|
Сабақ «Физика негіздері»
|
бет | 1/2 | Дата | 11.01.2022 | өлшемі | 0,67 Mb. | | #32174 | түрі | Сабақ |
| Физика фак 8ә сынып 6 сабақ
Физика фак 8ә сынып 6 сабақ
«Физика негіздері» Мектеп: №29
Сынып: 8 ә Мұғалімнің аты жөні: Ж.Серікбаева.
Күні: 07.10.2020 Қатысушылар саны: Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы
|
Айналамыздағы жылулық құбылыстар. Жануарлар өміріндегі жылулық құбылыстар.
|
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты
(оқу жоспарына сілтеме)
|
Айналамыздағы жылулық құбылыстарға мысалдар келтіру, әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар істей алады: Тірі ағзалардың тіршілігінде жылу құбылыстарының рөлін сипаттай алады.
Көптеген оқушылар істей алады: Адам, жануарлар, аңдардың тіршілік қарекеті климат пен ауа райына тәуелді екендігін түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар істей алады: Тірі ағзаларда энергияның жоғалуын азайтатын қабатшалар болатынын түсіндіреді және мысалдар келтіре алады.
|
Бағалау критерийі
|
Жылу құбылыстарының тірі ағзалардың өміріндегі рөлі туралы толық түсінік алады, мысалдар келтіре алады.
Адам ағзасындағы өзгерістер, үй жануарлары мен жабайы аңдардың тіршілік қарекеті жылу құбылыстарына байланысты болатынын түсіндіре алады.
Энергияның жоғалуын азайтатын қабатшалар мен жылуды оқшаулайтын қасиеттері бар денелерді түсіндіре алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
1.Оқытудың тілдік мақсаты:
Оқушылар жылу құбылыстарының тірі ағзалардың тіршілігінде алатын рөлін ауызша және жазбаша сипаттай алады.
2.Пәндік лексика және терминология:
Микроағзалар, атмосфера, климат, жылуөткізгіштік коэффициент, капиллярлар.
3.Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
- Өсімдіктерге түскен Күн жарығы ... тудырады.
-....- бұл географиялық жағдайына қарай қалыптасқан ауа райының көпжылдық режімі.
- Қардың .... топыраққа қарағанда 10 есе аз.
|
Құндылықтарды дамыту
|
Жылу құбылыстарының тірі ағзаладың өмірлеріндегі рөлі жайлы айта отырып, «Мәңгілік ел» идеясы жастардың бойында елге деген азаматтық сезімді оятатынын бойларына сіңіру.
|
Пән аралық байланыс
|
Биология- тірі ағзалар, олардың өмір сүруіндегі жылудың әсеріне мысалдар келтіру.
География – Күннен келетін жылудың жердің әрбір нүктесіндегі климат пен ауа райына әсерін айтады.
Ауылшаруашылығы – өсімдіктердің қыстан аман шығуы үшін, топырақтың ылғалдығын сақтауда қардың жылу өткізгіштігінің коэффициентін білудің маңыздылығын айтады.
Экология – ауа температурасының қалыпты жағдайдан артық болуы және «экологиялық апат» қаупі жайлы ой- пікір айтады.
Медицина – жылу құбылыстарының адамның өмір сүруіндегі қажеттілігін атап айтады, мысалдармен көрсетеді.
|
Алдыңғы білім
|
Жылу берілу, оның түрлері
Жылуөткізгіштік арқылы жылудың берілуі.
Әр түрлі заттардың жылуөткізгіштігі
|
Сабақтың барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған қызмет (іс-әрекет)
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
9 мин
4 мин
5 мин
Сабақтың ортасы
23 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесіп, оқушылар арасында сенімді сыйластықты қалыптастыруға ықпал жасап, көтеріңкі көңіл-күй тілеу.
«Әли мен Айя» жануарлар туралы ән тыңдау
Үй жануарлары, аңдардың, құстардың суреттерін пайдалана отырып оқушыларды топқа бөлу.
(W).Үй тапсырмасын сұрау.
«Жеті жапырақ» ойыны.
(Жапырақтар түрінде қиылған қағаздардың астына жазылған сұрақтарға жауап береді)
Сұрақтар:
Жылу құбылыстары дегеніміз не?
Жылу құбылыстарына мысалдар келтіріндер.
Температура нені сипаттайды?
Жылу берілу дегеніміз не?
Жылу берілудің түрлері қандай?
Жылуөткізгіштін құбылысының мәні неде?
Заттардың әр түрлі жылуөткізгіштігі немен түсіндіріледі?
Жылуөткізгіштігі ең жоғары болатын қандай заттарды білесіңдер? Олар қайда қолданылады?
Жылу өткізгіштігі ең төмен болатын қандай заттарды білесіңдер? Олар қайда қолданады?
f . «Бас бармақ» тәсілі.
(G) «Джигсо» әдісі.
Тақырып мәтіні үш бөлікке бөлінеді. Оқушыларда үш адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 3-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.
(Әр топ берілген тақырып бойынша постер дайындайды, қорғайды, бағалайды)
|
You Tube
|
15 мин
8 мин
|
1-топ
«Тірі ағза және Күн» бөлімі
2-топ «Жылу және тірі ағзадағы биология
лық өзгерістер»
3-топ «Адам суық жағда-йында»
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
Жылудың тірі ағзалар тіршілігіндегі рөлін көрсетіп бере алады.
|
жылудың ықпалы бар екенін айта алады.
|
негізгі жылу көзін біледі.
|
жылудың әсерінен болатын өзгерістерді сипаттайды.
|
мысалдар келтіреді.
| «Еркін әнгіме» әдісі бойынша кері байланыс жасалады.
f.«От шашу» тәсілі
«Сұрақ қою» әдісі
«Әткеншек» ойынын ойнату. (Балаларды екі шеңберге тұрғызу. Ішкі және сыртқы шеңбер кезегімен қозғалып сабақтағы тақырып бойынша берілген сұрақтарды бір-біріне қояды)
Сұрақтар:
1.Жылулық құбылыстардың Жер бетіндегі тірі ағзалар тіршілігінде ықпалы бар ма?
2. Жер бетіндегі негізгі жылу көзі не?
3. Берілген жылудың әсерінен топырақта, өсімдіктердің тұқымдарында, микроағзаларда қандай өзгерістер болады?
4. Климат пен ауа райы жайлы не айтасыз?
5. Үй жануарлары және жабайы аңдардың тіршілік қарекетінің климат пен ауа райына тәуелділігіне мысалдар келтіріңіздер?
6. Адам ағзасына сыртқы орта температурасы қандай әсер етеді?
7. Қардың нашар жылу өткізгіштігі қалай түсіндіріледі?
8. Китке майдың қалың қабаты не үшін керек?
9. Неліктен суықтан дірілдегенде адамның ішкі энергиясы өзгереді?
«Б-Б-Б» әдісі бойынша кері байланыс
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
f. «Смайликтер»
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|