Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің форумында Р. М. Жүрсіновтің сөйлеген сөзінің тезистері



жүктеу 134,7 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі134,7 Kb.
#17761

Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің форумында

Р.М.Жүрсіновтің сөйлеген сөзінің

ТЕЗИСТЕРІ
Тақырыбы: «Қазақстанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен әкімшілік кедергілерді жою бойынша қабылданған шаралар туралы»

Астана қаласы

«Думан» қонақ үйі, «Парламент» конференц-залы

Сағат 09:30, 2 қыркүйек 2017 жыл



Құрметті Болат Әбілқасымұлы,

Борис Юрьевич, форумға қатысушылар!
2 Слайд
Қазақстанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл – бизнес-омбудсменнің институты 2016 жылдың ақпанынан бастап бір жарым жылдан астам уақыт жұмыс атқарып келеді.

«ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңына сәйкес бизнес-омбудсменнің қызметін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қамтамасыз етеді. Аппарат Ұлттық палата қызметкерлерінен, қоғам қайраткерлерінен, танымал заңгерлерден – барлығы 300-ден астам жоғары білікті мамандардан құрылды.



3 Слайд

Бизнес-омбудсмен жұмыс атқарып жатқан уақытта барлық өңірлерге барып, өңірлердегі әкімдермен, прокурорлармен кездесулер өткізіп, 2000-нан астам кәсіпкерді жеке қабылдады, мемлекеттік органдардың бейресми рейтингі енгізілді.

Бір жарым жыл ішінде бизнес-омбудсмен аппараты үлкен жұмыс атқарды – ол әкімшілік кедергілерді анықтап, жою мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудағы жүйелі мәселелердің шешілуі.

Жалпы, палата қызметінің қорытындыларын бірқатар негізгі бағыттарға (блоктарға) бөлуге болады, бұл:

- бизнес-орта үшін заңнаманы жетілдіру (кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жүйелі проблемаларды анықтап, шешу, мәселелер тізілімі),

- бизнесті қайта реттеу (бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту, мемлекеттік функцияларды бәсекелестік орта мен ӨРҰ-ға беру (өзін-өзі реттейтін ұйым)),



- қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгілендіру,

- бизнеске қатысты шығындарды азайту және т. б.

4 Слайд

Біздің жұмысымыздың негізгі басымдықтарының бірі - бизнестің жүйелі және ағымдық пролемаларын шешу болып табылады.

Бизнес-омбудсмен жұмыс атқырып жатқан бүкіл уақытта бізге 10100-ден астам өтініш келіп түсті.

Шағымдардың көп бөлігі салық мәселелері, жер қатынастары, құрылыс және сатып алулар бойынша түседі.

Шағымдардың 41% -дан астамы оң шешімін тапты, қорғалған құқықтардың жалпы сомасы 65,3 млрд. теңгені құрайды (айыппұлдар мен өсімпұлдар жойылды, контрагенттердің келісімшарт бойынша міндеттемелері орындалды, мүлік қайтарылды, хабарламалардың күші жойылды)

5 Слайд

Шағымдармен қатар кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын және құқық қолдану тәжірибесінде НҚА-ға өзгерістер енгізуді талап ететін жүйелі мәселелерді анықтап, шешеміз.

Біз барлық мәселелерді жинақтап Ұлттық палатаның сайтында(www.palata.kz/ru/reestr_problems) проблемалар тізілімінде ашық жариялаймыз.

ҰКП құрылғаннан бері біз осындай 540 проблеманы анықтадық, оның 351 немесе 65%-н шешу мүмкін болды.

Құқықтық қорғау мәселелері бойынша бизнестің жүйелі проблемаларын шешуде Ұлттық экономика министрлігі, Бас прокуратура мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі біздің серіктестеріміз болды.

Құрылыс және сәулет саласында ең көп жүйелі проблемалар анықталды (53 немесе 10,3%), көлік және логистика (51 немесе 10%), медицина және фармацевтика (40 немесе 8%).

