Затттың ТҮзілісі жөніндегі алғАШҚы мәліметтер механикалық ҚҰбылыстар



жүктеу 4,14 Kb.
Pdf просмотр
бет5/49
Дата16.02.2018
өлшемі4,14 Kb.
#9755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

15
Бірер  шаманы  өлшеуден  бұрын  өлшенуге  тиісті  шама  өлшеу 
аспабының  мүмкіндігімен  салыстырылады.  Мәселен,  қаламның  немесе 
қарындаштың  ұзындығын  өлшеу  керек  болса,  оны  өлшеуге  қарапайым 
оқушы сызғышының мүмкіндігі жеткілікті болады. Өйткені оның өлшеу 
шекарасы  қаламның  яки  қарындаштың  ұзындығынан  анағұрлым  үлкен. 
Алайда  бұлай  өлшеуде  де  қателіктер  кетеді.  Өлшеу  кезінде  бұндай 
қателік  өлшеніп  жатқан  шама  көршілес  екі  сызық  аралығына  тура  кел-
ген  жағдайда  туындайды.  Физикада  өлшеу  барысында  жол  берілетін 
сәйкессіздікті  өлшеулер  қателігі  деп  атайды.  Өлшеу  аспаптарында 
оның  мәні  шкаланың  дәрежесінен  үлкен  болмайды.  Заттың  ұзындығы 
өлшеу аспабының шкаласындағы штрихпен бетпе-бет түскенде де бәрібір 
қателік  орын  алады.  Бұл  адам  жанарының  мүмкіндігі  қаншалықты 
шектелуіне  байланысты  болып  табылады.  Осыған  орай  өлшеулер 
қателігі  өлшеу  аспабының  шкаласы  дәрежесінің  жартысына  тең  деп 
қабылданған.
Көбінесе  сызғыштың  өлшеу  шекарасынан  үлкен  болған  жағдайлар  жиі 
кездеседі. Мәселен, үстелдің ұзындығын өлшеу қажет болған кездерде өзге 
ұзын  сызғыш  табылмаса,  қысқа  сызғышты  үстелге  бірнеше  рет  қайталап 
қою  жолымен  ұзындықты  анықтауға  болады.  Дегенмен  әрбір  өлшеу 
кезінде аз-аздап болса да қателіктер жиналып қалады.
    Осыған орай өлшеу қателіктерін азайту үшін өлшеу ісі бірнеше 
рет  қайталанады.  Бұндайда  тіпті  бірнеше  түрлі  аспаптарды  да 
пайдалануға  болады.  Соның  нәтижесінде  физикалық  шаманың 
бір-бірінен  ерекшеленіп  тұратын  бірнеше  мәндеріне  ие  боламыз. 
Онда өлшеніп жатқан шама неге тең болады?
Бұны анықтау үшін орташа мән деп аталатын санды есептеп табу ке-
рек.  Бұндайда  өлшенген  барлық  мәндер  қосылады  да,  өлшеулер  санына 
бөлінеді. Мәселен, өлшеу екі рет жүргізілген болса,
орташа мән 
1-өлшенген мән + 2-өлшенген мән
2
Физикалық  шама  қаншалықты  көбірек  өлшеніп,  оның  орташа  мәні  та-
былса, шама да соншалықты дәл болады.
Кейбір  өлшеу  аспаптарында  оның  өлшеу  қателігі  пайыздармен  жазып 
алынады.  Мәселен,  ±5  деген  жазу  аспап  көрсеткішінде  шынайы  шамадан 
+5 немесе –5 пайыз айырма болатынын білдіреді.
Жіберілген  өлшеу  қателіктерін  ескере  отырып,  шамаларды  төмен де-
гідей жазамыз:


16
 
A = a ± ∆a, 
бұндағы  А – өлшеніп  жатқан  шама,  a – өлшеу  нәтижесі,  Δa – өлшеу  қателігі 
(Δ – грекше «дельта» әрпі).
1. Өлшеу аспаптарының өлшеу шекарасы дегенде нені түсінеміз?
2. Өлшеулер қателігі қалай анықталады?
3. Неліктен өлшеулер қайта жүргізіледі?
4. 2-суретте  келтірілген  аспаптардың  өлшеу  дәлдігі  мен  шекарасын 
айт.
Практикалық тапсырма
Сыныпта  өзің  отырған  партаның  ұзындығын  сызғыштың 
көмегімен өлше.
1-жаттығу
1. Төмендегі құбылыстардың қайсысы жарық құбылысына жатады?
а)  метрода  пойыз  жүріп  барады;  ә)  электр  плитасында  тамақ  пісіп 
жатыр;  б)  сай  суының  сарылы  естіліп  тұр;  в)  аспанда  бұлттар  қалқып 
барады;  г)  теледидардан  көркем  фильм  көрсетілуде;  ғ)  беткейдегі  қар  ери 
бастады.
2.  Өлшеу  таспасындағы  штрих  сызықтар  саны  201.  Бірінші  сызықтың 
қарсысына  0  цифры,  соңғысына  100  см  деп  жазылған.  Аспап  шкаласы 
нешеге бөлінген? Аспап шкаласының дәрежесі қандай?
3.  2-суретте  келтірілген  сызғыш,  термометр,  секундомер,  мензурка 
шкаласының дәрежесін анықта.
4.  Өлшеу  таспасы  арқылы  жіп  орамының  қалыңдығын  қалай  өлшеуге 
болады?
5. Асбұршақ яки ноқат түйіршіктерінің көлемін мензурканың көмегімен 
қалай анықтауға болады?
6. 497 дм-ді метрмен өрнекте.


17
I
ТАРАУ
Сен бұл тарауда:
–  ерте замандардағы ғалымдар 
мен өз жерлестеріміз Рози, 
Беруни жəне Ибн Синалардың 
заттың түзілісі жөніндегі 
ілімдерімен;
–  молекулалардың ретсіз 
қозғалысымен;
–  қатты денелердің, сұйықтар 
мен газдардың молекулалық 
түзiлiсiмен;
–  диффузия құбылысымен;
–  масса жəне тығыздық шама-
ларымен танысасың.
ЗАТТАРДЫҢ ТҮЗІЛІСІ
ЖӨНІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ
МӘЛІМЕТТЕР


18
АЛҒЫ СӨЗ
Адамзат  өте  ерте  замандардан-ақ  айнала  төңіректегі  заттарды – ағаш, 
тас,  топырақ,  су  сияқтыларды  пайдалана  бастаған.  Бірте-бірте  пайдалы 
қазбалардың арасынан темір, мыс, күміс, алтын тәріздес металдарды бөліп 
алуды  үйренді.  Сосын  оларды  қосып  балқытудың  нәтижесінде  қола  мен 
жезді  тапты.  Кей  кездерде  қылыш,  қалқан  сынды  соғыс  құралдарын  жа-
сау үшін қатты материал керек болған, тағы бірде әшекей ретінде қолдану 
үшін (тәж, сақина, жүзік т.б.) өзгеше қасиеттері бар материалдар қажеттігі 
туындаған. Оларды табу үшін заттардың түзілісін үйреніп-зерттеу арқылы 
табиғатта  бар  материалдар  жиірек  қолданылған.  Сонымен  қатар  адамзат 
өзінің  жинақтаған  тәжірибелерін  пайдалана  отырып,  жаңа  қасиеттері  бар 
жасанды  заттарды  тапқан  (пластмассалар,  полимерлер  және  т.б.).  Бұндай 
білімдер  мен  тәжірибелерді  иелеу  үшін  ұлы  ойшылдар  мен  ғалымдар  сан 
мыңдаған  жылдар  бойы  ізденіп,  ауыр  азап  пен  бейнетке  толы  ғылыми 
жұмыстар жүргізген.
8-ТАҚЫРЫП
ДЕМОКРИТТІҢ, АР-РОЗИДІҢ, БЕРУНИ МЕН ИБН СИНАНЫҢ 
ЗАТТЫҢ ТҮЗІЛІСІ ЖӨНІНДЕГІ ІЛІМДЕРІ
Күнделікті  тұрмыста  сен  шай  қайнату  үшін  ыдысқа  су  құйып,  отқа 
қойсаң,  су  ысыған    кезде  одан  бу  шыға  бастағанын  көресің.  Көп  өтпей-
ақ  су  қайнайды,  оны  біраз  қараусыз  қалдырсаң,  ыдыстағы  су  жоқ  бо-
лады.  Қыстың  аязды  күндерінде  сыртта  қалдырылған  су  мұзға  айнала-
ды.  Судың  буланып  кету  себебі  неде?  Су  мен  мұздың  түзілісінде  қандай 
айырмашылық бар? Осындай сұрақтар адамзатты ежелден-ақ ойландырып 
келген.  Заттың  түзілісі  жөніндегі  алғашқы  ұғымдар  грек  ғалымы  Демо
-
критке  (б.э.  дейінгі  460–370-жылдар)  тиесілі  болатын.  Оның  негіздеуінше, 
барлық  заттар  өте  ұсақ  бөлшектерден – «атомдардан»  түзіледі.  Заттың 
ең  кіші  бөлшегі  болып  саналатын  атом  одан  ары  бөлінбейді  деп  санаған 
ол.  «Атом»  сөзі  грек  тілінде    «бөлінбейтін  бөлшек»  дегенді  білдіреді. 
Демокриттің  бұл  жөнінде  жазған  еңбегі  біздің  заманымызға  жетіп  келме-
ген. Біз оның пікірлерін өзгелердің жазған шығармалары арқылы білеміз.
Демокриттің  ілімін  одан  кейін  өмір  сүрген  көптеген  ғалымдар  ары 
қарай  дамытты.  Атап  айтқанда,  ұлы  жерлестеріміз  Ар-Рози,  Беруни  және 
Ибн Синалардың шығармашылықтарында да бұл салаға қатысты ізденістер 
бар.
Әбу  Бәкір  Ар-Рози  (865–925)  өзінің  соңында  барлығы  184  еңбек  жазып 
қалдырған.  Ар-Рози  грек  ғалымдарының  атом  жөніндегі  көзқарастарын 


жүктеу 4,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау