19
ХҚЕС (IAS)
©
IFRS Foundation
25
қосылған төленуге тиіс салықтардан басқа жоспар бойынша төленуге тиіс салықтарды шегереді (76-
тарау). Басқа әкімшілік шығындар активтер жоспарының қайтарымдылығынан шегерілмейді.
Ақпаратты ұсыну
Өзара есеп айырысу
131
Ұйым басқа жоспарға жататын міндеттемелерге қарсы бір жоспарға жататын активтерді
ескеруі тиіс:
(a)
басқа жоспар бойынша міндеттемелерді орындау үшін бір жоспар активтерінің өсуін
пайдалануға заңды тіркелген құқығы бар; және
(b)
сальдолау негізде міндеттемелерді орындауға не басқа жоспар бойынша
міндеттемелерді орындау үшін бір жоспардың активтерінің өсуіне байланысты
пайданы жүзеге асыруға ойы бар.
132
Өзара есеп айырысу мақсаты 32 ХҚЕС (IAS) Қаржы Құралдары: Ақпаратты Ұсынуда қаржы
құралдары үшін ұсынылғандармен ұқсас болып келеді.
Қысқа мерзімді/ұзақ мерзімді айырмашылық
133
Кейбір ұйымдар активтері мен міндеттемелері қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Осы Стандарт ұйым еңбек қызметін аяқталуы бойынша сыйақы ұсынуға байланысты туындайтын
активтер мен міндеттемелердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бөлігін айыру керектігіне қатысты
талаптарды белгілемейді.
Белгіленген сыйақы міндеттемесінің құрамы
134
120-
тарау ұйымнан қымет көрсету құны мен пайда мен залалдағы белгіленген сыйақы
міндеттемесінің (актив) таза пайызын тануды талап етеді. Осы Стандарт ағымдағы қызмет құны мен
белгіленген таза сыйақы міндеттемесінің (актив) таза пайызын қалай ұсыну керектігін түсіндірмейді.
Ұйым бұл компоненттерді 1 ХҚЕС (IAS) сәйкес ұсынады.
Ақпаратты айқындап көрсету
135
Ұйым келесі ақпаратты ашып көрсетеді:
(a)
белгіленген сыйақы жоспарын және онымен байланысты тәуекелдіің сипаттамасын
түсіндіреді (139-тарауды қараңыз);
(b)
қаржылық есептіліктегі белгіленген сыйақы жоспарынан туындайтын сомаларды
анықтайды және түсіндіреді (140–144-тарауларын қараңыз); және
(c)
ұйымның болашақ ақша қаражаттарының ағымының сомасына, мерзіміне және
белгісіздігіне белгіленген сыйақы жоспарларының қалай әсер ететіндігін түсіндіреді
(145–147-
тарауларын қараңыз).
136
135-
тараудағы көрсетілген мақсатқа жету үшін, ұйым төменде көрсетілгендердің барлығын есепке
алуы тиіс:
(a)
айқындап көрсету талаптарын орындауға қажетті деркетерді деңгейін;
(b)
әрбір жеке талапқа қаншалықты мән беру керектігін;
(c)
бөлшектеу немесе бөлшектемеу дәрежесін; және
(d)
қаржылық есептілікті пайдаланушылардың берілген сандық ақпаратты бағалауға қажетті
қосымша ақпараттың қажеттігі.
137
Егер осы Стандарттың және басқа ХҚЕС (IFRS) талаптарын орындайтын айқындап көрсетулер 135-
тараудың мақсатына жету үшін тиімсіз болса, ұйым сол мақсатқа жету үшін қажетті қосымша
ақпаратты айқындап көрсетуі тиіс. Мысалы, ұйым белгіленген сыйақы міндеттемесінің ағымдағы
құнының мәнін,сипаттамасын және тәуекелін бөліп қарастыратын талдауын ұсынуы мүмкін. Мұндай
ашып көрметулер келесілерді бөліп қарастырады:
(a)
белсенді қатысушыларға, мезімі ұзартылған қатысушыларға және зейнеткерлерге берілуге
тиіс сомалардың арасын.
(b)
бөленетін сыйақылар мен жинақталған сыйақылардың арасын, бірақ бөленетін емес.
19
ХҚЕС (IAS)
26
©
IFRS Foundation
(c)
шартты сыйақылар, болашақ еңбекақының өсуіне қатысты сомалар мен басқа сыйақылардың
арасын ажыратуы тиіс.
138
Ұйым материалдылығы әр түрлі тәуекелдері бар жоспарлардың немесе жоспарлар тобының барлық
немесе кейбір айқындап көрсетулерін бөліп қарастырылуын бағалайды. Мысалы, ұйым төменде
көрсетілген бір немесе бірнеше ерекшеліктерді көрсете отырып, жоспар туралы ақпараттың ашып
көрсетілуін бөлшектей алады:
(a)
әр түрлі географиялық орналасу.
(b)
еңбекақының зейнетақылық жоспары, еңбекақының қорытынды зейнетақылық жоспары
немесе еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі медициналық жоспар сияқты түрлі сипаттамалар.
(c)
түрлі ретеуші орталар.
(d)
түрлі есеп беру сегменттері.
(e)
түрлі қаржыландыру тетіктері (мысалы, толықтай қаржыландырылмаған, жартылай немесе
толықтай қаржыландырылған ).
Белгіленген сыйақы жоспары және онымен байланысты тәуекелдің
сипаттамасы
139
Ұйым келесілерді айқындап көрсетуі тиіс:
(a)
төмендегі ақпаратпен қоса, белгіленген сыйақы жоспарының сипаттамасын:
(i)
жоспар қамтамасыз ететін сыйақылардың мәнін (мысалы, белгіленген еңбекақы
төлемдері бар қорытынды жоспар немесе кепілдігі бар салымдарға негізделген жоспар).
(ii)
жоспардың қызмет ауқымын реттейтін негіздің сипаттамасын, мысалы, қаржыландыру
талаптарының ең төменгі деңгейін, және активтің жоғары деңгейі сияқты жоспарды
реттеу негізінің кез келген әсерін (64-тарауды қараңыз).
(iii)
ұйымға, жоспарды бақаруда артылған басқа да жауапкершілік, мысалы, сенімді
тұлғалардың немесе жоспардың кеңес мүшелерінің жауапкершілігі.
(b)
жоспардың ұйымды ұшырататын ерекше, ұйымға негізделген немесе жоспарға негізделген
тәуекел және олардың шоғырлануы. Мысалы, егер жоспар активтері бастапқыда
инвестициялардың бір тобына салынса, мысалы, жылжымайтын мүлікке, онда жоспар
ұйымды жылжымайтын мүлік нарығының тәуекеліне ұшыратады.
(c)
жоспарға енгізілген кез келген түзетулердің, қысқартулардың және есептеулердің
сипаттамасын.
Қаржылық есептіліктің сомаларын түсіндіру
140
Ұйым, қолданылуы мүмкін болса, төмендегілер үшін бастапқы сальдодан мен соңғы сальдоға дейін
мұқият тексерілген дәлелдеуді ұсынуы тиіс:
(a)
жеке дәлелдеуді көрсете отырып, белгіленген таза сыйақы міндеттемесін (актив):
(i)
актив жоспарын.
(ii)
белгіленген сыйақы міндеттемесінің келтірілген құнын.
(iii)
активтің жоғары деңгейінің әсерін.
(b)
кез келген өтемақы құқығы. Сонымен қатар ұйым өтемақы құқығыы мен соған қатысты
міндеттеменің арасындағы байланысты түсіндіруі тиіс.
141
140-
тарауда тізілген дәлелдеу, егер қолданылуы мүмкін болса, төмендегілерді көрсетуі тиіс:
(a)
ағымдағы қызмет құны.
(b)
пайыздан түсетін кіріс немесе шығыс.
(c)
жеке көрсете отырып, белгіленген таза сыйақы міндеттемесінің (актив) қайта бағалануы.
(i)
(b)-
тарауында анықталған пайызды алып тастағандағы жоспар активтерінің
қайтарымдылығы.
(ii)
демографиялық болжамнан туындайтын актуарлық пайда мен залал (76(a) тарауын
қараңыз).
(iii)
қаржылық болжамнан туындайтын актуарлық пайда мен залал (76(b) тарауын қараңыз).