74
1 Вт = 1
Дж
с
Бұл бiрлiк алғаш бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы
Дж. Ваттың (Уатт) құрметiне аталған.
Күнделiктi тұрмыста автомобиль двигателiнiң қуатын ат күшi (а.к.)
деп аталатын бiрлiкпен өлшейдi. Машина моторының қуаты жүк тартатын
аттың күшiмен салыстырылады.
1 а.к. 735,5 Вт.
Адам
қуаты
70–80 Вт
«Нексия»
автомобилi
75 кВт
ТЕ 10 L
тепловозы
2200 кВт
ИЛ–62 ұшағы
30600 кВт
Ғарыш кемесiн
ұшыратын «Энергия»
зымыраны
125 000 000 кВт
1. Машина двигателiнiң қуатын бiлсек, оның берiлген уақытта қанша
жұмыс орындағанын қалай есептеймiз?
2. Күн энергиясымен жұмыс iстейтiн қандай қондырғыларды бiлесiң?
3. Күнделiктi өмiрден қуатқа мысал келтiр.
8-жаттығу
1. Су астынан ауырлығы 3000 N келетін тасты көтеру үшін қандай күш
қажет? Тастың көлемі 120 дм³. (Жауабы: 1800 N.)
2. Кеменің суға бататын бөлігінің алаңы 2000 м². Оған қандай
қосымша жүк тиелсе, кеме суға тағы 1 м тереңірек батады? Теңіз суының
тығыздығы 1,03 г/см³. (Жауабы: 2060 тонна.)
3. Дененің ауадағы ауырлығы 196 N, керосиндегі ауырлығы 180 N.
Дененің көлемін табыңдар. (Жауабы: 2000 см³.)
4. Алюминийден жасалған денені керосинге батырғанда, оған 136 N
итеруші күш әсер етеді. Дененің ауадағы ауырлығын табыңдар. (Жауабы:
459 N.)
5. Металл бөлегінің судағы ауырлығы 850 N, ал керосиндегі ауырлығы
950 N. Дененің тығыздығын табыңдар. (Жауабы: 2700 кг/м³.)
6. Бір шар сутегі газымен, екіншісі гелий газымен толтырылды.
Егер олардың газбен толтырудан бұрынғы ауырлықтары мен көлемдері
бірдей болса, қайсысының көтергіш күші үлкен болады? Сутегі
газының тығыздығын 0,00009 г/см³, гелийдікін 0, 00018 г/см³, ал ауанікін
75
0,00129 г/
см³ деп алыңдар. (Жауабы: cутегі газымен толтырылғанда 1,08
есе үлкен болады.)
7. Көлемі 20 м³-лік шар сутегі газымен толтырылған. Бұл шар қандай
жүкті көтере алады? (Жауабы: ≈ 24 кг.)
8. Көлденең қимасының алаңы 1 м², қалыңдығы 0,4 м-лік мұз бөлегі су
бетінде қалқып жүр. Мұзды суға толығымен батыру үшін кемінде қанша
жұмыс орындау керек? Мұздың тығыздығы 900 кг/м³. (Жауабы: 80 Дж.)
9. Жылыған ауа жоғары көтеріледі, ал суыған ауа төмен түседі. Осының
себебін түсіндір.
10. Үйiңдегi шаңсорғыш, тоңазытқыш, теледидар және соған ұқсас
аспаптардың паспортын оқып, тұтыну қуатын анықта. Олардың бiр күндiк
қолданылу уақытына қарай орындаған жұмысын есепте.
11. Бөлмеңдегi желдеткiштiң қуаты 35 Вт. Оның 10 минутта орын даған
жұмысы неге тең? (Жауабы: 21 кДж).
12. Жүгiру жарысына қатысқан оқушының қуаты 700 Вт-қа тең болды.
100 м қашықтықты 15 секундта жүгiрiп өтсе, орындаған жұмысы неге тең
болады? (Жауабы: 10500 Дж).
13. Өзбекстанда жасалып жатқан «Эпика» автомобилi двигателiнiң
қуаты 156 ат күшiне тең. Ол 1 сағат қозғалыста болса, қанша жұмыс орын-
дайды?
14
*
. 10 км биiктiкте 360 км/сағ жылдамдықпен ұшып бара жатқан
ұшақ тың потенциалдық энергиясы оның кинетикалық энергиясынан неше
есе көп? (Жауабы: 20 есе).
15. Ұзындығы 20 см, массасы 30 г-дық қалам үстел үстінде жатыр. Оны
вертикаль жағдайға келтірсе, потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
16. Егер дененің жылдамдығы 4 есе арттырылса, оның кинетикалық
энергиясы қалай өзгереді?
17. Су электр станциясын салу үшін өзен суы тоғанмен бөгеледі. Тоған
қандай міндетті атқарады?
18. Су түбінен көтеріліп жатқан көпіршіктің потенциалдық энергиясы
қалай өзгереді? Кинетикалық энергиясы ше?
19. Автомобиль двигателінiң қуаты 86 а.к.-не тең. Оны Вт-пен
өрнектеңдер.
76
II ТАРАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУҒА АРНАЛҒАН
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Төмендегiлердiң қайсысының өлшем бiрлiгi негiзгi физикалық шама
болып саналады?
A) тығыздық; B) көлем; C) күш; D) уақыт.
2. 2942 Вт-қа тең қуатты ат күшімен өрнекте.
А) 1. В) 2. С) 3. D) 4.
3. Сөйлемді толықтыр. «Автомобильдің тарту күшін анықтау үшін ...
керек».
А) ... двигательдің қуатын оның жылдамдығына бөлу ...
В) ... двигательдің қуатын оның жылдамдығына көбейту ...
С) ... двигательдің қуатын оның жылдамдығына қосу ...
D) ... двигательдің қуатын оның жылдамдығынан азайту ...
4. Мензуркадағы суға түсiрiлген дененiң бiр бөлiгi батып, жүзiп жүр.
Судың деңгейi 20 см
3
-тан 120 см
3
-қа көтерiлдi. Дененiң массасы
қанша?
A) 120 г; B) 100 г; C) 40 г; D) 20 г.
5. Жолаушылар отырған автомобиль 2 сағат жүрiп, 15 минут тоқ тап
тұрды. Сосын 45 минут қоз ғалыста болды. Барлығы 300 км жол
жүрген. Орташа жыл дамдық шамамен қаншаға тең?
A) 100 км/сағ;
B) 100 км/сағ-тан көп;
C) 100 км/сағ-тан аз;
D) 30 м/с.
6. 15 кДж неше Джоульге тең?
A) 150; B) 1500; C) 15000; D) 150000.
7. Гидравликалық пресстiң кiшi поршенiнiң ауданы 10 см
2
, үлкен
поршенi нiкi 100 см
2
. Кiшi поршеньге 10 N күш əсер етсе, үлкен пор-
шеньдегi күш қанша болады?
A) 1 N; B) 10 N; C) 100 N; D) 1000 N.
8. 1, 2, 3 жəне 4 ыдыстарға су құйылған. Судың ыдыс түбiне түсiрген
қысымы қайсы жауапта дұрыс берiлмеген? h – сұйықтықтың биiктiгi,
s – ауданы.
Достарыңызбен бөлісу: |