23
ҚР ҚН 1.02-03-2011
10 Бір сатылы жобалау кезіндегі жобалық құжаттаманың
құрамы мен мазмұны
10.1 Бір сатылы жобалау кезінде жұмыс жобасы бекітілген қала құрылыстық жобалар
немесе нормалардың талаптарына сәйкес жоба алдындағы құжаттамасының, сондай-ақ
объектілердің жобалау тапсырмасының негізінде әзірленеді.
10.2 Өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысы жұмыс жобасының (ЖЖ) құрамына
төмендегілер:
- жұмыс жобасының (төлқұжаты) (9.3.1);
- объектінің энергетикалық төлқұжаты (9.3.2, жобалау тапсырмасына сәйкес);
- жалпы түсініктемелік жазбахат (10.2.1), оған енетін бөлімдер:
- бас жоспар және көлік;
- технологиялық шешімдер;
- сәулеттік-құрылыс шешімдері;
- инженерлік жабдықтар, желілер мен жүйелер;
- төтенше жағдайларды ескерту шаралары;
- құрылысты ұйымдастыру;
- қоршаған табиғи ортаны қорғау;
- сметалық құжаттама (10.2.2);
- құрылыс объектісінің жұмыс сызбалары (10.2.3).
- қазақстандық мазмұнды есепке алуымен К қосымшаға сәйкес қорытынды жасалған
және тапсырма берушiмен бекітілген негізгі құрылыс материалдары, өнімдері және
қондырғыларының қажеттілігінің жиынтық ведомосы.
Жұмыс жобасының бөлімдеріне қабылданатын жобалау шешімдері (осы құрылыс
нормасының 9.3-тармақтарының талаптарына сәйкес) негіздемесі үшін жеткілікті көлемде
әзірлеу қажет.
10.2.1 Жалпы түсініктімелік жазбахат жұмыс жобасының әр бөлімі бойынша негізгі
ақпараттар мен түсініктемелерден құралады, оның ішінде:
- жобаны әзірлеуге негіздеме, жобалауға арналған бастапқы деректер, құрылыс аймағы-
ның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары туралы мәліметтер;
- жобалау шешімдеріне жүргізілген келісімдері туралы мәліметтерді, әзірленген жоба-
лау-сметалық құжаттамасының мемлекеттік нормаларға, ережелерге, стандарттарға, бастапқы
деректерге сәйкестілігін, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарынан
ауытқудың жоқтығы туралы келісімі белгіленген тәртіпте рәсімделіп, объектінің орналасқан
жері келісілген кездегі мемлекеттік қадағалау (бақылау) органының, басқа да мүдделі
ұйымдардың және тұлғалардың берген техникалық шарттары мен талаптарын куәландыру;
- бас жоспар бойынша негізгі көрсеткіштер, соның ішінде: құрылыс ауданы және алаңы-
ның қысқаша сипаттамасы, бас жоспар бойынша шешімдер және көрсеткіштер (аумақтарды
бөлуді есепке алып), ішкі аландық және сыртқы көлік, көлік түрлерін таңдау;
- құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және геотехникалық
шарттары туралы мәліметтер, ғимараттар мен құрылыстарды бұзу, ауыстыру бойынша
талаптар, құрылыс салу ережелерін сақтау, қала құрылыстық тұжырымдамасы, аумақты
абаттандыру бойынша шаралар;
- кәсіпорынның, құрылыстың және оның құрамына енетін өндірістердің қысқаша
сипаттамасы, жобалау қуаты мен номенклатурасы, сапасы, сондай-ақ өндірістің технология-
лық шешімдері, оның құрамы мен қолданылатын жабдықтардың негіздемесі, бәсекелесуге
қабілеттігі, өнімнің техникалық деңгейі, шикізат базасы, отын, суды, жылу мен электр
энергиясының қажеттілігі, шикізатты кешендік пайдалану, өндіріс қалдықтары, қайта
қолданылатын энергия ресурстары туралы мәліметтерді;
- негізгі ғимараттар мен құрылыстардың сәулет-құрылыс шешімдерінің сипаттамасы
24
ҚР ҚН 1.02-03-2011
мен негіздемесі, ғимараттар мен құрылыстардың құрылымдық схемалары, негіздер мен ірге-
тастар, жүк түсетін және қоршау қонструкциялары, ғимараттар аражабындары мен жабында-
ры, құрылыстардың конструкцияларының және т.б. конструктивтік схемалары.
