19
дамытып, атомның да одан ары бөлінуі ықтимал екендігін мәлімдейді.
«Атомның ішінде бос кеңістік және ұсақ бөлшектер бар, бұл бөлшектердің
барлығы ұдайы қозғалыста болады. Бұдан тыс бөлшектердің арасында
өзара әсер күштері бар» деп санайды ол.
*Ар-Розидің бұндай теориялық көзқарастарын Әбу Райхан Беруни
мен Ибн Сина дамыта түсті. Бұл туралы олардың бір-біріне жазған хат-
тарында пікір өрбітіледі. Берунидің Ибн Синаға жолдаған сауалдарының
бірінде мынадай жолдар бар: «Кейбір ойшылдар атом бөлінбейді, одан кіші
бөлшектер жоқ дегенді айтады, бұл – надандықтан басқа ештеңе де емес.
Ал екінші біреулер атом бөліне береді, олардың бөлшектенуінде шек жоқ
деседі. Бұл – манағыдан да өткен надандық деп білемін. Өйткені атомның
бөлінуі шексіз болса, материалдық болмыс жойылып кетер еді. Бұлай
болуы мүмкін емес, себебі материалдық болмыс – мәңгілік. Сенің бұл
мәселедегі пікірің қандай?..»
Ибн Сина өзінің Беруниге жолдаған жауабында Аристотель мен Ар-
Розидің «атомның бөлінуі шексіз созыла береді деп түсінбеу керек» деген
пікірлерін келтіреді және бөлінудің де шекарасы бар екенін айтып өтеді.
Бүгінгі таңда атом түзілісінің күрделі екендігі толығымен дәлелденген.
Атом ядродан және электрон қабықтан тұрады. Өз кезегінде ядро да өте
ұсақ бөлшектерден – протондар мен нейтрондардан құралған. Қазір про-
тондар мен нейтрондардың одан да кішкене бөліктерден, яғни кварктар-
дан құралғаны анықталған. «Бұл бөліністің шегі бар ма, әлде жоқ па?» де-
ген сұраққа келешекте сендер сияқты ізденімпаз оқушылар жауап беретін
шығар деп үміттенеміз.
1. Заттың түзілісі жөнінде қандай түсініктерің бар?
2. Демокриттің атом теориясында қандай кемшіліктер бар деп
ойлайсың?
3. Ар-Розидің ғылымның басқа бағыттары бойынша жазылған
еңбектерін тауып оқыңдар.
4. Сен зат бөлшектерінің бөлінуі шексіз деп санайсың ба?
5. Әбу Райхан Берунидің сұрағына сен қалай жауап беретін едің?
20
9-ТАҚЫРЫП
МОЛЕКУЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЛШЕМДЕРІ
Сендер әрбір заттың өзіне тән ерекшеліктері бар екенін жақсы бі-
лесіңдер. Мысалы, қант – тәтті, тұз – кермек және тағы басқа сол сияқ ты.
Қантты келіге салып ұнтақтайық. Ұнтақты жалап көргенімізде, оның дәмі
әлі де тәтті екенін байқаймыз. Бұдан бұрынғы сабақта айтылғанындай,
оны бұдан да ұсақ бөлшектерге бөлсек, оның тәтті дәмі сақталып қала
бере ме? Тәжірибелерден дәлелденгеніндей, зат белгілі бір өлшемге дейін
бөлшектенсе, оның қасиеті сақталады.
Заттың қасиеті сақталып қалатын ең кіші бөлшек молекула деп
аталады.
4-сурет.
Молекула (латынша «molec» – «масса») бір атом-
нан немесе бірнеше атомнан құралуы мүмкін.
Мәселен, судың молекуласы 3 атомнан тұрады.
Оның біреуі – оттегі атомы, ал екеуі – сутегі атомы
болып табылады (4-сурет).
Біз тыныс алатын оттегі молекуласы бір түрлі
қос оттегі атомынан тұрады. Ал тынысты сыртқа
шығарғанда бөлінетін көмір қышқыл газы бір
көміртегі және екі оттегі атомынан түзіледі. Әрбір
атом мен молекуланы өзіне ғана тән әріптермен
және цифрлы әріптермен белгілеу қабылданған.
Мәселен, оттегі атомы – О әрпімен, ал молекула-
сы қос атомнан түзілгендігі себепті О
2
түрінде
белгіленеді. Көмір қышқылының молекуласы – СО
2
түрінде, ал су молеку-
ласы Н
2
О түрінде белгіленеді.
Осыған орай су молекуласын атомдарға бөлшектейтін болсақ, екі сутегі
атомы мен бір оттегі атомы жеке тұрғанда судың қасиетін бере алмайды.
Өте көп атомдардан түзілетін молекулаларда атомдардың өзара орналасуы
да оның қасиеттерінің өзгеруіне себеп болады. Тіпті бір аттас атомдардың
кейбіреулері ішкі түзілісі тұрғысынан басқаларынан өзгешелеу болуы
ықтимал.
Табиғатта нақ бірдей денелер кездеспейді. Тіпті егіздерде де әлде
қандай айырмашылық болады. Ата-аналары оларды сол ерекшеліктеріне
қарай ажыратады. Бірақ белгілі бір заттың молекулаларында бір-бірінен
айырмашылық болмайды. Мысалы, қарбыз шырынынан, теңіз суынан
алынып, буландыру жолымен тазартылған су молекуласында бұлақ суы
молекуласынан ешқандай айырмашылық жоқ.
21
Атомдар мен молекулалар өте ұсақ болғандықтан біз оларды жай
көзбен көре алмаймыз. Оларды қарапайым микроскоп түгілі, ең үздік
оптикалық микроскоппен (оның ең шағын көру өлшемі 0,000002 мм) де
көрудің өзі мүшкіл. Сонда олардың өлшемдерін қалайша анықтауға бола-
ды?
Бір қарағанда бұл сұрақтың жауабы жоқ сияқты болып көрінеді. Ол
үшін тәжірибе жүргізіп көрейік. Жайпақтау ыдысқа (тәрелкеге) су құйып,
оған шкаласы бар тамызғышпен бір тамшы май тамызамыз. Сонда май
тамшысы сұйықтықтың үстіне жайылып кетеді. Бұның себебі сол, ең
үстіңгі қабаттағы молекулалар «тайып» кетіп, жанына түседі. Одан кейінгі
қабаттағылар да нақ сол жолмен жанына қарай түсіп, жайылады. Ең
соңында жалғыз-ақ қабат қалады. Жайылған май тамшысы шеңбер түрінде
болса, оның диаметрі штангенциркульдің көмегімен өлшеніп, беті S-пен
белгіленеді (5-сурет).
Бір тамшының көлемін анықтау үшін тамыз-
ғышпен 1 см³ көлеміндегі сұйықтық арнаулы ыдысқа
тамызылып, май тамшыларының саны анықталады.
Тамшының көлемі 1 см³-ты тамшылар санына бөлу
жолымен табылады.
5-сурет.
Жайылған тамшы көлемі V = d · S-ке тең бол-
ғандықтан, май қаба тының қалыңдығы
d
V
S
бола-
ды. Бұдан қабатың қалыңдағы немесе молекуланың диаметрі d = 0,0000002
мм-ге тең болып шығады. Бүгінгі заман әдістері негізінде өлшенген
молекулалардың диаметрлері де осындай екендігі анықталған. Бұл санның
өте кішкентай екендігін төмендегі мысал арқылы білуге болады. Бір
дана сутегі молекуласын үлкейтіп, алма пішініне келтіретін болсақ, Жер
ғаламшары алмадан неше есе үлкен болса, шамамен алма да сутегі молеку-
ласынан сонша есе үлкен болып шығар еді.
Бүгінгі таңда арнаулы электронды микроскоптың көмегімен үлкен
мөлшердегі молекулалармен қатар кейбір атомдардың да суретін алуға
болады. Сутегі атомының өлшемі 0,00000012 мм-ге, ал молекуласының
өлшемі 0, 00000023 мм-ге тең. Ақуыз молекуласының өлшемі 0, 0043 мм
айналасында екен.
1. Атом мен молекуланың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
2. Молекуланың құрамында қанша атом бар екенін қалай білеміз?
3. Молекула үлкен бе, әлде бактерия ма? Бактерияның өлшемін
өсімдік тану немесе жануартану оқулықтарынан тауып, салысты-
рып көрің дер.
Достарыңызбен бөлісу: |