144
болады. Ойыс айналар сәулелердi жинақтау қасиетiне ие болғандықтан,
олар автомобиль фараларына, қол фонарына және прожекторларға орнаты-
лады.
1. Абстрактылы кескiн дегенде ненi түсiнемiз?
2. Тәжiрибе бойынша сфералық айналардың фокусын қалай таба-
мыз?
3. Сфералық беттiң орталығы мен айнаның фокусы бетпе-бет түсе
ме?
4. Ойыс айнада үлкейтiлген кескiндi көру үшiн бұйымды қай жерге
қою керек?
Есеп шығару үлгiлерi
Адам айнаға 1 м/сек жылдамдықпен жақындап келедi. Оның кескiнi
айнаға қандай жылдамдықпен жақындайды?
Б е р i л г е н i : Ф о р м у л а с ы :
Ш е ш у i:
1
= 1
м
с
1
2
Адам айнаға қанша жақындаса, кескiн
де сонша жақындайды.
Демек,
1
=
2
Жауабы: 1
м
с
.
Табу керек:
2
= ?
10-жаттығу
1. Бұйым дөңес айнадан 2F қашықтықта орналасқан жағдайдың
кескiнiн жаса.
2. Бұйым ойыс айнадан 250 см қашықта тұр. Айнаның фокус аралығы
245 см. Айнадан кескiнге дейiнгi қашықтықты тап. (Жауабы: ≈ 124 см).
3. Жазық айнаға сәуле α бұрышымен түседi. Егер айнаны β бұрышқа
бұрсақ, қайтқан сәуле қандай бұрышқа бұрылады? (Жауабы: 2β).
4. Екi жазық айна параллель қойылған. Олардың арасына зат қойса, ай-
налардан неше кескiн көрiнедi? (Жауабы: 2).
5
*
. Адам өзiнiң бетiн толық көру үшiн диаметрi 5 см дөңес айнаны
қандай қашықтықта ұстауы керек? Айнаның фокус аралығы 7,5 см, бетiнiң
ұзындығы 20 см. (Жауабы: 0,45 см).
6. Хирургиялық ота жасалып жатқан кезде оташы қолының көлеңкесі
ота орнына түспеуі үшін жарық көзін қалай орналастыру керек?
7. Егер заттың көлеңкесі заттың биіктігіне тең болса, онда Күн
көкжиекпен салыстырғанда қалай орналасқан?
145
8. Автомобильдің салонында арт жақты көріп отыратын айна ретінде
қандай айнаны қолдануға болады? Жауабыңды негізде.
53-ТАҚЫРЫП
ЛИНЗАЛАР ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Жарықтың екi ортаның шекарасында шағылуы мен сынуын
қарастырдық. Практикада сфералық беттердегi жарықтың сынуын кең
қолданады. Екi немесе бiр жағы сфералық бетпен шекараланған
мөлдiр дене линза деп аталады. Әдетте линзалар шыныдан жасалады.
Орта тұсы шет жағына қарағанда қалыңдау линзаларды дөңес,
жұқаларын ойыс линзалар дейдi. Сфералық беттiң О
1
және О
2
ор-
таларынан өтетiн түзу сызықты линзаның бас оптикалық бiлiгi дейдi
(115-сурет). Оптикалық бiлiкте жатқан линзаның орталығындағы нүкте
линзаның оптикалық орталығы деп аталады. Дөңес және ойыс линза-
ларда сәуленiң өтуi әр түрлi болады. Дөңес линза алып, оны Күн көзiне тiк
ұстайық. Линзадан өткен сәуленi дәптердiң парағына түсiрейiк. Линзаны
жоғарыға немесе төменге жылжытсақ, дәптер бетiндегi жарық кiшiрейiп,
нүктеге айналады да, одан түтiн шығады. Демек, линзадан өткен сәуле бiр.
нүктеде жиналады (116-су рет) Бұл нүктенi линзаның фокусы (F)
дейдi. Линзаның оптикалық ортасынан сол нүктеге дейiнгi
қашықтық линзаның фокус аралығы болады. Линзаға керi бағытта парал-
лель сәуле түсiрiлсе, олар екiншi жақта жиналады. Сондықтан
əрбiр
линзаның екi жағында бiр-бiрден фокус болады. Ойыс линзамен осын-
дай тәжiрибе өткiзсек, керiсiнше сәулелер таралып кетедi (117-сурет).
Таралған сәулелердi ойша жалғастырсақ, оптикалық бiлiктегi F нүктеде
қиылысады. Сондықтан ойыс линзаның фокусы жалған. Сөйтiп, дөңес
линзаны жинағыш линза, ойыс линзаны шашыратқыш линза деп атай-
мыз.
Линзалардың бiр жағы сфералық, екiншi жағы тегiс болуы да мүмкiн.
115-сурет.
116-сурет.
117-сурет.
146
Дөңес линзада бұйымды белгiлi қашықтыққа орналастырса, ондағы
кескiн үлкейiп көрiнедi. Оның бұл қасиетiн заттарды үлкейтiп көруге
пайдаланады. Линзаның фокус аралығына керi шаманы линза ның
оптикалық күшi деймiз. Бұл күш
D
F
=
1
формуласымен өрнектеледi. Егер F = 1 м болса, = 1 диоптрия болады.
Қысқаша D = 1 дптр.
Ойыс линзалар үшін Д теріс мәнге ие болады.
Практикалық тапсырма
Жинағыш линза мен көзiлдiрiктiң көмегiмен күн (шам) сәулесiн
бiр нүктеге жинап, фокус аралығын анықта.
1. Линзаларды қай жерде қолданады?
2. Линзаны суға толық түсiрсе, оның оптикалық күшi қалай өзгередi?
3. Линзаның бас фокус аралығын іс жүзінде қалай анықтауға бо-
лады?
54-ТАҚЫРЫП
ШЫНЫ ПРИЗМАДА ЖАРЫҚТЫҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛIКТЕРГЕ
БӨЛIНУI. КЕМПIРҚОСАҚ
Сендер көктемде жаңбырдан соң аспанда ай сияқтанып тұратын
түрлi түстi кемпiрқосақты көргенсiңдер. Көбiнесе кемпiрқосақ екеу
болғандықтан, елiмiзде оны Асан-Үсен деп те атаған. Осындай
кемпiрқосақты жаздыгүнi фонтанның қасында отырып та бақылауға бо-
лады. Шлангiмен су шашқанда да кейде кемпiрқосақ көрiнедi. Көрiнiп
тұрған табиғи кемпiрқосаққа қарай жүрсең, ол да сенен алыстай бастайды,
бiраздан кейiн ғайып болады.
Жарықтың түсiн зерттеудi 1666 жылы алғаш ғылыми түрде Ньютон
бас тады. Бұл жайлы ол былай деп жазады: «Мен 1666 жылы (сфералық
пiшiнi жоқ оптикалық шыныны тегiстеп жатқанда) жарықтың түсi жайлы
құбылысты үйрену үшiн үшбұрышты шыны призманы таптым. Сондықтан
мен бөлмемдi қараңғылап, күн сәулесi түсетiн кiшкентай саңылау
қалдырдым. Призманы жарық одан өткенде қарама-қарсы қабырғаға
Достарыңызбен бөлісу: |