19
ХҚЕС (IAS)
©
IFRS Foundation
27
(iv)
(b)
тарауында анықталған пайызды қоспағандағы активті оның ең төменгі деңгейіне
дейін шек қойған уақыттағы өзгерістер. Ұйым, сонымен қатар, мүмкін болатын ең
жоғары экономикалық пайданы анықтау жолын айқындап көрсетуі тиіс, мысалы,
қаражаттың орнын толтыру болашақ салымдардың қысқартылуы немесе екеуінің
қосындысы.
(d)
көрсетілген қызметтің құны және есептеудің нәтижесі болып табылатын пайда мен залал.
100-
тарауға сәйкес, егер, көрсетілген қызметтің құны және есептеудің нәтижесі болып
табылатын пайда мен залал бірге пайда болса, оларды бөлудің қажеті жоқ.
(e)
шетел валютасы бағамының өзгеріс әсері.
(f)
жоспарға қатысушылар мен жұмыс берушінің үлесін жеке көрсете отырып, жоспар
салымдары.
(g)
кез келген есептеуге қатысты жеке алынған жоспар төлемдері.
(h)
бизнес бірлестіктері мен орналастырулардың әсері.
142
Ұйым актив жоспарының әділ құнын сол активтердің сипаты мен тәуекелін жеке қарастыратын
жіктелімдерге бөлшектеуі қажет, өз ішінде актив жоспарының әрбір сыныбы қарастырылып отырған
нарықта (13 ХҚЕС (IFRS) Әділ Құнды Бағалау сипатталғандай) белгіленген нарықтық баға деңгейі
бар және ондай бағасы жоқ жіктелімдерге бөлінеді. Мысалы, 136 -тарауда талқыланған айқындап
көрсету дәрежесін қарастыра отырып, ұйым келесілерді бөліп ажырата алады:
(a)
ақша қаражаты мен олардың баламасынc;
(b)
үлестік құралдар (саланың түрі мен компанияның өлшеміне және орналасуына қарай
бөлінген);
(c)
борышқорлық құралдар ( шығарушы түрі, несие төлеу қабілеттілігіне және орналасуына
қарай ажыратылған);
(d)
жылжымайтын мүлік (орналасуына қарай ажыратылған);
(e)
туынды қаржы құралдары (келісімшартта көрсетілген тәуекелдің түріне қарай, мысалы,
пайыз мөлшерлемесі келісімшарттары, валюталық келісімшарттар, меншікті капитал
келісімшарттары, несиелік келісімшарттар, ұзақ мерзімді своп және т.б.);
(f)
инвестициялық қорлар (қордың түріне қарай ажыратылған);
(g)
активпен қамтамасыз етілген құнды қағаздар; және
(h)
құрылымдық берешек
143
Ұйым актив жоспары ретінде қарастырылып отырған өзінің жеке өткізілетін қаржы құралдарының
әділ құнын және қолданыстағы актив жоспарының немесе ұйым қолданып отырған басқа активтің
әділ құнын айқындап көрсетуі тиіс.
144
Ұйым белгіленген сыйақы міндеттемесінің ағымдағы құнын анықтау үшін қолданылған маңызды
актуарлық жорамалды айқындап көрсетуі тиіс (76-тарауды қараңыз). Ақпаратты мұндай айқындап
көрсету абсоютті көрсеткітерде болуы шарт (мысалы, абсолюттік пайыз, және бұл пайыз бен басқа
айнымалылардың шегі ғана бола қоймау керек). Ұйым жоспар тобының жалпы ақпаратын айқындап
көрсетуді ұсынған уақытта орташа алынған мән мен біршама кіші ауқымда көрсетуі тиіс.
Болашақ ақша қаражаттары ағымының сомасы, мерзімі және білгісіздігі
145
Ұйым келесі ақпаратты айқындап көрсетуі тиіс:
(а)
есептік кезеңнің соңында белгіленген сыйақы міндеттемесінің ағымдағы актуарлық жорамал
(144-
тараудың саласында айқындап көрсетілгендей) арқылы сол кезеңде өзгеріске
ұшырағаны туралы әрбір маңызды актуарлық болжамның сезімталдыққа талдауы;
(b)
сол әдістің шектеулері арқылы талап етілетін сезімталдық талдауының дайындығы кезіндегі
әдістер мен жорамалдар;
(с)
сезімталдық талдауын дайындаудағы алдыңғы кезеңнің әдістері мен жорамалындағы
өзгерістер, және осы өзгерістердің себептері.
146
Ұйым жоспарда немесе ұйымда қолданылған актив пен міндеттемеге қатысты стратегияларды
айқындап көрсетуі тиіс, және аннуитеттірдің және тәуекелді басқару мақсатында своптардың
ұзақтығы сияқты басқа да әдістерді көрсетуі тиіс.
147
Белгіленген сыйақы жоспарының ұйымның болашақ ақша қаражаттарының ағымына әсерін анықтап
көрсету үшін, ұйым келесі ақпаратты айқындап көрсетуі тиіс:
19
ХҚЕС (IAS)
28
©
IFRS Foundation
(a)
болашақ салымдарға әсер ететін қаржыландыру тетігі мен қаржыландыру саясатының
сипаттамасын;
(b)
келесі жылдық есептік кезеңге күтілетін жоспар салымдары;
(c)
белгіленген сыйақы міндеттемелерінің өтелу мерзімі туралы ақпарат. Бұл белгіленген
сыйақы міндеттемесінің орташа алынған ұзақтығы мен сыйақы төлемдерінің талдау уақыты
сияқты сыйақы төлемдерінің мерзімінің таратылуы туралы басқа да ақпаратты біріктіруі
мүмкін.
Жұмыс берушілер тобының сыйақы жоспарлары
148
Егер ұйым белгіленген жұмыс берушілер тобының сыйақы жоспарына қатыстаны болса, келесі
ақпаратты айқындап көрсетуі тиіс:
(а)
ұйымның салымдарының дәрежесін анықтау әдісі мен ең төменгі қаржыландыру талаптарын
қоса отырып, қаржыландыру механизмінің сипаттамасын;
(b)
жұмыс берушілер тобының сыйақы жоспарының шарты мен ережелеріне сәйкес ұйым
қандай дәрежеде басқа ұйымдардың міндеттемелеріне жауапкершілік алатынының
сипаттайттамасы;
(с)
артылу мен дефициттің таратылуының келісілген сипаттамасы:
(і)
жоспардың аяқталуы; немесе
(іі)
ұйымның жоспарлауға қатыспай, шығуы.
(d)
егер ұйым 34-тарауға сәйкес белгіленген салым жоспары ретінде болған жоспарды есепке
алса, (a)–(c) -тарауларында талап етілетін ақпаратпен қоса және 139–147 -тарауларындағы
қойылған талаптардың орнына келесі ақпаратты айқындап көрсетуі тиіс:
(і)
жоспардың белгіленген сыйақы жоспары екендігін дәлелдейтін дерек.
(іі)
жоспарды белгіленген сыйақы жоспары ретінде есепке алған уақытта қажетті
ақпараттың жеткіліксіздігінің себебі.
(ііі)
келесі жылдық есептік кезеңде күтілетін салымдардың мөлшері.
(іv)
болашақ салымдардың сомасына әсер ететін кез келген артылу немесе дефицит
туралы ақпарат және болған жағдайда, артылу, дефицит және оның салдарын
анықтайтын негіз.
(v)
басқа ұйымдармен салыстырғанда ұйымның жоспарға қатысу дәрежесінің белгісі.
Осы бағалаудың мысалы, егер сондай ақпарат бар болатын болса, жоспарға
салынған жалпы салымдардағы ұйымның үлесі немесе жалпы белсенді мүшелердің
санындағы ұйымның үлесі.
Тәуекелді жалпы бақылаудың саласындағы ұйымдарға бөлетін
белгіленген сыйақы жоспары
149
Егер ұйым тәуекелді жалпы бақылаудың саласындағы ұйымдарға бөлетін белгіленген сыйақы
жоспарына қатысса, келесі ақпаратты айқындап көрсетуі тиіс:
(а)
белгіленген таза сыйақыны есептеу үшін келісімшарттық келісім немесе ресми саясат
немесе ондай саясатың жоқтығын дәлелдейтін дерек.
(b)
ұйым төлеуге тиісті салымды анықтау саясаты.
(с)
егер ұйым белгіленген таза сыйақы шығындарын 41 тарауға сәйкес үлестірмесе, жоспар
туралы барлық 135–147 -тараударға сәйкес талап етіледі.
(d)
егер ұйым 41 -тарауда көрсетілген кезеңде төленуге тиіс салымдарды есепке алса, жоспар
туралы барлық ақпарат 135–137, 139, 142–144 және 147(a) мен (b) -тараударымен талап
етіледі.
150
149(c)
мен (d) -тараудары талап ететін ақпарат айқыш сілтеме әдісі арқылы басқа топ ұйымдарының
қаржылық есептіліктерімен көрсетіле алады, егер:
(а)
топ ұйымдарының қаржылық есептіліктері жоспар туралы талап етілетін ақпаратты жеке
анықтап және ақпаратты ашып көрсетсе; және
(b)
ұйымның қаржылық есептілігімен бір уақытта немесе одан ерте топ ұйымдарының
қаржылық есептілігі ұйымның қаржылық есептілігімен бірдей шартта басқа қолданушыларға
колжетімді болса.