Затттың ТҮзілісі жөніндегі алғАШҚы мәліметтер механикалық ҚҰбылыстар



жүктеу 4,14 Kb.
Pdf просмотр
бет46/49
Дата16.02.2018
өлшемі4,14 Kb.
#9755
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

158
Дыбысты қабылдау үшiн арнаулы микрофондар жасалған. «Микрофон» 
сөзi грекше: mikros – кiшкентай, phone – дыбыс сөздерiнен алынған. Микро-
фонда  дыбыс  тербелiстерi  электр  тербе лiстерiне  айналдырылады,  сосын 
арнайы күшейткiштермен күшейтiледi.
Керней мен сырнайда дыбыс қалай пайда болатыны жайлы ой-
лап көр.
1. Нелiктен  әрдайым  көтерiңкi  дауыстағы  музыканы  тыңдаған-
дардың  немесе  үздiксiз  аудиоплеер  тыңдап  жүретiндер дiң  есту 
сезгiрлiгi төмен дейдi?
2. Табиғаттағы қандай құбылыстар дыбыспен бiрге болады?
• Жиiлiгi  7–9  Гц  ультрадыбыс  адамдарға  жаман  әсер  етедi. 
Одан  адамның  басы  айналады,  жүрегi  айниды.  Көбiрек  әсер 
етсе,  өлтiруi  де  мүмкiн.  Мынадай  бiр  оқиға  болған.  Бiр  мемле-
кет  астанасындағы  театрда  трагедия  көрсетiлген.  Тамаша  кезiнде  ор-
ган  дейтiн  музыкалық  аспап  ойналуы  керек  едi.  Сахнадағы  трагедияның 
әсерiн  күшейту  мақсатында  театрдың  музыкалық  механигi  орган  труба-
ларын  аздап  өзгертедi.  Тамаша  басталып,  музыкант  орган  клавиштерiн 
басқанда,  залда  отырған  адамдарда  әлдеқандай  қорқыныш  пен  үрей  бас-
талады.  Көрермендер  алдымен  бiрiнен  соң  бiрi,  сосын  жапа-тармағай  те-
атрдан  шыға  қашады.  Тексерiлгенде  органнан  ультрадыбыс  шығатыны 
анықталған.  Қазiр  ультрадыбыстың  адамның  денсаулығына  әсерi  зерт-
телген  және  шуыл  көзi  бар  жерлерде  ультрадыбыстың  бар-жоқтығы 
анықталады.
58-ТАҚЫРЫП
ДЫБЫСТЫҢ ӘР ТҮРЛI ОРТАДА ТАРАЛУЫ
Дыбыстың  таралуын  үйрену  үшiн  Роберт  Бойл  1660  жылы  мына-
дай  тәжiрибе  жасаған.  Сағатты  шыны  қалпақтың  астына  қойған.  Онда 
сағаттың  сыртылдаған  дыбысы  анық  естiлiп  тұрған  (126-сурет).  Сосын 
қалпақ  астындағы  ауаны  сорып  алған.  Сағаттың  сыртылдаған  дыбысы 
төмендеген,  соңынан  естiлмей  қалған.  Демек,  дыбыс  таралуы  үшiн  орта 
қажет  екен.  Вакуумда  тербелiстi  тарататын  ешнәрсе  жоқ.  Дегенмен,  ды-
быс  қалай  таралады?  Камертон  тармағы  тербелгенде,  оның  жанындағы 
ауада  сығылу  және  кеңею  пайда  болады.  Сосын  сығылу  мен  кеңею  ауа 
бөлшектерi арқылы айналаға тарайды.


159
1.  Газдарда  дыбыстың  таралуы.  Стади-
ондарда  өтетiн  әр  түр лi  шараларда  әр  жерге 
орнатылған  радиокернейлерден  шыққан  бiр-
дей  дыбыстардың  бiр  мезгiлде  емес,  бiрiнен 
соң  бiрi  естiлетiнiн  бай қағансыңдар.  Аспанға 
атылған  отшашудың  алдымен  жарқылын, 
сосын  жарылған  даусын  естiгенсiң.  Най за-
ғай  болғанда  да  алдымен  жарқылын  кө ре-
мiз,  бiраздан  соң  барып  күркiреген  даусын 
естимiз. Демек, дыбыстың ауада таралу жыл-
126-сурет.
дамдығы  жарықтың  таралу  жыл дамдығынан  анағұрлым  кiшi  екен.  Ды-
быс тың  ауада  таралу  жылдамдығын  бiрiншi  болып  1636  жылы  француз 
ғалымы  М.  Мерцен  өлшеген.  Дыбыстың  20ºС-дағы  жылдамдығы  343  м/
сек-қа  немесе  1235  км/сағ-қа  тең.  Бұл – мылтық  оғының  жылдамдығынан 
екi  есе  аз.  Дыбыстың  жылдамдығы  ауаның  температурасы  көтерiлгенде 
артады.  Дыбыс  жылдамдығы  10°С-де  337,3  м/сек,  0°С-де  331,5  м/сек, 
30°С-де  348,9  м/сек  және  50°С-де  360,3  м/сек-қа  тең.  Әр  түрлi  газдар, 
сұйықтықтар және қатты денелер үшiн 0°С-дегi дыбыс жылдамдығы 5-кес-
теде көрсетiлген.
2.  Сұйықтықтарда  дыбыстың  таралуы.  Сұйықтықтарда  бөл шектер 
газбен  салыстырғанда  тығыз  орналасқандықтан,  оларда  ды быс тың  тара-
лу  жылдамдығы  үлкен  болады.  Дыбыстың  судағы  жыл дамдығын  бiрiншi 
рет  1826  жылы  Дж.  Колладон  мен  Я.  Штурм  Швейцариядағы  Жене-
ва  көлiнде  өлшеген.  8°С  судағы  жылдамдық  1440  м/сек  болған.  Өзенде 
шомылғанда судың түбiнде екi тасты бiр-бiрiне соғып көрiп, оның даусын 
естiген  адам  бар  шығар.  Сыртта  тұрғанда  су  iшiнде  пайда  болған  дауыс-
ты  неге  естiмеймiз?  Осыған  орай  «балықтар  дыбыс  шығармайды»  деген 
қорытынды да жасағамыз. «Балық сияқты мылқау» деген сөз содан қалған. 
Шындығында  балықтар  да,  басқа  су  жануарлары – киттер,  дельфиндер  де 
дыбыс шығарып, бiр-бiрiмен «сөйлеседi». Тек суда пайда болған дыбыстың 
99,9%-ы  су  деңгейiнен  керi  қайтады.  Дәл  осылайша  ауадағы  дыбыс  та 
судың iшiне өтпейдi.
3.  Қатты  денелерде  дыбыстың  таралуы.  Бұны  зерттеу  үшiн  теле-
фон  жасаймыз.  Ағаштан  жасалған  екi  сiрiңке  қорап  алып,  бiр-бiр  шырпы 
қалдырамыз.  Жiптiң  екi  ұшын  қорапты  тесiп  кiргiземiз  де,  шырпыға  бай-
лаймыз. Қораптарды жауып, жiптi керiп тартамыз. Телефон дайын! Бiреуiн 
серiгiңе бер, құлағына тоссын. Өзiңдегi қорапты тартып, жiптi керiп тұрып 
қорапқа  сөйлесең,  серiгiң  естидi.  Дыбыс  жiп  арқылы  берiледi.  Темiржол 
рельсiне  құлақ  тосқан  адам  пойызды  көрмесе  де,  оның  келе  жат қанын 


160
естидi.  Кейбiр  фильмдерде  индеецтердiң  жерге  құлақ  тосып,  аттылардың 
немесе мал табынының келе жатқанын бiлiп алғанын көргенсiңдер. Қатты 
денелерде  дыбыстың  таралу  жылдамдығы  үлкен  екенi  5-кестеден  көрiнiп 
тұр.
5-кесте
Газдар

, m/s 
0°C-да Сұйықтықтар

, м/сек  
20°С-да
Қатты 
денелер

, м/
сек
Көмiртегi (II) 
338
Глицерин
1923
Алюминий 6260
Азот
333,6
Теңiз суы
1490
Темiр
5850
Аргон
319
Сынап
1451
Мыс
4700
Оттегi
316
Ацетон
1192
Күмiс
3620
Хлор
206
Этил спиртi
1188
Алтын
3240
Практикалық тапсырма
1.  Суды  жылытудан  бастап,  қайнағанға  дейiнгi  дыбыстарды 
жақсылап тыңда. Себебiн талқылаңдар.
2.  Мүмкiндiгiң  болса,  даусыңды  дыбыс  таспасына  жазып  алып, 
тыңдап көр. Даусыңды таныдың ба?
1. Неге көзi көрмейтiндердiң құлағы сезгiр болады?
2. Дауыс  қай  кезде  ұзаққа  жетедi:  ыстық  күнi  ме,  әлде  салқын  күнi 
ме? Себебiн түсiндiр.
59-ТАҚЫРЫП
ДЫБЫС БIРЛIКТЕРI
Дыбыстар  жуан  және  жiңiшке,  жоғары  және  төмен,  жағымды  және 
жағымсыз болады. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы неде? Ол үшiн ар-
найы шамалар енгiзiлген. 
1.  Дыбыстың  қаттылығы.  125-суреттегi  камертонның  шар  тимеген 
тармағын  резеңке  балғамен  жайлап  ұрайық.  Сонда  камертонның 
тербелiсiнен шар белгiлi бiр қашықтыққа барып келедi. Балғамен қаттырақ 
соғайық.  Шар  бұрынғыдан  да  ұзақтау  жерге  барып  келедi.  Камертонның 
тербелiсi  кезiндегi  ең  үлкен  ауытқуды  тербелiстер  амплитудасы 
деймiз.  Ка мертон  неғұрлым  үлкен  амплитудамен  ауытқыса,  одан 
шығатын  дыбыстың  қаттылығы  соғұрлым  үлкен  болады.  Дыбыс  өзiндiк 
энергияға  ие.  Егер  дыбыс  энергиясы  белгiлi  шамадан  кiшi  болса,  адам  он


жүктеу 4,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау