Затттың ТҮзілісі жөніндегі алғАШҚы мәліметтер механикалық ҚҰбылыстар



жүктеу 4,14 Kb.
Pdf просмотр
бет45/49
Дата16.02.2018
өлшемі4,14 Kb.
#9755
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

154
Жарық 
жылдамдығы
Жарықтың  бiр  жынысты  ортада  1  секундта  жүрiп  өткен 
жолы.  Вакуумда  ең  үлкен   = 300000  км/сек-қа  тең.  Басқа  ор-
таларда  одан  кiшi.  Табиғаттағы  бiрде-бiр  дене  немесе  бөлшек 
жарықтың  вакуумдағы  жылдамдығына  тең  немесе  одан  үлкен 
жылдамдықпен  қозғала  алмайды.  Оны  бiрiншi  болып  даниялық 
ғалым О. Рёмер 1676 жылы өлшеген.
Айналар
Бiр  жағы  күмiспен  қапталған  шыны  пластина.  Пластина 
пiшiнiне  қарай  жазық,  дөңес  және  ойыс  болады.  Жазық  айна-
да  кескiн  заттың  үлкендiгiне  сай,  абстрактылы,  түзу,  бұйым 
мен айна аралығындағы қашықтық айна мен кескiн аралығына 
тең, сол және оң жақтары ауысқан түрде болады.
Сфералық 
айнада кескiн 
жасау
1
2
2F
F
O
d
f
Кескiн  жасау  үшiн  екi  сәуле  жеткi-
лiктi:
• заттың iшiнен айна фокусына;
•  заттың  iшiнен  бас  оптикалық  бiлiкке 
парал лель,  сосын  айнадан  шағылып, 
айна фокусынан өтетiн.
Линза
Линза – сфералық  бетпен  шекараланған  мөлдiр  дене.  Түрлерi: 
дөңес  (жинағыш),  ойыс  (шашыратқыш).  Фокус  аралығы 
(F) – линзаның  опти калық  ортасынан  фокусына  дейiнгi 
қашықтық. 
D F
= 1
 – линзаның  опти калық  күшi.  D =  1 
 м  = 1  дптр 
(диоптрия).
Оптикалық 
аспаптар
Проекциялық аппарат.
Жарық  
спектрi
Ақ  жарық  сәулесiнiң  үшбұрышты  шыны  призмадан  өткенде 
түстi  сәулелерге  бөлуiнен  болатын  кескiн.  7  түстен  құралады: 
қызыл, қыз ғылт-сары, сары, жасыл, көгiлдiр, көк, күлгiн.


155
VII
ТАРАУ
Бұл тарауда Сен:
– дыбыс көздерi жəне 
қабылдағыштарымен;
– дыбыстың əр түрлi ортада таралу-
ымен;
– дыбыс бiрлiктерiмен;
– дыбыстың қайтуы жəне 
жаңғырықпен;
– дыбыстарды техникада пайда-
ланумен;
– музыкалық дыбыстар жəне шуыл-
дармен;
– дыбыс жəне денсаулық туралы;
– сəулет акустикасы туралы 
бiлiмдермен танысасың.
ДЫБЫС ҚҰБЫЛЫСТАРЫ 
ТУРАЛЫ АЛҒАШҚЫ 
МӘЛIМЕТТЕР


156
АЛҒЫ СӨЗ
Бiз  дыбыстар  әлемiнде  өмiр  сүремiз:  сөйлесiп  жатқан  адамдар, 
машина лардың  гүрiлi,  теледидар  мен  радиоқабылдағыштардан  тарала-
тын  әуендер,  судың  сылдырап  аққаны  т.б.  Олардың  кейбiреулерi  бiзге 
ұнайды,  кейбiр  дыбыстар  ұнамайды.  Соған  орай  көңiл  күйiмiз  жақсы 
болып,  өнiмдi  жұмыс  iстеймiз,  оқимыз  немесе  керiсiнше  болады.  Ды-
быс  арқылы  адамдар  бiр-бiрiмен  қарым-қатынас  жасайды.  Осы  қарым-
қатынастың  арқасында  қоғамда  даму  болады.  Адам  дыбыстарды  пайда-
лануды  әлдеқашан  үйренген.  Дыбыс  заңдылықтарын  үйренiп,  әр  түрлi 
музыкалық  аспаптар  жасаған.  Дыбыс  жасайтын  электр  музыкалық 
аспаптарды  ойлап  тапқан.  Сен  тойларда,  концерт  залдарында  бiрнеше 
музыканттың  орнына  бiр  ғана  «ионик»  деген  электр  музыкалық  аспап-
ты  пайдаланып,  кез  келген  әуендi  шығарып  жатқан  бас қарушыны 
көргенсiң.  «Ультрадыбыс»  деп  аталатын  дыбыс  түрiн  медицинада  кейбiр 
ауруларды анықтау мен емдеуде қолданады. Дыбыстың бұл түрi ғылыми-
зерттеу  жұмыстарында,  дайын  өнiмдердiң  сапасын  анықтауда,  теңiздер 
мен  мұхиттарда  қашықтықты  өлшеуде  т.б.  пайдаланылып  жатыр.  Үлкен 
қуатты  дыбыстарды  кейбiр  химиялық  үдерiстердi  жылдамдатуда,  ма-
шиналар  мен  механизмдердiң  майда,  нәзiк  бөлшектерiн  тазалауда  да 
қолданады.
57-ТАҚЫРЫП
ДЫБЫС КӨЗДЕРI ЖӘНЕ ОНЫ ҚАБЫЛДАҒЫШТАР
123-сурет.
    Дыбыстың  қалай  пайда  болатынын 
үйрену  үшiн  төмендегiдей  тәжiрибе  жа-
саймыз  (123-сурет).  Сызғышты  партаның 
шетiнен  ұзындау  етiп  шығарып  қояйық. 
Қалған бөлiгiн суреттегiдей қолмен басып 
тұрайық.  Ұзын  жағын  қолмен  басып, 
қайта  жiберсек,  сызғыштың  ұшы  тербеле 
бастайды.  Ол  дыбыс  шығара  ма?  Сызғыштың  ұшын  партаның  үстiне 
қарай  жылжытып,  тәжiрибенi  қайталаймыз.  Онда  дыбыс  естiледi. 
Сызғыштың  тербе летiн  бөлiгiн  қысқартып  отырсақ,  дыбыс  анық  естiле 
бастайды.
Демек,  дыбыс  шығарушы  көздерде  әлденелер  тербеледi  екен.  Шын-
дығында  да  радио кернейдi  124-суретте  көрсетiлгендей  қойып,  үстiне  құс 
қауырсынын  немесе  ойыншық  тапаншаның  пластмасса  оқтарын  қойсақ, 
дыбыс шығар ғанда олардың секiретiнiн көремiз.


157
Неге  ұзын  сызғыш  тербелiп  тұрғанда  бiз  оның  дыбысын  естiмедiк? 
Оны түсiндiру үшiн тербелiстi сипаттайтын ұғым мен шаманы енгiзейiк.
    1.  Кез  келген  қайталанатын  қозғалысты  тер белмелi  қозғалыс 
дей мiз.
2. 1 секунд iшiндегi тербелiстер саны  – тербелiс жиiлiгi деп атала
-
ды.  Жиiлiктi  n  әрпiмен  белгiлеймiз.  Егер  дене  1  секундта  1  рет  тербелсе, 
оның жиiлiгi 1 Герц (Гц). деп қабылданған. 1 Гц = 
1
s
.
Адамның құлағы 16 Гц-тен 20000 Гц-ке дейiнгi дыбысты ести алады. 16 
Гц-тен  кiшi  дыбыстарды  инфрадыбыс  және  20000  Гц-тен  үлкен  дыбысты 
ультрадыбыс дейдi.
Анық бiр жиiлiкте дыбыс шығаратын аспап камертон деп аталады. Ка-
мертонды  1711  жылы  ағылшын  музыканты  Дж.
  Шором  жасап,  музыка 
аспаптарын  күйге  келтiруде  қолданған.  Камертон – екi  тармақты  металл 
стержень,  ортасында  тұтқасы  бар  (125-сурет).  Резеңке  таяқпен 
камертонның бiр тармағын соқса, белгiлi бiр дыбыс естiледi. Камертонның 
тербелуiне сенiмдi болу үшiн жiпке бiр шар iлiп, оны камертонның екiншi 
тармағына  тигiзiп  қоямыз.  Камертоннан  дыбыс  шыққанда,  шардың 
тербелiп  тұрғанын  көруге  болады.  Камертоннан  шыққан  дыбысты 
күшейту үшiн оны ағаш қорапқа орнатады. Бұл қорапты резонатор дейдi. 
Осындай  мақсатпен  рубаб,  дутар,  танбур,  домбыра  сияқты  аспаптардағы 
тербелетiн  iшектiң  астына  жұқа  перде  қойылады.  Адам ның  аузы  да 
камертонға  ұқсайды.  Тiл – тербелетiн  дене  болса,  ауыз  қуысы  мен 
тамағы – резонатордың мiндетiн атқарады.
124-сурет.
125-сурет.
Дыбыс қабылдағыштарға бi рiншi болып адамның құлағын енгiзуге бо-
лады. Құлақтың iшiнде арнайы перде бар, оған дыбыс жеткенде тербеледi 
және ондағы сигналдар миға берiледi. Адам құлағының естуi әр түрлi бо-
лады. Жастар мен қарттар құлағының естуi бiрдей емес. Хайуандардың да 
дыбыс  сезу  жиiлiк  диапазоны  басқаша.  Көбелектер,  иттер  мен  мысықтар, 
байғыздар ультрадыбысты да ести алады. Дельфин 200 кГц-ке дейiнгi уль-
традыбыстарды естидi.


жүктеу 4,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау