3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Көлік және жол белгілері. Морфология»
Оқу мақсаты:
5.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру
5.4.3.1 Зат есім, сын есімнің құрамына және мағынасына қарай жіктелуін ажырата білу
Бағалау критерийі :
Білім алушы
Оқылым мәтінінен қажетті ақпаратты іріктеп, талдау жасайды;
Зат есім, сын есімнің құрамына және мағынасына жіктелуін ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15 -20 минут
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.
АВТОМОБИЛЬДІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда
Әлемдегі ең алғашқы автокөліктің тарихы Николас Джозеф Кагнот есімді механикпен тікелей байланысты. Алғашқы көліктің жылдамдығы өте баяу болатын, сағатына 4 шақырым. Бірақ осы көліктің артықшылығы – 5 тонна жүкті тасымалдай алатын еді. Бірақ осы көліктің осалдау жері тежегіш болған. Осының кесірінен көлік бірнеше рет жол апатына ұшырады. Нәтижесінде көліктің шығарылуы 1771 жылы аяқталған. Бірақ осыған қарамастан, Кагноттың көлігі тарихта ең алғашқы көлік ретінде танылады. Ал жанармаймен жүретін алғашқы көлік ретінде Бенцтың 3 дөңгелекті екі орынды үлгісі саналады. Тағы да бір деректерге сүйенсек, «жанармаймен жүретін алғашқы көлік» деген атаққа Зигфрид Маркустың 1875 жылы құрастырған үлгісі де үміттенеді. Бұл көліктің жылдамдығы Кагноттың құрастырған үлгісіне қарағанда жоғарырақ болған. Деректерге сүйенсек, сағатына 15 шақырымға дейін жетіпті.
Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүретін көлік Парижде құрастырылған еді. Бельгиялық құрастырушы Камилл Женатци бұл көлікті 1899 жылы шығарған. La Jamais-Contente атты көлік екі электр қозғалтқыш арқылы жүрген.
Алғашқы автокөлікті жүргізудің өзі бастапқы кезде ерлікке бағаланды. Өйткені, бұл – адамзат қолжеткізген жаңа өркениет жемісі еді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы дүниенің көптеген мемлекеттерінде автомобильдердің кәсіптік өндірісі ашылды. Осы кезеңде шығарылған көліктердің құрылысында ортақ техникалық шешімдер болған. Алдыңғы дөңгелектері басқарушы, артқы дөңгелектері жетекші 4 дөңгелекті көліктер пайда болды. Бұл кәдімгі біз көріп жүрген автокөліктерге ұқсас.
Негізгі ақпарат
|
Қосымша ақпарат
|
|
|
2 балл
2-тапсырма: Мәтінде кездесетін зат есімдерді мағынасына қарай топтаңыз.
Жалпы зат есім
|
Жалқы зат есім
|
Деректі
|
Дерексіз
|
|
|
|
|
4 балл
3-тапсырма. Мәтін мазмұнына сүйеніп, көліктің сипатын көрсететін 5 сын есімдерді теріп жазыңыз, оның мағыналық түрін анықтаңыз.
2 балл
4-тапсырма. Мәтінде асты сызылған сын есімдердің шырай түрін анықтаңыз. Басқа шырай формасына ауыстырып сөйлем құрастырыңыз.
Өте әдемі – асырмалы шырай
Салыстырмалы шырай – әдемірек; күшейтпелі шырай – әп-әдемі
Сөйлем: ........
2 балл
Достарыңызбен бөлісу: |