Функционалдық жүйелік проблемаларды шешуге келсек, олар:

- рұқсат беру жүйесін оңтайландыру,

- бақылау қызметін реформалау,

- заңнаманы жетілдіру.



6 Слайд

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде рұқсаттар мен лицензиялардың 800-ден астамын немесе 72%-н қысқартуға мүмкіндік туды (1115 болған, қазір 316), бұл кәсіпкерлерге жыл сайын 1,5 млрд. теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Барлық рұқсаттар бір заңда сұрыпталды («Рұқсаттар және хабарламалар туралы»), ал бұл заңға енгізілмегендері заңсыз деп саналатын болады.



Одан басқа, біз Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп квазисекторлар мен монополистердің рұқсаттарына тексеріс жүргіздік, олар да заңда реттелетін болады, толық тізбесі жасалды, енгізілмегендері заңсыз деп саналатын болады.

Бұл жұмыс қазіргі уақытта Үкіметке заң жобасын енгізу шеңберінде іске асырылатын болады (анықтама: кәсіпкерлік қызметті реттеу туралы заң жобасын жетілдіру).



7 Слайд

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функциялары қайта қаралатын болады.

Талдау көрсеткендей, қазіргі уақытта кәсіпкерлерді тексеруге құқылы 61 мемлекеттік орган бар, олардың 544 бақылау функциялары бар және кәсіпкерлерге 30 мыңнан астам талап қояды.

Осыған байланысты, біз Ұлттық экономика министрлігімен, Бас прокуратурамен және басқа уәкілетті органдармен бірлесе отырып мемлекеттік қадағалау жүйесін оңтайландыру туралы ұсыныс әзірледік:



Біріншіден, бұл-тексеру жүйесін менталды өзгерту. Тексеру жазалау сипатында емес, профилактикалық бағытта жүргізілетін болады.

Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерді жауапкершілікке тарта алмайды – ол заң бұзушылықтарды жою бойынша кеңес бере алады. Оларды жоймаған жағдайда ғана кәсіпкер жауапқа татылатын болады.



Екіншіден, тексерудің бірін-бірі қайталайтын саласын алып тастаймыз (114 бақылау салаларынан 23 – 20-сын, қадағалау саласының 18 ішінен 3-уін ) және бақылау функцияларын қысқартамыз (544 ішінен 165).

Анықтама: Аудиторлық қызмет саласына тексеру жүргізген кезде Ішкі бақылау комитеті, Есеп комитеті, Ұлттық банк және Қаржылық бақылау комитеті арасында «көлденеңінен» қайталау болғаны анықталды.

8 Слайд

Үшіншіден, мемлекеттік органдардың талаптары қысқарады.

Талаптарға жүргізілген тексерістер қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың 17 700 талабын қысқарту ұсынылды, бұл олардың жалпы санының 56% - нан асады (барлығы 31 540 талап). Мысалы, тек сан-эпидемиологиялық қадағалау және ТЖ салаларында ғана 11 000-нан астам талап қысқартылды. Мемлекеттік органдардың бұйрықтары қабылдау сатысында.



Төртіншіден, тексеру жүргізу мерзімдері қысқарады:

Жалпы тексерулер жүргізу мерзімі 30-дан 15 жұмыс күнге қысқартылады, жоспардан тыс тексеру 30 күннен 10 жұмыс күнге дейін қысқартылады, микрокәсіпкерлік субъектілері үшін 5 жұмыс күнге дейін қысқартылады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және Бас прокуратура мен Ұлттық экономика министрлігінің бақылауында.

Бас прокуратурамен өзара іс-қимыл аясында 2016 жылдың маусым айында «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратураның қадағалауы» атты үлкен Форум өткізілді.

Форум қорытындысы бойынша 5 негізгі бағытты қамтитын Жол картасы әзірленді:

біріншіден, бақылау-қадағалау органдарының тарапынан бизнеске қысым көрсетуді азайту,

екіншіден, қылмыстық процесте кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау,

үшіншіден, азаматтық және әкімшілік процестерде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау,

төртіншіден, әкімшілік кедергілерді жою,

бесіншіден, бизнесті жаппай дамыту.

Жалпы алғанда, заңсыз қозғалған қылмыстық істердің тоқтатылуын, кәсіпкерлерді тексеру санының азайғанын, Үкіметтің ұсынысты қолдауын және басқаларды қос алғанда мұндай ынтымақтастық оң нәтиже бергенін айта кету керек.

Мысалы, экономикалық тергеу қызметінің негізсіз қылмыстық іс қозғаған теріс тәжірибесі қайта қаралды.



Анықтама: 2017 жылдың 1 тоқсанында статистикада экономикалық қызмет саласындағы тіркелген құқық бұзушылықтар саны былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,5 есеге қысқарды (2017 жылдың 1 тоқсанында - 561 іс, 2016 жылдың 1 тоқсанында - 2002 іс).

Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесе отырып нәтижелі жұмыс жүргізілуде.

Агенттікпен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып оны іске асыру мақсатында Жол картасы қабылданды. Ынтымақтастық аясында экономиканың 16 саласында денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысын, жер қатынастарын және т.б. қоса алғанда сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау мақсатында бірлесе отырып мониторинг жүргізілді.

Мысалы, мониторинг жүргізу барысында мемлекеттік сатып алу саласында сатып алу кезінде конкурс жарияламай тізімнің негізсіз ұлғайтылғандығы және сыбайлас жемқорлық қаупі анықталды. Нәтижесінде, 2016 жылы сатып алулардың 76,5% конкурстан тыс рәсімдер арқылы іске асырылған. Адал бәсекелестік принципі іске асырылмайды, өйткені мемлекеттік органдар конкурсты өткізбей «өздерінің» бағынышты ведомостволық ұйымдарын қолпаштайды.

Мониторинг нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен бірлескен кеңестер өткізіліп, ұсыныстар әзірленді. Қазіргі уақытта ұсынымдарды орындау қорытындыларын қарау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бірақ барлық мәселелер әлі шешілген жоқ.



Біз нені қалаймыз?

Бірінші - тұрақтылық.

Бұл - кәсіпкерлер үшін маңызды мәселе.

Мәселен, жаңа Әқбтк -ге үш жыл ішінде 350-ден астам түзетулер енгізілді, Экологиялық кодекске - 500, Салық кодексіне - 2 500-ден астам.

Бұл бизнесті жүргізудің өмірлік негіздерін қалыптастыратын кодекстер.



Екінші – жаңа рұқсаттар мен бақылаудың жаңа нысандарына жол бермеу. Мемлекеттік органдар үшін реттеуші әсерді талдау РӘТ кедергі болуы тиіс.

2016-17 жылдары бізге осы рәсімнің арқасында мемлекеттік органдар ұсынған 31 жаңа міндеттердің 12 немесе 40%-н қабылдамауға мүмкіндік туды.



(Анықтама ретінде. РӘТ арқылы қабылданбаған реттеуші аспаптар мысалы:

  1. ИДМ -нің көлік комитетіне тіркеусіз, тексерілетін субъектіге алдын-ала хабарлама жібермей апаттар, авария, жиындар, магистралдардық, станциялық және кірме жолдардағы жылжымалы құрамның қақтығысы фактілері бойынша тексеру жүргізу құқығын беру бастамасы қабылданбады.

  2. ИДМ -нің меншік иелеріне (иелерінің, басшыларының) қалалық рельстік көліктің НҚА талаптарын бұзғаны үшін, күтіп ұстауға, пайдалануға техникалық қызмет көрсетуге және қалалық рельстік транспортты пайдалануға жауапкершілік енгізу бастамасы қабылданбады.

3) АШМ-нің балықты аулау мен балық өңдеуді есептеу механизмін автоматтандырып, оны жүргізуді кәсіпкерлерге жүктеу бастамасы қабылданбады).

Бұл ретте, РӘТ саласындағы негізі күш-жігер дайын заң жобалары сатысына бағытталған. Ал шет елдерде - РӘТ экономикалық (басқару) шешімдерді қабылдау сатысында.



9 Слайд

Салық және кеден заңнамасын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды.

Жаңа салық кодексін дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұған белсене атсалысуда.

Біздің ұсыныстарымыздың 90% - ы қабылданды және заң жобасына енгізілді.

Жаңа салық кодексінің ерекшелігі неде:

- салық төлеушілердің адалдық қағидаты енгізіледі;

- салық төлеушінің пайдасына түсініксіздіктер мен дәлсіздіктерді түсіндіру мүмкіндігі беріледі;

- бизнеске кодекстегі өзгерістермен танысуға көп уақыт беріледі, түзетулер 1 шілдеге дейін қабылданады және 1 қаңтардан бастап енгізіледі;

- көптеген түзетулерді жою (өзгерістерді ілеспе заңдар арқылы енгізуге тыйым салынады);

10 Слайд

Сондай-ақ, салық әкімшілігін жүргізуді қайта қарауға қол жеткіздік. Ол:

- адал кәсіпкерлерге қатысты жазалау сипатынан әріптестік қарым-қатынасқа көшу,

- ШОБ-ты тексеруді салықтық тексерулердің баламасы ретінде аудиторлық ұйымдарға беру,

- салықтық тексерулерге негіздерді 32-ден 14-ке немесе 38% қысқарту,

- ТБЖ өлшемдерін ашу, ол өз кезегінде салық төлеушіге өзінің қауіп бейінін басқарып, артық салық бақылауынан аулақ болуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкер үшін артықшылықтары анық көрініп тұр – ҚҚС-ті оңайлатылған түрде қайтару, салық тексерістерінің қысқаруы, салық несиесіне қол жеткізу мен оларды төлеу бойынша мерзімін ұзарту мүмкіндігі.

- салық төлеушілердің мәмілелеріне алдын-ала салықтық бақылауды енгізу,

- электрондық аудитті енгізу.

11 Слайд

ЕАЭО Кедендік кодексті қабылдау кезінде Ұлттық палатаның көптеген ұсыныстары қабылданды. Біз 550-ден астам түзетулер жіберген болатынбыз, оның 70%-ы қабылданды.

Негізгі жаңа енгізілімдер арасында:

- электронды декларациялау басымдығы;

- тауарларды автоматты түрде шығаруды енгізу;

- олардың шығу мерзімін қысқарту.

12 Слайд

Сондай-ақ, біз сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау үшін терең әлеуметтік зерттеулер жүргізіп жатырмыз.

Зерттеу қорытындысы бойынша біз өңірлер мен мемлекеттік органдардың рейтингісін жасап жатырмыз – ол кәсіпкерлер үшін қолайлы бизнес-ортаны анықтайтын «Іскерлік ахуал» рейтингі.

13 Слайд

Бұл рейтинг жыл сайын дайындалады, далалық жұмыстарды бір ұйым, ал талдау мен қорытындыны басқа ұйым дайындайтындықтан өте әділ болып табылады.

Рейтинг қорытындысы Үкімет басшылығына, министрлер мен облыс әкімдеріне бизнесмендерге қолайлы орта тудыруда жүйелі шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 5 саладағы сыбайлас жемқорлық себептеріне байланысты әлеуметтік зерттеулер жүргізілді – салық, кеден, жер, құрылыс, сатып алулар.



Анықтама: еліміздің өңірлерінде сыбайлас жемқорлыққа талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1. өңірлердегі мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың пайда болу жиілігі 4 балдық көрсеткіш бойынша анықталды (1 балл – өте кең тараған, 4 балл – ешқашан кездескен емес).

2. мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық схемасындағы орташа пара көлемі бағаланды (көрсеткіштің ең төменгі және ең жоғары мәндері суреттеледі).

3. талданып отырған мемлекеттік органдарда өңірлердің терең талдауы ұсынылды. Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық өршіген өңірлерде талдау жүргізу сыбайлас жемқорлық схемаларынан зардап шеккен салаларды және оны тудырушы мен сыбайлас жемқорлық схемаларына икемдейтін себепті анықтауды қамтиды.

Жалпы алғанда, сауалнама көрсеткендей, орталық мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық схемаларының жиілігі 3,4 балдан асса, сыбайлас жемқорлықтың туындауының жиілігінің төмендеуін білдіреді.

14 Слайд

Заңнаманы ізгілендіру туралы бірнеше сөз.

Бизнеске әкімшілік жүктемені азайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Осылайша, заң жобасы аясында ҰКП-ның 75 тұжырымдамалық ұсыныстары қабылданды.

Атап айтқанда:

- елеусіз болған жағдайда жауапкершіліктен босату;

- Әқбтк-нің 280-нен астам бабында айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі,

- 91 бабында айыппұл мөлшері орта есеппен 30% - ға төмендейді, 12 -сінде жаза жеңілдетіледі, 42-сінде – айыппұл ескертумен ауыстырылады.

Бірақ кәсіпкерлер үшін әлі бірқатар қиын мәселелер бар. Мысалы Кедендік заң бұзушылықтар бойынша бизнеске айтарлықтай проблема тудыратын мүлікті тәркілеу. Біз бұл мәселе Елбасының меншік құқығын қорғау жөніндегі жолдауымен үндесетіндіктен тез арада шешу керек деп ойлаймыз.



15 Слайд

2016 жылдың аяғында біздің бастамамызбен рахымшылық жүргізілді, соның ішінде экономикалық қылмыстар бойынша 400 астам бизнесмен босатылғанын айтып өткім келеді (256 – бас бостандығынан айырылған, 184 – айырусыз).

Бас прокуратурамен бірлесе отырып қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бойынша жұмыстар атқарылды.

Және мұнда үлкен жетістік – қылмыстық кодекстен «Жалған кәсіпкерлік туралы» баптың алынып тасталуы.

Адал кәсіпкерлердің жалған компаниялармен қарым-қатынасына келер болсақ бұл жерде Салық кодексі шеңберінде жұмыс атқару керек.

Біз ұжымдық адвокат ретінде сөз сөйлегіміз келіп тұрған жоқ. Бірақ егер бизнес барлық салықтарды толығымен өтесе,онда оны барлық айыппұлдар мен өсімпұлдардан босату әділ болар еді.

(Барлығы СЭР-дің күдігіне 35 000-нан астам конртагенттер түсті, ал бұл ҚҚС төлеушілердің жартысы).

Біздің басқа да ұсыныстарымыз ескерілді – ҚК-тің 6 бабында ескертулер енгізілді: егер тұлға бірінші заңды бұзып, келтірілген залалды өз еркімен өтесе, онда оны жауапкершіліктен босату, сонымен қатар, салық төлеуден жалтарғандарды да.



Лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мәселесі ерекше назарды талап етеді.

Тәжірибе көрсеткендей, аталған адамдар іс жүзінде бизнес ісіне заңсыз араласқандары үшін еш жауапкершілікке тартылмайды.



(Анықтама ретінде. 2016 жылы лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне қатысты 44 920 шағым түсті, бұл ретте тәртіптік жауапкершілікке шенеуніктердің 17-і, әкімшілік жауапкершілікке 15-і тартылды.

- ҚК-тің баптары бойынша кәсіпкерлердің құқықтары бұзылуына қатысы бар 68 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды (365-бап «Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау» – 1, 362-бап, «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану» – 50, 371-бап, «Немқұрайлылық» – 16, 370-бап «Қызметтегі әрекетсіздік» – 1).

Біз ұсынған елеулі өзгерістерді мемлекеттік қызмет істері агенттігі қарап жатыр.

Айтылғандарды қорытындылай келе айтарым, жалпы Бизнес-омбудсменнің жұмысының нәтижелері Үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың сындарлы позициясын мен қолдауынсыз мүмкін болмас еді.

Баяндама аяқталды, назарларыңызға рахмет!
жүктеу 134,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау