19
ХҚЕС (IAS)
©
IFRS Foundation
21
95
Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі кейбір сыйақылар мемлекеттік сыйақылар деңгейі немесе
мемлекеттік медициналық қамтамасыз ету сияқты ауыспалылармен байланысты. Мұндай
сыйақыларды бағалау осы ауыспалылардың бұрынғы тәжірибенің және басқа да сенімді деректердің
негізінде күтілетін өзгерістерді көрсетеді.
96
Медициналық қамтамасыз етуге шығынға қатысты жорамалдар болашақта күтілетін
инфляцияға және медициналық қамтамасыз етуге арналған шығындарға арнайы өзгерістерге
негізделген медициналық қызмет көрсетудің құнын өзгертуді ескеруі тиіс.
97
Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі медициналық қамтамасыз ету бойынша жеңілдікті бағалау
болашақта медициналық көмек сұраудың деңгейі мен жиілігіне оларды қанағаттандыруға арналған
шығынға қатысты жорамалдарды ескеруді талап етеді. Ұйым медициналық қамтамасыз етуге
арналған болашақтағы шығындарды оның жеке тәжірибесі туралы ақпарат, басқа ұйымдардан,
сақтандырушылардан, медициналық мекемелерден және басқа да дерек көздерінен алынған қажет
болған кезде толықтырылған ақпарат негізінде бағалайды. Медициналық қамтамасыз етуге арналған
болашақтағы шығындарды есептеуге техникалық прогрестің ықпалы, медициналық қызметті тұтыну
және ұсыну схемасындағы өзгерістер және жоспарға қатысушылардың денсаулық жағдайындағы
өзгерістер ескеріледі.
98
Медициналық көмек сұраудың деңгейі мен жиілігі қызметкерлердің жас шамасына, денсаулығының
жағдайына, сондай-ақ олардың жынысына да (олардың асырауындағыларға) көп байланысты, және
географиялық жағдай сияқты басқа да факторларға байланысты. Сондықтан бұрынғы тәжірибенің
деректері бұрынғы тәжірибенің деректері пайдаланылған кезбен салыстырғанда тұрғындардың
демографиялық құрамы қандай шамада өзгергендігіне байланысты да түзетіледі. Олар сонымен қатар
тарихи үрдістердің жалғаспауының сенімді дәлелдемесі болғанда түзетіледі.
Бұрынғы қызметтердің құны және оны реттеуден түсетін пайда
мен залал
99
Ұйым жоспар бойынша секвестр немесе түпкілікті есеп айырысу әсерін бағалау алдында
ағымдағы актуарлық жорамалдарды (ағымдағы нарықтық пайыздық мөлшерлемелер мен
нарықтық бағаларды қоса алғанда) пайдалана отырып, міндеттемелерді (активтерді) қайта
бағалай отырып жүзеге асыруы тиіc.
100
Егер операция бір уақытта орын алса, ұйымның жоспарды өзгертуден туындайтын бұрынғы қызмет
құнын, қысқартудан туындайтын бұрынғы қызмет құнын және есеп айырысудың пайда мен залалын
арасын бөліп қарастырудың қажеті жоқ. Кейбір жағдайда, ұйымның жоспардың саласында
сыйақыларды өзгертіп, өзгертілген сыйақыларды мерзімінен кеш есепке алуы сияқты, өзгертулер
есеп айырысудан бұрын орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайда, ұйым бұрынғы қызмет құнын кез
келген пайда мен залалды есепке алудан бұрын таниды.
101
Жоспар бойынша түпкілікті есеп айырысу жоспар міндеттемелерді орындау арқылы жойылған
жағдайда секвестрмен бір мезгілде жүргізіледі, оның нәтижесінде жоспар жойылады. Алайда
жоспардың жойылуы осы жоспар ұқсас өтемақы ұсынатын жаңа жоспармен ауыстырылған жағдайда
секвестр немесе түпкілікті есеп айырысу нысаны болып табылмайды.
Бұрынғы қызметтердің құны
102
Бұрынғы қызметтердің құны белгіленген төлемдері бар сыйақы міндеттемелерінің жоспардың
өзгерісі немесе қысқартылуы нәтижесіндегі өзгерісі болып табылады.
103
Ұйым бұрынғы қызметтердің құнын шығын ретінде төмендегі мерзімнен бұрын тануы тиіс:
(a)
жоспарға өзгерістер мен қысқартулар енгізілгенде; және
(b)
ұйым қатысты қайта құрылымдау шығындарын (37 ХҚЕС (IAS) қараңыз) немесе
жқмыстан шыққандағы сыйақыларды танығанда (165-тарауды қараңыз).
104
Жоспардың өзгерістері ұйым белгіленген төлемдері бар жоспарды ұсынғанда, тотатқанда немесе
қолданылып отырған белгіленген сыйақы жоспарына өзгерістер енгізген уақытта орын алады.
105
Қысқартулар, ұйым маңызды түрде қызметкерлердің санын жоспар бойынша қысқартқанда орын
алады. Қысқарту фабриканың жабылуы, жұмыстың тоқтатылуы немесе уақытша тоқтатылуы сияқты
оқшауланған жағдайда, орын алады.
106
Бұрынғы қызметтің құны позитивті (сыйақылар ұсынылып немесе өзгертілгеннен белгіленген
төлемдері бар сыйақы міндеттемелерінің құны жоғарылағанда) немесе негативті (сыйақылар
19
ХҚЕС (IAS)
22
©
IFRS Foundation
тоқтатылып немесе өзгертілгеннен белгіленген төлемдері бар сыйақы міндеттемелерінің құны
төмендегенде) болады.
107
Ұйым қолданылып отырған сыйақы жоспарының саласында төленуге тиіс сыйақыларды қысқартып,
сол уақытта сол қызметкерлерге төленуге тиіс басқа сыйақыларды ұлғайтқанда, ұйым бұл
өзгерістерді дара таза өзгеріс деп қарастырады.
108
Бұрынғы қызметтер құнына мыналар кірмейді:
(a)
іс жүзіндегі және бұрын болжамдалған жалақыны көтеруге қатысты шамалардың
арасындағы айырмашылықтардың алдыңғы кезеңдерде көрсетілген қызметі үшін жәрдемақы
төлеу бойынша міндеттемеге ықпалы (бұрынғы қызметтер құны бұл жағдайда
қолданылмайды, себебі актуарлық алғышартта жоспарланған жалақы шамасы ескерілген);
(b)
ұйымнан алынатын сыйақыны ұлғайту мөлшерін, ұйымның осындай ұлғайтуға тәжірибе
тұрғысынан міндеттемелері болған жағдайда, жете бағаламау және асыра бағалау (бұрынғы
қызметтер құны бұл жағдайда қолданылмайды, себебі актуарлық алғышартта осындай
ұлғайтулар ескерілген);
(c)
егер ұйым не жоспардың белгіленген талаптары бойынша (немесе осы талаптардың шегінен
тысқары шығатын тәжірибе тұрғысынан міндеттеме), не заңнама талаптарына сәйкес
жоспарға қатысушылардың мүддесі үшін жоспар активтерінің кез келген өсімін
пайдалануға, ұлғайтылғын сыйақы ресми тағайындалмаған жағдайдың өзінде де, міндетті
болған жағдайда қаржылық есептерде танылған актуарлық пайда нәтижесінде туындайтын
сыйақы мөлшерін арттыруды бағалау, (осының нәтижесінде міндеттемелердің ұлғаюы
актуарлық шығын болып табылатын бұрынғы қызметтердің құны емес, 88-тарауды қараңыз);
және
(d)
жаңа немесе ұлғайған сыйақы төлемдері болмаған кездегі қызметкерлер сыйақыға кепілдік
беруді қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарды (бұрынғы қызметтердің құны жоқ, өйткені
ұйым жәрдемақылардың бағаланатын құнын ағымдағы қызметтің құны ретінде яғни оның
көрсетілуіне қарай, таныған) орындаған жағдайда, кепілдік берілген сыйақы төлемдерінің
өсімі (сыйақылар болашақ еңбекке байланысты емес, 72-тарауды қараңыз).
Есеп айырысу кезіндегі пайда мен шығын
109
Есеп айырысу кезіндегі пайда мен залал төмендегілердің айырмашылығы болып табылады:
(a)
есеп айырысу күнінде анықталған белгіленген өлемдері бар сыйақы міндеттемесінің
ағымдағы құны; және
(b)
есеп айырысумен байланысты байланысты ұйымның төлемдері мен өткізілген жоспар
активтерін қосқандағы есеп айырысудың бағасы.
110
Есеп айырысу уақытында ұйым белгіленген өлемдері бар сыйақы міндеттемесінің есеп
айырысуындағы пайда мен залалды тануы тиіс.
111
Жоспар бойынша түпкілікті есеп айырысу одан әрі барлық заңды және белгіленген төлемдерімен
сыйақы жоспарының талаптары бойынша ұсынылатын сыйақы қамтамасыз ету сомасының қайсыбір
бөлігіне немесе барлығына қатысты енгізілген міндеттемелерді тоқтатқан жағдайда орын алады
(жоспардың шарттарына сай немесе актуарлық жорамалға енгізілген сыйақы төлемдерінің
қызметкерге немесе огның атынан жасалатын төлемдерден басқа). Мысалы, жоспар қатысушыларына
немесе олардың пайдасына еңбек қызметі аяқталғаннан кейін белгіленген сыйақыны алу құқығын
тоқтату орнына біржолғы төлемдер жүргізген осы ұйым болып табылатын тараптың біреуінің
мәмілесі нәтижесінде жүргізіледі.
112
Ұйым кейбір жағдайларда қызметкерлердің ағымдағы немесе алдыңғы кезеңдердегі қызметі
мерзіміне байланысты қызметкерлерге барлық сыйақы немесе бөлігін қаржыландыру үшін
сақтандыру полисін сатып ала алады. Сақтандыру полисі бойынша құқықтарды сатып алу заңды
және сақтандырушы сақтандыру полисінде жазылған қызметкерлерге сыйақы төлеу бойынша
міндеттемелерін орындамаған кезде қосымша сыйақы төлеуге жүктелген міндеттемелерін сақтаған
жағдайда жоспар бойынша түпкілікті есеп айырысу нысаны болып табылмайды (46-тарауды
қараңыз). 116-119-тараулар жоспар активтері болып табылмайтын сақтандыру полистері бойынша
өтемақы бойынша құқықтарын тануға және бағалауға жатқызылады.