- мүгедектер мен басқа да мүмкіншілігі шектеулі топтарының тіршілік ету жағдайын
қамтамасыз ету шаралары және қоршау конструкциялардың жылу сақтау қасиеттері жөніндегі
шешімдерінің негіздемесі, жұмыскерлердің тұрмыстық, санитарлық қызмет орнындағы
өндірістік шу мен дірілді азайту жөніндегі түбегейлі шешімдерінің негіздемесі;
- сумен жабдықтау, арналық кәріз, жылумен қамту, газбен жабдықтау, электрмен
жабдықтау, жылыту, желдету, ауаны сәйкестендіру жөніндегі инженерлік желілер, жүйелер
және жабдықтар жөніндегі шешімдер, инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша
(байланыс пен сигнал беру, радиоландыру мен теледидар, сондай-ақ өртке қарсы құрылғылар,
найзағайдан қорғау және т.б.), инженерлік жүйелерді басқаруды диспетчерлендіру және
автоматтандыру шешімдері;
- судың, отынның, жылу мен электр энергиясының шығынын бақылау бойынша іс-
шаралар, соның ішінде олардың тұтынуын есептеу және реттеуге арналған жабдықтарды
орнату жөніндегі іс-шаралар;
- төтенше жағдайлардан, жарылыс және өрт қаупінің алдын-алу жөніндегі инженерлік-
техникалық шаралар;
- жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары мен еңбек жағдайын
қорғауды есепке ала отырып, құрылысты ұйымдастыру бойынша жалпы мәліметтер,
санитарлық-эпидемиологиялық шаралар;
- атмосфераға және су көздеріне тасталған зиянды заттектердің шығарылу құрамы және
саны туралы ақпараттар есепке алынған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәліметтер және
қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуы және тасталуын жою (қысқарту) бойынша
техникалық шешімдер;
- жобаны әзірлеу нәтижесінде алынған техникалық-экономикалық көрсеткіштер, оларды
бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінің көрсеткіштерімен салыстыру немесе
объектінің құрылысына құйылған инвестициялардың негіздемесі.
10.2.2 Сметалық құжаттама мемлекеттік нормативтерде келтірілетін ережелер және
нысандарға сәйкес жасалады.
Жұмыс жобасы сатысында әзірленген сметалық құжаттама мыналардан:
- сметалық-нормативтік базаның қолданылымында баяндалатын ақпараттар;
аталған құрылысқа қолданылатын сметалық нормативтік базаны, осы құрылысты
айқындайтын бағалар деңгейі және басқа да мәліметтер келтірілген түсініктемелік жазбадан;
- шығындар мәліметінен (қажет болған жағдайда);
- жиынтық сметалық есеп және құрылыс құнының сметалық есебінен;
- объектілік және жергілікті сметаларынан;
- жергілікті сметалар ресурстарының ведомосынан құралуы қажет.
10.2.3 Әр бөлім бойынша осы құрылыс нормасының алдыңғы (9.6) бөліміндегі жұмыс
кұжаттамасының құрамы мен мазмұнына сай келетін және ҚЖҚЖ талаптарына сәйкес
орындалған жұмыс сызбанұсқалары әзірленуі тиіс.
10.3 Желілі құрылыстарды салу жұмыс жобасының құрамы ведомстволық нормативтік
құжаттармен белгіленеді және осы құрылыс нормасының 9.4-бөліміндегі сәйкестендірілген
талаптардың негізгі ережелерін қамтуы қажет.
10.4 Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер құрылысының жұмыс жобасы төмен-
дегі бөлімдерден тұрады:
- жұмыс жобасының төлқұжаты (10.4.1);
- жұмыс жобасының энергетикалық төлқұжаты (10.4.2);
Достарыңызбен бөлісу: |