Жиындар арасындағы қатыс
A = {a, b,с, d, e } жəне в={Ь, d,к, f} жиындары берілсін. b мен d элементтері А жəне В жиындарында жататындығын көреміз. b мен d элементтерін А жəне В жиындарының ортақ элементтері деп атап, бүл жиындарды қиылысады дейді.
Егер жиындардың ортақ элементтері болмаса, онда оларды қиылыспайды дейді. Енді A = {a, b,с, d, e } жəне в = {с, d,e } жиындарын қарастырайық. Бұл жиындар қиылысады, сонымен қатар В жиынының барлық элементгері А жиынының да элементтері болып табылады.
А н ы қ т а м а: Егер В жиынының əрбір элементі А жиынының да элементі болса, онда Е жиыны А жиынының ішкі жиыны деп аталады, Бұл қатыс былай жазылады В⥹ А
Оқ ы л у ы: В жиыны А жиынында қамтылған немесе В жиыны А жиынының ішкі жиыны.
Мысалы, егер А мектептегі бесінші сынып оқушыларының жиыны, ал В-осы сыныптағы ер балалар жиыны болса, онда 8 жиыны А жиынының ішкі жиыны болады, яғни В а А Геометриялық фигуралар жиындарының ішкі жиындары геометрияда жиі кездеседі.Айталык, А- төртбүрыштар жиыны; В-параллелограммдар жиыны; С- ромбылар жиыны; Д- шаршылар жиыны болсын. СондаД ⥹С⥹ В ⥹А.
Құр жиын кез-келген жиыннын ішкі жиыны болады, яғни Ø ⥹А сонымен қатар жиын өзінің де ішкі жиыны болады, А⥹А.
Сондыктан берілген А жиынының ішкі жиындарының құрамында міндетті түрде кұр жиын мен сол А жиыныныц өзі де болады.
Мысалы, А= {2, 3,4} жиынынын барлык ішкі жиындарын тізіп жазу керек. Олардың ішінде бір элементті жиындар {2}, { 3}, {4} екі элементті жиындар {2,3} {3, 4} {2,4} А={2, 3, 4} жиынының өзі жəне Ø болады. Сонымен, берілген А жиынының сегіз ішкі жиыны бар.
Жиындар туралы айтканда, ол жиындардағы элементердің орналасуына көңіл аудармай, тек қандай элементтерден тұратығындығын зерттейміз. А={a,b,d,с,е},В={с, a, d, е, Ь} жиындарын қарастырайык.Олар қиылысады жəне А жиынының əрбірэлементі В жиынының элементі болады, яғни А⸦В, сонымен катар В жиынынын əрбірэлементі А жинынын элементі болады, ягниВ⥹А
Ан ы қ т а м а. Егер А жиыныныц əрбір элементі В жиыныныц даэлементі болса жəне керісінше, В жиыныныц əрбір элементі А жиыныныц да элементі болса, онда А мен В жиындары тең деп аталады да былай жазылады:А=В.
Бүл аныктаманы былай да айтуға болады: егер А⸦В жəнеB⸦А болса,онда А және В жиындары тең деп аталады.
Көрнекілік үшін жиындарды дөңгелек не сопақ тəрізлі фигуралармен бейнелейді. Оның ішінде сол жиынның элементтері ғана орналасады. Ол дөңгелектерді Эйлер дөңгелектері деп атайды,
Мысалы, А= {a, b, d,с,е},В= {с, d, e} болса, В жиыны А жиынында қамтылады (ішкі жиыны болады) деген катысты эйлер дөңгелегі арқылы 1 сызбадағыдай көрсетіледі.
жиыны болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |