу жолдарына қатысты жорамалдардың өзгерістерінің әсері;
(c)
кадр тұрақсыздығының, мерзімінен бұрын жұмыстан шығудың, қайтыс болу деңгейінің
немесе жалақыны, сыйақыны көтерудің (егер жоспардың белгіленген немесе жүктелген
талаптары инфляцияны ескере отырып, төлемдерді ұлғайтуды қамтамасыз етсе) немесе
медициналық қамтамасыз етуге шығындардың болашақ деңгейін бағалауға өзгерістердің
ықпалы; және
(d)
дисконт мөлшерелемесі өзгерісінің ықпалы.
129
Белгіленген сыйақы міндеттемесін ұсыну, өзгерту, қысқарту және есептеу себебінен немесе
белгіленген сыйақы міндеттемесі саласында төленуге тиіс сыйақылардың өзгерісі себебінен
актуарлық пайда мен залал белгіленген сыйақы міндеттемесінің ағымдағы құнындағы өзгерістерді
енгізбейді. Мұндай өзгерістер көрсетілген қызмет немесе есептеудің пайдасы мен залалынан
туындайды.
130
Активтер жоспарының қайтарымдылығын анықтау мақсатында, ұйым, актвтер жоспарын басқару
шығындарын және белгіленген сыйақы міндеттемесін бағалауға қолданылатын актуарлық жорамалға