Затттың ТҮзілісі жөніндегі алғАШҚы мәліметтер механикалық ҚҰбылыстар



жүктеу 4,14 Kb.
Pdf просмотр
бет41/49
Дата16.02.2018
өлшемі4,14 Kb.
#9755
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49

141
Ибн Сина кейде жаңбырдан кейiн көрiнетiн кемпiрқосақ құбы лысын да 
дұрыс түсiндiредi. «Оның себебi Күн нұрының атмос ферадағы бұлт тардан 
өткенде  түрлi  түстерге  бөлiнуiнен,  оның  доға  пi шiндi  болуы  Жер  атмо с-
ферасының шар сияқты екендiгiнен», – дейдi ол.
Сөйтiп, ғұламаларымыз жарық құбылыстарын әр түрлi аңыздарға емес, 
өздерiнiң ғылыми бақылауларына негiздеп түсiндiрiп берген.
Практикалық тапсырма
Шар пiшiндi колбаға су толтырып, оның Күн сәулесiн жинақтау 
қасиетiн бақыла.
1. Адам қалай көредi?
2. Жарық  құбылыстары  туралы  Беруни  мен  Ибн  Сина  пiкiрлерiнiң 
қанша лықты дұрыстығы жайлы ойлап көр.
• Орталық  Америкада  анаблепс  деген  балық  бар.  Ол  суда  да, 
кұрғақта да бiрдей көрсе керек. Өйткенi оның үлкен көздерiнiң жар-
тысы суда, жартысы ауада болады.
52-ТАҚЫРЫП
ЖАЗЫҚ  АЙНА
Айнаға қарамайтын адам жоқ шығар. Оған қарағанда ненi көремiз? Ай-
надан  бiз  өз  бей немiздi  және  айналамыздағы  заттарды  көремiз.  Айнадағы 
кескiннiң  өлшемдерi  бұйымдардың  өлшемiмен  бiрдей  болады.  Айнаға 
жақындасақ,  кескiн  де  жақындайды,  ұзақтасақ,  кескiн  де  ұзақтайды.  Де-
мек,  кескiн  айнаның  бетiнде  емес,  бәлкiм  iшiнде  пайда  болатын  шығар. 
Оның  қандай  себебi  бар?  Бiр  жағы  күмiспен  қапталған  шыны  пласти-
наны  айна  дейдi.  Заттан  немесе  бұйымдардан  шағылған  жарық  айнаға 
түседi  де,  оның  күмiс  бөлiгiнде  сынады.  Жарықтың  шағылу  заңын  пайда-
ланып,  жазық  айнада  кескiннiң  пайда  болуын  қарас тырайық  (110-сурет). 
Кескiн пайда болу үшiн заттан екi сәуле айнаға бағытталады. Бұл сәулелер 
айнаның  бе тiнде  шағылу  заңына  сай  шағылады.  Ша ғылған  сәуленi  терiс 
жағына  жалғас тырсақ,  заттың  кескiнi  айнаның  артында  пайда  болады. 
Егер кескiннен айнаға дейiнгi және айнадан бұйымға дейiнгi қашықтықты 
өл шесек, олар тең болады.
Айнадағы  бейнемiзге  қарап,  оған  оң  қолымызды  созсақ,  кескiнiмiз  сол 
қолын созады. Демек, жалпақ айнада сол жақ пен оң жақтың орны ауысып 
көрiнедi.  Айнадағы  бұйым  өзiнен  сәуле  шығармайды.  Сондықтан  кескiндi 
абстрактылы кескiн деймiз.


142
110-сурет.
    Сөйтiп,  бұйымның  жалпақ  айнадағы  кескiнi  абстрактылы,  түзу, 
өлшемдерi  зат тың  өлшемде рiне  тең,  зат  айнадан  қанша  қашық-
тықта  болса,  айна  сыртында  да  сондай  қашықтықта  болады,  сол 
жағы оң жағымен ауысып көрiнедi.
*
Сфералық  айналар.  Шардың  бiр  бөлi гiнiң  пiшiнiндегi  айналарды 
сфералық  айналар  деймiз.  Олар  екiге:  ойыс  және  дөңес  түрге  бөлiнедi. 
Ойыс  айнада  сәуле  сфераның  iшкi  бөлiгiнде,  дөңес  айнада  сфераның 
сыртқы бөлiгiнде шағылады.
Ойыс  айнаға  Күн  сәулесi  түссе,  олар  бiр  нүктеге  жиналады  (111-
а  сурет).  Бұл  нүкте  ойыс  айнаның  бас  оптикалық  бiлiгiнде  орналаса-
ды  да,  оның  фокусы  деп  аталады.  Айнаның  ортасынан  F  нүктеге  дейiнгi 
аралықты фокус аралығы деймiз.
Дөңес айнаға түскен Күн сәулесi шашырайды (111-
ә сурет). Ша шыраған 
сәулелердi ойша жалғастырсақ, нүктеде қиылысады. Оны абс трактылы 
фокус дейдi. OD – айнаның қисық радиусы, OF  – айнаның фокус аралығы 
OF
 =
OD
2
 .
 
a
ә)
111-сурет.
F
R
=
2
.


143
Егер  жарық  көзiн  ойыс  айнаның  фокусына  қойса,  одан  шыққан  сәуле 
айнада  шағылып,  бас  оптикалық  бiлiкке  параллель  түрде  қайтады.  Ай-
наларда  кескiн  жасау  үшiн  бұйымнан  шыққан  екi  сәуленi  пайдалансақ 
жеткiлiктi. 112-суретте ойыс айнада жанып тұрған шамның кескiнiн жасау 
әдiсi көрсетiлген.
112-суретте  бұйым  айнадан  2F  қашық  жерге  қойылған.  Одан  1  сәуленi 
оптикалық  бiлiкке  параллель,  2  сәуленi  бас  фокус  F-қа  бағыттаймыз.  Бұл 
сәулелер айнаға шағылып, өзара түйiскен жерде шамның кескiнi пайда бо-
лады.  Кескiн  төңкерiлген,  кiшiрейтiлген  және  шынайы  болады.  Егер 
бұйым    айнадан  2F  және  F  арасындағы  қашықтыққа  қойылса  (113-су-
рет), кескiн бұл жолы да 1 және 2 сәуленiң көмегiмен жасалады. Кескiн 
төңкерiлген,  үлкейтiлген  және  шынайы  болады,  егер  бұйым  2F 
қашықтыққа қойылса, бұйым мен кескiн бетпе-бет түседi.
 
112-сурет. 
113-сурет.
114-сурет.
114-суретте  дөңес  айнада  кескiн  жа-
сау  әдici  көрсетiлген.  Онда  кескiн  түзу, 
кiшiрейтiлген жəне абстрактылы болады.
Дөңес және ойыс айналарда бұйымнан 
айна  орталығына  дейiнгi  қашықтық  d
кескiннен  айна  ортасына  дейiнгi  қа-
шықтық   f  (112-сурет)  және  фокус  ара-
лығы арасында төмендегiдей:
 
1
1
1
= +
F
f
d
.
байланыс  бар  екенiн  көрсеттi.  Ойыс  айналарда  d  және  F  барлық  уақытта 
оң  мәнге  ие.  f-тiң  мәнi  шынайы  кескiн  үшiн – оң,  абстрактылы  кескiн 
үшiн – терiс болады.
Сфералық  айналар  күнделiктi  тұрмыста  және  техникада  кең  қолда-
нылады. Дөңес айналар автомобильдерге артқы жақты бақылау үшiн орна-
тылады.  Өйткенi,  онда  жазық  айнаға  қарағанда  үлкендеу  аумақты  көруге 


жүктеу 4,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау