147
түсетiндей етiп орналастырдым. Маған қабырғадағы жанды түстердi көру
қуаныш сыйлады».
Бұл тәжiрибенi сен де жасап көрсең болады. Ол үшiн Күннен түсетiн
немесе электр шамынан шыққан сәуленi саңылау арқылы үшбұрышты
шыныдан жасалған призмаға түсiру керек. Призмаға түскен ақ жа рық
одан өткенде жетi түрлi түске бөлiнедi екен (118-сурет). Түстi жолақ-
тардың орналасу тәртiбi: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгiлдiр,
көк және
күлгiн. Жетi түрлi түстен кұралған кескiн спектр деп аталады.
Приз мадан шыққан сәуле түрлi түстi болумен бiрге, кiрген сәулеге
қарағанда шашыраңқы болады. Оның себебiн бiлу үшiн призмадан
шыққан сәуленiң бiреуiн қалдырып, қалғанын көлегейлеп тұрайық. Қалған
сәуленiң жолына басқа призма қоя мыз. Призмадан өткен сәуленiң ауытқу
бұрышын өлшеп, түрлi түстi сәуленiң призмадан өтуде әр түрлi бұрышқа
ауытқығанын көремiз. Ең үлкен ауытқу күлгiн түсте, ең аз ауытқу қызыл
сәуледе болады. Егер көлегейленген сәуленi ашып, екiншi призмадан
өткiзсе, сәуле шоғырланып, тағы да ақ сәуле болады. Ньютон осы арқылы
Күннен келетiн ақ сәуле (жарық) шындығында белгiлi қатынаста қосылған
әр түрлi таза түстердiң қоспасынан құралатынын дәлелдедi. Шындығында,
кейiнiрек Юнг деген ғалым жетi түстi емес, үш түстi: қызыл, көгiлдiр және
жасыл түстердi қосып, ақ түс деп көрсеттi. Осы үш түстi әр түрлi қатынас-
та араластырса, басқа барлық түстер пайда болады. Қазiргi түрлi түстi те-
ледидарда осы үш түс арқылы түрлi түстi кескiн жасалады. Бұйымдар мен
заттардың әр түрлi түсте көрiнуi олардың өзiне түскен жарықтың кейбiр
түстерiн жұтуынан, кейбiреулерiне шағылуынан болады. Мысалы, қызыл
шар тек қызыл түстi қайтарады, қалғандарын жұтады. Қара дене түскен
жарықтың барлығын жұтса, ақ дене қайтарады.
күлгiн
көк
көгiлдiр
жасыл
сары
кызғылт-сары
кызыл
118-сурет.
148
Демек, жоғарыда айтылған кемпiрқосақ та жаңбыр тамшыларының дәл
призма сияқты сәуленi қайтаруынан және одан сынып өтуiнен пайда бо-
лады.
Аристотель кемпiрқосақ үш-ақ түстен құралған деп есептеген: қызыл,
жасыл, күлгiн. Ал Ньютон алғаш кемпiрқосақты бес түске ажырат-
қан: қызыл, сары, жасыл, көк, күлгiн. Кейiнiрек, «он түс бар» деген. Ең
соңында жетi түске тоқталды. Ақиқатында, кемпiрқосаққа зер салып
қарасаң, бiр-бiрiнен анық шекарамен ажыратылмаған жетi түстi көресiң.
Жетi санының қабылдануы шартты болып, ежелден оған мән берiлiп
келген. Әлемдегi жетi керемет, жетi қат аспан, аптаның жетi күнi т.б.
Найзағайлы жаңбырдан соң көрiнген кемпiрқосақ айқын болады. Майда
жаңбырдан соңғы кемпiрқосақ көмескiлеу көрiнедi. Күн көкжиекке қанша
жақын болса, кемпiрқосақтың өлшемi сонша үлкен бо лады.
1. Кемпiрқосақ субұрқақтың барлық жағынан бiр мезгiлде көрiне ме?
2. Егер призмаға бiр түстi жарық жiберiлсе, экраннан не көрiнедi?
3. Неге аспан көгiлдiр, ал Күн шыққанда және кешқұрым Күн бат-
қанда қызарып көрiнетiнi жайлы ойлап көр.
• Спектрдегi сәулелердiң орналасу тәртiбi: Қ – қызыл; Қ-с – қыз-
ғылт-сары; С – сары; Ж – жасыл; Көг – көгiлдiр; К – Көк, Күл –күлгiн.
55-ТАҚЫРЫП
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС.
ЖАЗЫҚ АЙНАНЫҢ КӨМЕГIМЕН
ЖАРЫҚТЫҢ СЫНУЫН БАҚЫЛАУ
119-сурет.
Қажеттi құралдар: 1) жазық айна орнатылған
оптикалық диск; 2) сәу лелi немесе 3–6 вольттiк электр
шамы; 3) өлшемдерi 160×200 мм қалың ақ қағаз.
Жұмысты орындау:
1. 119-суретте көрсетiлген қондырғы жиналады. Опти-
калық дискiнiң ортасына жазық айна орнатылады.
2. Сәулелi көрсеткiш (немесе электр шамы) оп ти калық
дискiнiң шетiне бекiтiлiп, одан айнаға жарық тү сiрiледi.
3. Түсу бұрышын өзгертiп, оларға сәйкес сыну бұ рышы
анықталады. Нәтижелерi сынып тақтасына жазылады.
4. Түсу бұрышы мен сыну бұрыштары тең екенi тек серiледi.
149
5. Қалың ақ қағазды сынатын сәуле жақтағы дискiге жабысатын етiп
қояды. Сонда қағаз бетiнде сынған сәуле көрiнiп тұрады. Қағазды аздап
бұрсақ, сынған сәуленiң басталуы көрiнедi. Бұл құбылыстан қорытынды
шығар.
6. Тәжiрибенi сәулелi көрсеткiштi оптикалық дискiнiң сол жағына
өткiзiп қайталай мыз.
1. Түсу бұрышы мен сыну бұрышы өзара қандай қатынаста болады?
2. Сынған сәуле түскен сәулеге қарағанда қалай орналасады: бiрдей
жа зықтықта ма, әлде кез келген жазықтықта ма?
3. Түсу бұрышы 0º-қа тең болса, шағылу бұрышы неге тең болады?
56-ТАҚЫРЫП
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС.
ШЫНЫ ПРИЗМАНЫҢ КӨМЕГIМЕН ЖАРЫҚТЫҢ
СПЕКТРГЕ БӨЛIНУIН ҮЙРЕНУ
Қажеттi құралдар: проекциялық аппарат (iшiнде шоғырлы электр
шамы және сәуленi жинақтайтын оптикалық жүйесi бар қондырғы), әр
түрлi шыныдан жасалған призмалар.
Жұмысты орындау:
1. 120-суретте көрсетiлген қондырғы жиналады.
1
2
3
120-сурет.
2. Проекциялық аппарат iске қосылып, ондағы сәуле жiңiшке күйiнде
призмаға түсiрiледi (проекциялық аппараттан шығатын сәуле тар
саңылаудан өткiзiледi).
3. Призманы бұрып, жылжымалы экранға анық жарық спектрiн
түciремiз. Экрандағы спектрдiң енiн өлшеп аламыз.
4. Тәжiрибенi басқа призма қойып қайталаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |