Затттың ТҮзілісі жөніндегі алғАШҚы мәліметтер механикалық ҚҰбылыстар



жүктеу 4,14 Kb.
Pdf просмотр
бет47/49
Дата16.02.2018
өлшемі4,14 Kb.
#9755
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

161
дай дыбыстарды естiмейдi. Ең төменгi шекара – 1  м
2
 
ауданға  тура  келетiн  дыбыс  қуаты  0,000001  мкВт 
болып  белгiленген.  Бiрлiк  бетке  тура  келетiн  ды-
быс қуаты 1 Вт/м
2
-қа жеткенде, адамның құлағында 
ауру  сезiледi  және  тербелiстердi  дыбыс  ретiнде 
қабылдамайды. Дыбыстың қаттылығы немiс физик-
127-сурет.
терi  В. Ветер  мен  Г. Фекснер  ұсынған  заң  негi-
зiнде  1858  жылы  анықталды.  Адам  сезетiн  ды-
быс  қаттылығының  төменгi  шекарасы  Белл 
деп  белгiленген.  Бұл  шама  телефонды  ойлап 
тапқан  Г. Беллдiң  құрметiне  қойылған.  Ауырлық  сезу  шекарасы  130  дБ 
деп  қабылдаған  (1  децибелл = 1дБ = 0,1  Б).  Осыған  орай  жай  сұхбаттың 
бiрлiгi – 40  дБ,  шуылдiкi – 80  дБ,  ұшақтiкi – 110–120  дБ-ға  тең.  Дыбыстың 
қаттылығын  механикалық  және  электр  қондырғылардың  көмегiмен 
күшейтуге болады. 
Мысалы: кернейден шыққан дауыс бiр бағытқа бағытталып, таралу бетi 
кiшiрейтiледi.  Pyпop  (127-сурет)  осындай  дыбысты  бағыттайды.  Ертеде 
дыбысты  күшейтетiн  аппараттар  жоқ  кезде  оны  құлағы  ауырлау  адамдар 
пайдаланған.
2.  Дыбыстың  жоғарылығы.  Бұл  шама  дыбыс  жиiлiгiмен  белгi-
ленедi.  Адам  сөйлегенде  немесе  ән  айтқанда  бiрдей  жиiлiктегi  тербе-
лiстер  шығармастан,  бiрнеше  түрлi  жиiлiктегi  тербелiстер  туғызады. 
Ер  адам  сөйлегенде  оның  дыбысында  100-ден  7000  Гц-ке  дейiн,  әйел 
адамның дыбысында 200-ден 9000 Гц-ке дейiнгi тербелiстер болады. Ли-
таврадан (барабан сияқты аспап) шығатын дыбыстар 90-нан 14000 Гц-ке 
дейiн болады.
3.  Дыбыс  тембрi.  Оған  қарап  кiм  сөйлегенiн,  кiм  ән  айтып  тұрғанын 
немесе  қандай  аспап  ойналып  жатқанын  анықтау  мүмкiн.  Дыбыстың 
iшiндегi  ең  көп  жиiлiктегi  тербелiстердiң  ең  кiшi  жиiлiгi – ν
0
  негiзгi  тон 
болады,  ал  2ν
0
,  3ν
0
  және  т.б.  жиiлiктегi  тербелiстер  обертондар  деп  атала-
ды.  Мiне,  осы  обертондар  санына  және  обер тондар  күшi  мен  дыбыстың 
қаттылығына  қарай,  дыбыс  көздерi  әр  түрлi  тембрге,  яғни  әуездiлiкке  ие 
болады.
Ер  адамдар  шығаратын  дауыстар  негiзгi  тонға  сәйкес,  «Бас»  (80–350 
Гц),  «Баритон»  (110–400  Гц),  «Тенор»  (230–520  Гц),  болып,  ал  әйел  адам-
дарда  «Сопрано»  (260–1050  Гц),  «Контральто»  (170–780  Гц),  «Меццо-со-
прано»  (200–900  Гц)  және  «Колоратур  сопрано»  (260–1400  Гц)  болып 
бөлiнедi.


162
Практикалық тапсырма (сыныпта орындалады)
Камертонды  алдымен  резеңке  таяқшамен,  сосын  балғаның 
сабымен  ұрып,  камертонның  дыбыс  шығаруында  қандай  айыр-
машылық  барын  анықта.  Үйде  хрусталь  рюмкалармен  де  орын-
дауға болады.
1. Қатты айқайлаған және шiңкiлдеген дауыстардың нендей айырма-
шылығы бар?
2. Рубабты  күйiне  келтiргенде,  оның  iшегiн  керiп  тартады.  Сонда 
дыбыс тың қайсы параметрi өзгередi?
3. Су  шүмегiне  iлiнген  шелек  суға  толып  барады.  Шелек  суға  толған 
сайын оның даусы қатты шығатыны нелiктен?
• Жарық  спектрiн  жетi  түске  бөлгендей,  дыбыс  тондарын  да 
жетiге  бөлген:  до-ре-ми-фа-соль-ля-си.  Түстердiң  анықтығын  да, 
дыбыстардың  қаттылығын  да  адамдар  көздiң  және  құлағының 
сезгiрлiгiмен  бағалайды.  Дыбыстарды  ғылыми  түрде  тондарға  бөлу 
Пифагорға  тиiстi.  Оның  шәкiрттерi  балқарағайдан  (кедр)  жалғыз  iшектi 
«монохорд»  деп  аталатын  аспап  жасаған.  Iшектi  шертсе,  бiр  тондағы  ды-
быс  шыққан.  Iшектiң  ұзындығын  екiге  бөлсе  (ортасын  басып),  жоғары 
тондағы  дыбыс  шығарған.  Сөйтiп,  музыкалық  тондарды  iшектiң  ұзын-
дығымен белгiлейтiн заңдылық табылған.
• Хайуандардың  арасында  пiлдiң  құлағы  үлкен.  Сондықтан  адамдар 
оның есту қабiлетi жоғары болса керек деп ойлайды. Шындығында пiлдiң 
құлағы  оның  температурасын  қалыпты  күйде  ұстап  тұру  үшiн  қызмет 
етедi.  Пiлдiң  құлағынан  өткен  қан  суиды.  Сондықтан  пiл  ыстық  күндерi 
құлағын дамылсыз қимылдатып тұрады.
60-ТАҚЫРЫП
ДЫБЫСТЫҢ ШАҒЫЛУЫ. ЖАҢҒЫРЫҚ
Жарықтың  бiр ортадан  екiншi ортаға өткенде бiр бөлiгi шағы латынын, 
ал  тағы  бiр  бөлiгi  екiншi  ортаға  өтетiнiн  көрдiк.  Дыбыс  та  бiр  ортадан 
екiншi  ортаға  жеткенде,  түсу  бетiнен  шағылады.  Оған  бос  бөшке  неме-
се  құбырдың  iшiнде  тұрып,  сөйлеу  арқылы  көз  жеткiзуге  болады.  Жаңа 
құрылған үйде немесе ешкiм жоқ спорт залда өзара сөйлескенде, сөздердiң 
қатты  естiлетiнiн  бiлемiз.  Теледидар  және  радио  хабарларын  жабық  спорт 
залдан  жүргiзгенде  де  дауыстың  жаңғырығып  естiлетiнiне  қөңiл  бөлген 


163
боларсыңдар.  Оның  себебi – дыбыстың  тегiс  қабырғалардан  шағылып 
қайтуы.  Егер  қабырғаның  қашықтығы  20  м-ден  көп  болса,  қайтқан  ды-
быс шыққан ды бысқа қарағанда кешiгiп естiледi. Бұл дыбысты жаңғырық 
дейдi.  Егер  параллель  қабырғалар  арасында  немесе  тау  аңғарында  да-
уыс  шықса,  жаңғырық  бiрнеше  рет  қайталанады.  Жаңғырақ  қатты  де-
нелерде  болмайды.  Мысалы,  найзағай  жарқылдағанда  бiр  рет  жарқыл 
көрсек  те,  күркiреген  бiрнеше  дауыс  естiледi.  Бiрiншiсi  қатты,  кейiн гiлерi 
жай  шығады.  Оған  себеп – күркiреген 
дауыстың  тау,  орман,  ғимарат  және 
бұл ттардан  бiрнеше  рет  шағылып 
естiлуi.
128-сурет.
Дыбыстың  шағылуын  тұрмыста,  тех-
никада  пайдаланамыз.  Мысалы:  теңiз 
және  мұхиттарда  тереңдiктi  өлшеу, 
сүңгуiр  кемелердi  анықтау  үшiн  ульт-
радыбыстар  пайдаланылады  (128-су-
рет).  Ол  үшiн  теңiздiң  түбiне  ультрады-
быс  жiберiледi  және  шағылып  қайтқан 
дыбыс  қабылданады.  Дыбыстың  бару 
және  қайту  уақыты  t  өлшенiп,  теңiздiң 
тереңдiгi  h  анықталады.  Бұнда  дыбыс 
2h
  қашықтықты  басып  өткендiктен, 
2h
 = 
д
 · t  болады.  Одан  h =
 

д
 · 
t
 
2
  анық-
талады. 
д
– дыбыс тың суда таралу жыл-
дамдығы.  Ондай  аспап  эхолот  деп  ата-
лады.
Дыбыстың  шағылып  қайтуын  металл  бұйымдар  арасына  ауа  неме-
се  бөтен  зат  кiрiп  қалғанын  анықтауда  пайдаланады.  Құймаға  тiкелей 
тигiзiлiп қойған дыбыс көзi және қабылдағыш құйма бойымен жүргiзiледi. 
Егер  құйма  iшi  бiр  тығыздықта  және  тұтас  болса,  қайтқан  дыбыс  бiрдей 
болады. Бөтен зат және қуыс болса, қайтқан дыбыс бұзылады. Медицинада 
да  бүйрек  ауруларын,  жүктi  әйелдер  мен  шарананың  жағдайын  тексеруде 
ультрадыбыстар пайдаланы лады.
Есеп шығару үлгiсi
Найзағай  жарқылынан  3  секунд  өткен  соң  күннiң  күркiрегенi  естiлдi. 
Бұлт шамамен сенен қандай қашықтықта болған?


жүктеу 4,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау