164
Б е р i л г е н i :
Ф о р м у л а с ы :
Ш е ш у i:
t
3 сек.
υ
дыбыс
340 м/сек
l
= υ
дыбыс
· t
Жарық жылдамдығы үл кен
болғандықтан, оның же тiп келу
уақытын есепке алмаймыз.
l
= 340 м/сек · 3 сек =
= 1020 м 1 км.
Жауабы: l 1 км.
Табу керек:
l = ?
1. Нелiктен дауысты ауладан гөрi бөлмеде естiген оңай?
2. Су астындағы екi сүңгуiр кеме бiр-бiрiмен қалай байланыс жа-
сайды?
3. Жаңғырық зиянды болған жағдайды кездестiрдiң бе?
4. Адамның неге екi құлағы бар?
• Жаңғырық ең көп қайталанатын жерлер: Англиядағы Вудсток
қамалында 17 рет, Гальберштадқа жақын Деренбург қама лында
27 рет, Адерсбахқа (бұрынғы Чехословакия) жақын жерде 7 рет,
Миланға жақын қамалда 40–50 рет. Жаңғырықтың пайда болуы дыбысқа
да тәуелдi. Балалар мен әйелдердiң жоғары тондағы даусы ерлердiң дау-
сына қарағанда көбiрек жаңғырық туғызуы мүмкiн. Ең қолайлысы – қол
шапалақтау.
• Әлемнiң көп жерлерiнде ерекше ғимараттар құрылған, ол жерде сы-
бырлап сөйлесе де ұзақтан естiледi. Сицилия аралында құрылған Жир-
генти соборында осындай қасиеттiң болуы көп жанжалдар туғызған.
Өйткенi собордың нақ сол жерiнде күнәкарлар тәубе жасайтын орын
орналасқан екен. Собордың басқа жерiндегiлер де олардың тәубесiн
еститiн болған.
61-ТАҚЫРЫП
МУЗЫКАЛЫҚ ДЫБЫСТАР МЕН ШУЫЛДАР.
ДЫБЫС ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ. СӘУЛЕТКЕРЛIКТЕГI ДЫБЫС
Жоғарыда айтқанымыздай, бiз дыбыстар әлемiнде өмiр сүремiз. Бұл
дыбыстар жағымды болса, музыкалық әсер еттi деймiз. Жақпаса, сонша-
ма шуылдайды деймiз. Жылап жатқан нәрестенiң даусы анасына жағымды
болса, басқаларға шуылдағандай болады. Бiреуге дауылпаздың дау-
сы музыкалық әуен болса, бiреулерге шуыл болып естiледi. Сондықтан
оларды шекаралау қиын. Мына бiр әңгiменi тыңдайық: «Насриддин бiр
күнi музыкант танысының үйiне қонақ болып барыпты. Танысы әр түрлi
музыкалық аспаптарды қөрсетiп, ұзақ отырыпты да: «Молда Насрид-
165
дин, осы музыкалық аспаптардың қайсысының даусы саған ұнады?» – деп
сұрапты. Нас риддинiң қарны ашып отыр екен: «Менiңше, ең жағымды
дауыс кепсердiң қазанға соғылғанда шығаратын даусы», – дептi. Сонымен
адамдарға әр түрлi дыбыстар әр түрлi әсер етедi. Жалпылама айтқанда,
көпшiлiкке музыкалық дыбыстар ұнайды. Музыкалық аспаптарда дыбыс-
тар төмендегiдей пайда болады: ауа бағанының тербелуi (керней, сыр-
най, кларнет, флейта, саксофон т.б.), iшектiң тербелуi (рубаб, дутар, там-
бур, скрипка, виолончель, гиджак, домбыра т.б.), керiп тартылған терi
мен мембрананың тербелiсi (дойра, барабан, дауылпаз) және электронды
аспаптардағы тербелiстер.
Олардан шығатын дыбыстардың жиiлiгi, қаттылығы, тембрi әр
түрлi болады. Мысалы, скрипкадан шығатын дыбыс жиiлiгi 260–
15000 Гц, кларнеттiкi 150–8000 Гц. Музыкалық дыбыстардың
құстарға, үй жануарларына әсерi де зерттелген. Жағымды күй мен
әндi де өте жоғары дауыспен айтса, ол шуылға айналады. Шуыл
адамның жүйкесiне және денсаулығына керi әсер етедi. Сондықтан
шуылдан сақтану үшiн дыбыс жұтатын құралдар пайдаланылады.
Құралдардың дыбысты жұту қасиетiн белгiлеу үшiн дыбыс жұту
коэффициентi (α) деп аталатын шама енгiзiледi. α – жұтылған дыбыс
энергиясының түскен дыбыс энергиясына қатынасымен өлшенедi.
Төмендегi кестеде α коэффициентiнiң әр түрлi материалдар үшiн мәнi
берiлген (дыбыс жиiлiгi 500 Гц).
6-кесте
Материал
a
Kiрпiштен соғылған, сыланбаған қабырға
Бетон қабырға
Линолеум (қалыңдығы 0,5 см)
Қабырғаға қағылған фанер
Терезе әйнегi
Қабырғаға iлiнген кiлем
Шыныдан жасалған мақта қабаты (9 см)
0,03
0,02
0,03
0,06
0,03
0,21
0,51
Шуылдар адам денсаулығына жаман әсер ететiндiктен, оларды азай-
ту шаралары қарастырылып жатыр. Мысалы: Еуропа мемлекеттерi шуы-
лы белгiлi мөлшерден асатын ұшақтардың мемлекет аумағында ұшуына,
әуежайға қонуына тыйым салған.
166
Ғимараттарды жобалауда да дыбыстың таралуына көңiл бөлiнедi. Бұл
саланы зерттейтiн ғылымның бөлiмi сәулеткерлiк акустикасы деп атала-
ды. Жақсы жобаланған театр залдарында, сахнада сыбырлап сөйлеген ды-
быс залдың кез келген жерiнде естiледi. Бұл ғимараттың төбесiне қарасаң,
оның пiшiнi, iшi бос жұмыртқа қабығына ұқсайды. Сонда сахнадан
шыққан дыбыс оған соғылып, залдың кез келген жерiне бiрдей жол басып
барады. Бұндай залдардың көрермендер отыратын және жүретiн жерлерi
шуды жұтатын материалмен тысталады.
Практикалық тапсырма
58-тақырыпта айтылған «телефонды» сiрiңкенiң қорабы мен
шырпыдан жаса. Жiп қанша ұзын болса, байланыс сонша жақсы
болатынын анықта. Дауыс сапасының жiпке тәуелдiлiгiне көңiл
бөл.
1. Есiктi ашқанда көбiнесе скрипканың даусына ұқсас дыбыс естiледi.
Оны қалай түсiндiруге болады?
2. Көп қабатты үйде жасайтындар үшiн кiлемдi қай қабырғаға iлген
тиiмдi?
3. Жұмыс iстеп тұрған машина двигателiнiң даусын естiп, оның
механиз мiнiң қызметi туралы мәлiмет алу мүмкiн бе?
11-жаттығу
1. Жартастың қарсысында тұрған бала өз даусының жаңғырығын 2 се-
кундтан соң естiдi. Баладан жартасқа дейiнгi қашықтық қанша? (Жауабы:
340 м).
2. 54-тақырыптағы кестенi пайдаланып, тепловоз дыбысының темiр жол
рельсiн бойлап таралу жылдамдығы ауада таралу жылдам дығынан неше
есе үлкен болатынын анықта.
3. Жүгiру жолындағы мәреде тұрған төрешi қай уақытта секун домердi
iске қосуы керек: мәре тапаншасының даусы естiлгенде ме, әлде ұшқын
көрiнгенде ме?
4. Теңiздiң ~1,5 км тереңдiгiне жiберiлген ультрадыбыс 2 секундтан соң
қабыл данды. Ультрадыбыстың теңiз суында таралу жылдамдығы қаншаға
тең? (Жауабы: 1500 м/сек).
5*. Дыбыс жазу студиясында сыртқы шуылдан қорғану мақсатымен
қабырғаға екі қабат кілем ілінді. Бұнда шуыл неше есе төмендейді?
Достарыңызбен бөлісу: |