1 Бөлім. Жобаның міндеті мен негіздемесі
Жобаны іске асырудың негізгі бастамасы 2018 жылғы 5 қазандағы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы болып табылады.
«Сарыарқа – адалдық алаңы» (бұдан әрі - Жоба) Жобасының міндеті Қарағанды облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады.
2 Бөлім. Жобаны іске асыру бағыттары
3. Жоба келесі блоктар бойынша өзінің қызметін жүзеге асырылады:
Тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау;
Қоғамдық бақылауды іске асыру;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
4. Көрсетілген блоктар бойынша келесі бағыттар бөлінеді:
білім;
денсаулық сақтау;
әлеуметтік қамтамасыз ету;
сәулет, құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы
ауыл шаруашылығы және жер қатынастары;
мемлекеттік кірістер органдары;
сот және құқық қорғау органдары;
бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі.
Қоғамдық бақылауды іске асыру
қоғамдық бақылау картасы;
интерактивті қоғамдық бақылау картасы;
мемлекеттік сатып алуды талдау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім;
2) ақпараттық жұмыс.
3 Бөлім. Жобаны іске асыру мерзімі
5. Жобаны іске асыру мерзімі: 2019 жылдың 1 қаңтары – 31 желтоқсаны аралығы.
6. Жоба Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы мен Қарағанды облысы әкімінің бірлескен шешімімен ұзартылуы мүмкін.
Жобаны ұзарту немесе оны тоқтату 2019 жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей шешілуі тиіс.
4 Бөлім. Жобаның кадрмен қамтамасыз етілуі
7. Жоба жобалық кеңсемен жүзеге асырылады.
Қарағанды облысының бірінші орынбасары Дүйсебаев Асылбек Жексембайұлы Жобаның кураторы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті) басшысы Сәрсенов Жандос Шералыұлы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысы Шакенов Денис Владимирович Жоба со-кураторлары болып табылады.
8. Жоба (жобалық кеңсе) басшысының лауазымына қоғам өкілі (қоғамдық кеңестер, арнайы мониторингтік топ, «НұрОтан» партиясының филиалы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, жастар ұйымдарының мүшелері) тағайындалады.
Оның тағайындалуы облыс әкімінің келісімімен, Жоба кураторымен жүзеге асырылады.
Жоба басшысына Жоба жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру жүктеледі.
9. Жобалық кеңсенің кадрлық құрамын Жоба басшысы конкурстық негізде кемінде 5 адамнан тұратын Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ (бұдан әрі – Жастар ресурстық орталығы) қызметшілері сапынан құрайды.
Конкурс әңгімелесу және жазбаша тапсырма (эссе) арқылы жүзеге асырылады.
10. Жоба басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы базасында міндетті түрде оқудан өтеді, Жобалық кеңсе қызметшілері Қарағанды облысы филиалының базасында міндетті оқудан өтеді.
5 Бөлім. Жоба жұмысының қаржыландырылуы.
11. Жобалық кеңсе Қарағанды облысы әкімдігінің ғимаратында орналасады.
12. Жоба жұмысын, транспорттық шығындарды төлеу, кеңсе тауарлары мен техникалары және басқа да материалды шығындарды қаржыландыру Қарағанды облысының жергілікті бюджеті есебінен жүзеге асырылады.
13. Жоба басшысының жалақысы негізгі жұмыс орнынан төленеді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен қарастырылған барлық әлеуметтік кепілдіктер сақталады.
14. Жобалық кеңсе қызметшілерінің жалақысы Жастар ресурстық орталығының есебінен төленеді.
15. Іс-сапар шығындары Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті және Жастар ресурстық орталығы бюджетінде қарастырылады.
16. Көрсетілген блоктар мен бағыттар бойынша Жоба жұмысын қосымша қаржыландыру Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы және Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаларымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында, сонымен қатар жүзеге асып жатқан «Азаматтық бақылау» әлеуметтік тапсырысы аясында қарастырылады.
6 Бөлім. Жоба қызметін басқару
17. Жобаның жоғарыда аталған блоктары мен бағыттары бойынша жұмысты нақты міндеттер мен орындау мерзімдері көрсетілген әрекет жоспарының негізінде тиісті жобалық топ қамтамасыз етеді.
18. Жобалық топтардың құрамы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің (келісім бойынша) және Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдарының жауапты және лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың қатарынан облыс әкімімен келісіліп, Жоба кураторымен анықталады.
19. Жобалық топтардың әрекет жоспарлары Жоба со-кураторының келісімімен куратордың өзімен бекітіледі.
20. Жобалық топтар қызметінің үйлестірілуі мен сүйемелденуі жобалық кеңсенің басшысымен және оның қызметшілерімен іске асырылады.
21. Жобалық кеңсенің жанында жұртшылық, бизнес-қауымдастық және БАҚ өкілдерінің қатарынан Сарапшылық кеңес құрылады.
22. Жобалық кеңсенің ұсыныстары Қарағанды облысының әкімімен бес жұмыс күні ішінде қарастырылуы міндетті болып табылады.
23. Жобалық кеңсе қызметінің мәселелері апта сайынғы негізде әкімдіктің аппараттық жиналыстарында қарастырылады.
24. Ай сайынғы бірлескен жиналыстарда жобалық кеңсе басшысының есептік ақпараты тыңдалады.
25. Тұрақты негізде Жобаның күнделігі жүргізіледі.
26. Жоба басшысы Жобаның қызметі бойынша есептік ақпаратты апта сайынғы негізде Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментіне ұсынады.
27. Жоба кураторы жобалық кеңсе қызметінің нәтижелері бойынша талдамалық есептік ақпаратты есептік кезең айынан кейін 5 күннен кешіктірмей ай сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ұсынады.
28. БАҚ, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы Жоба қызметінің ақпараттық сүйемелденуі тұрақты негізде қамтамасыз етіледі.
7 Бөлім. Жобаның жүзеге асырылуының тиімділігін бағалау және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
29. Жобаның жүзеге асырылуының тиімділігінің бағалауы аймақтар кесімінде жемқорлық жай-күйі туралы қоғамдық пікірді сипаттайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне негізделеді (001 бюджеттік бағдарлама «Мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру»).
30. Жобаның тиімді жүзеге асырылуы бойынша жауапкершілік кураторға және со-кураторға жүктеледі.
31. Заңнама нормаларының бұзушылығын жасаған немесе Жобалық кеңсе қызметі аясында өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған Жоба басшысының және қызметшісінің жауаптылығы тағайындауға немесе жұмыстан босатуға құқылы лауазымды тұлғамен қарастырылады.
8 Бөлім. Жобаны басқару құрылымы*
«Қоғамдық бақылауды іске асыру»
|
«Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және жайлы жағдайларды жасау»
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
|
«Қоғамдық бақылау картасы»
|
«Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы»
|
«Мемлекеттік сатып алулар мониторингі»
|
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім»
|
«Ақпараттық жұмыс»
|
«Білім беру»
|
«Денсаулық сақтау»
|
«Әлеуметтік қамтамасыз ету»
|
«Сәулет, құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы»
|
«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары»
|
«Мемлекеттік кірістер органдары»
|
«Сот және құқық қорғау органдары»
|
«Бірінші басшылардың жеке жауаптылығы»
|
* ескерту: жобалық топтың атаулы құрамы осы Жарғының 18 тармағына сәйкес анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |