25
ҚР ҚН 1.02-03-2011
- осы құрылыс нормасының 9.5-тармағының қажетті бөлімдері енген жалпы түсінік-
темелік жазбахат (10.4.3);
- сметалық құжаттама (10.4.4);
- құрылыс объектісінің жұмыс сызбалары (10.4.5).
10.4.1 Жоба төлқұжаты құрылыс мақсатына байланысты қысқаша сипаттамасы мен
жобаланатын объектінің ерекшелігіне және оның негізгі параметрлері, сипатталымы және
техникалық-экономикалық көрсеткіштері көрсетіліп, жобаланатын объекті жөніндегі
ақпаратты жалпы қорытындылау нысанында құрастырылады.
10.4.2 Жобаның энергетикалық паспорты техникалық регламенттер мен қолданыстағы
нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталған объектілердің энергетикалық
сипаттамалары туралы ақпарат түрінде, оның ішінде энергияны үнемдеу және энергияны
тұтыну жөніндегі деректерден, сондай-ақ ғимараттардың қоршау құрылымдардың жылуды
қорғауы бойынша есептерден тұрады.
10.4.3 Жалпы түсініктемелік жазбахат жұмыс жобасының бөлімдері бойынша мәлімет-
тер және түсініктемелер береді, соның ішінде:
- жобаны әзірлеуге негіздеме және жобалауға
арналған бастапқы деректер;
- құрылыс алаңын таңдау негіздемесі туралы мәліметтер, соның ішінде құрылысқа
ұсынылып отырған жер телімінің сипаттамасы, оның орналасқан жері, мөлшері, қазіргі
жағдайы және пайдалануы, аумақтың жағдайы туралы экологиялық деректер, көліктік және
инженерлік-құрылыстық жағдайлары, сол жер ақылы өтетін инженерлік коммуникациялар
және оның бойы немесе маңайындағы аумақтан өтетін жол өтпелері, ғимараттардың және
құрылыстардың орнын ауыстыру
және бұзу бойынша талаптар,
құрылыс ережелері;
- инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық жағдайлар жөніндегі мәліметтер, бас
жоспар және абаттандыру
туралы өзге де шешімдер;
- сәулеттік-жоспарлау тапсырмасында және техникалық шарттарында белгіленген
сәулеттік-жоспарлау шешімдерінің қысқаша сипаттамасы және оның сәйкестілігі,
мүгедектердің және елді мекеннің өзге де мүмкіншілігі шектеулі топтарының тіршілік ету
жағдайын қамтамасыз ету шаралары және қоршау конструкцияларының жылуды сақтау
қасиеттері бойынша шешімдердің негіздемесі, сондай-ақ азаматтық ғимараттар үшін
жұмыскерлердің тұрмыстық, санитарлық қызмет орнындағы өндірістік шу мен дірілді азайту
жөніндегі түбегейлі
шешімдерінің негіздемесі;
- құрылыс шешімдерінің негіздемесі және кұрылыс конструкцияларының қысқаша
сипаттамасы (ғимараттар мен құрылыстардың құрылғылық схемалары
, іргетастар, қоршау
конструкциялары,
ғимараттың жабыны мен төсемі, құрылыстардың конструкциялары және т. б.);
-
құрылыс конструкциялары, желілері мен құрылыстарды
тоттанудан сақтау шаралары;
- инженерлік құрал-жабдықтар, желілер және жүйелер бойынша шешімдер, жылыту,
желдету, ауаны сәйкестендіру, газбен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, арналық кәріз, электр
жабдықтары, электрмен жарықтандыру, найзағайдан қорғау, күзеттік және өртке қарсы дабыл
қағу, бақылау қондырғысын, шығындардың есебі мен реттеуді қосқанда суды, отынды және
электр энергиясын пайдалану жөніндегі бақылау шаралары, сондай-ақ диспетчерлендіру,
автоматтандыру және инженерлік жүйелерді басқару жайындағы қолайлы еңбек жағдайын
туғызу үшін байланыс пен сигнал беру, теледидар жүргізу және радиоландыру, жабдықтан-
дыру бойынша шешімдер, өртке қарсы жобалау шешімдері және инженерлік желілер мен
жабдықтарды кезбе токтардан
қорғау бойынша іс-шаралар;
- еңбек қауіпсіздігі және жұмыскерлердің еңбек жағдайы мен сақтығын қамтамасыз
етуді есепке ала отырып, құрылысты ұйымдастыру бойынша жалпы мәліметтер, санитарлық-
эпидемиологиялық шаралар;
- жұмыс жобасын әзірлеудің нәтижесінде алынған техникалық-экономикалық
26
ҚР ҚН 1.02-03-2011
көрсеткіштер, оларды бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен салыстыру
немесе объект құрылысына құйылатын инвестициялардың негіздемесі енеді.
10.4.4 Сметалық құжаттама осы құрылыс нормасының жоғарғы жағында 10.2.2-бөлімде
көрсетілген құрамдағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның нормативтік-әдістемелік құжаттарында келтірілген ережелеріне және
нысандарына сәйкес құрастырылады.
10.4.5 Құрылыс объектісінің жұмыс сызбалары ҚЖҚЖ (10.2.3) мемлекеттік норматив-
тері және стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.
11 Құрылыс мерзімі үш жылдан асатын техникалық күрделі
объектілерді жобалау мен іске асырудың ерекше тәртібі
11.1 Белгіленген тәртіпте техникалық күрделі объектілер санатына жатқызылған
объектілерді салу кезінде жоба алдыңғы құжаттама (ТЭН) мен жобалау құжаттамасын екі
сатыда (Ж және ЖҚ) әзірлеу ескерілуі қажет.
11.2 Болжалды құрылыс мерзімі 3 жылдан асатын (36 ай) техникалық күрделі объекті-
лер құрылысына жоба алдынғы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде объекті құрылы-
сын іске асырудың жалпы кезеңі 3 жыл көлемінде жекеленген кезеңдерге бөлінеді.
11.3 ТЭН жалпы объект бойынша, жеке элементтерді белгілеу арқылы әзірленеді, жоба
бір немесе бірнеше іске қосылатын кешендердің бөлігінен құралуы мүмкін немесе құрылыс
кезегі болып табылатын әр кезеңге жеке әзірленеді.
11.4 Инвестициялық шығындарға негіздеме беретін ТЭН бөліміндегі құрылыстың
нормативтік ұзақтығына қарай, көлемді жобаның іске асыру кезеңдері бойынша бөле отырып,
құрылыс салу мен қаржыландыру жоспары құрастырылады.
3 жылдық бюджеттік кезеңде және одан кейінгі құрылыстың сметалық құнының
өзгеруі Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен бекітілген айлық есептік
көрсеткіштерінің өзгеру индексіне сәйкес қайта есептеудің жоспарлы коэффициентін қолда-
ну арқылы есептеледі. Айлық есептік көрсеткіштердің көлемі туралы ақпараттар жоқ болған
жағдайда, сметалық құнның өзгеруі соңғы жылдың белгіленген мәніндегі болжалды шамада
есептеледі.
Құрылыстың болашақ кезеңдерінің құны құрылыстың әрбір кезеңіндегі жұмыстар
көлемінің бастапқы құнын индекстеу жолымен анықталады және осы есептеулер негізінде
объекті құрылысының барлық кезеңіндегі болжамдық құны белгіленеді.
11.5 Құрылыс мерзімі 5 жылдан астам, жылулық қуаттылығы 300 Гкал/сағаттан кем емес
немесе электрлік қуаттылығы 200 МВт-тан кем емес, техникалық күрделі және технологиялық
тұрғыдан бір-бірімен байланысты (кезеңдер бойынша іске асырылатын) жылу энергетикалық
кешеннің объектілері үшін дайындалатын жоба алдындағы (техникалық-экономикалық
негіздемелер) және жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама құрылыстың құрамдық
(жиынтық) сметалық есебінде құрылыс құнының сметалық есебінің 10% шамасындағы
тапсырыс берушінің иелігінде қалатын қаражат қорын қарастыруы керек.
11.6 Құрылыс мерзімі 5 жылдан астам, жылулық қуаттылығы 300 Гкал/сағаттан кем емес
немесе электрлік қуаттылығы 200 МВт-тан кем емес, техникалық күрделі және технологиялық
тұрғыдан бір-бірімен байланысты (кезеңдер бойынша іске асырылатын) жылуэнергетикалық
кешеннің объектілерін салудың сметалық есебінің 10% мөлшерінде тапсырыс берушінің
иелігінде қалатын қаражат қорын пайдалану тәртібі өнеркәсіп саясаты саласындағы уәкілетті
органның келісімімен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік
уәкілетті органмен анықталады.