Сенат пен коллегиялардан шығыс құжаттар кіріс құжаттардың атауымен бірдей
болды: 1) төмен органдарға указ 2) коллегияға тең құқылы мекемелерге промемория 3)
жоғары мекмелерге рапорт немесе жолдама
Осылайша, реформа құжаттардың атауын өзгертті. Бас регламентте канцелярия
айналымында қолданысындағы кейбір шетел сөздердің сөздігі келтерілді. Олардың ішіне
«резолюция», «рекомендация», «прерогативы», «публикация», «формуляр» сөздері енді.
Олар Бас регламенттің құрастырушысымен сәйкесінше «решение», «прошение об одном к
другому», «преимущества», «всенародное объявление», «образец». Коллегиальды іс
жүргізуіне «инструкция» (приказдарда - наказ), «экстракт» (приказдарда- выписка),
«промемория» (приказдарда - ескертпе) және т.б жаңа терминдар енгізілді.
Сол кезде реформа шешім қабылдаудың коллегиальды принципін бекітіп, бұйрықты
іс жүргізуінде болмаған жаңа құжаттар тобын құруын қарастырды. Бұл құжаттар ішкі
ведостволық болып табылғандықтан, қызметтік мақсатта қолданып, мекеме шекарасында
сақталынды. Олар мекеме жұмысы мен осыған сәйкес құжат алмасуды бақылауға көзделді.
Әдебиет:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. А., 2002.
2. Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828). т. ІV. М.-Л., 1940.
3. Материалы по истории Казахской ССР (1741-1751). т. ІІ. ч.2. Алма-Ата, 1948.
4. Казахско-русские отношения ХVІ-ХVІІІ вв. Алма-Ата, 1961.
5. Казахско-русские отношения ХVІІІ-ХІХ вв. Алма-Ата, 1964.
6. История Казахстана в русских источниках ХVІ – ХХ веков. Т. І-ІХ. - Алматы:
Дайк-Пресс, 2005.
2 кредит сағат
Дәріс №20
Тақырыбы: Іс жүргізу материалдары.
Дәріс мазмұны:
1.
Іс қағаздық құжат жүргізу ісінің деректанулық зерттеу мәселесі.
2.
Ресей мен Қазақстан байланысын қамтамасыз ететін Мәскеу және
Санкт-Петербург қалаларындағы дипломатиялық мекемелер: Сыртқы
істер коллегиясының, Ішкі істер министрлігінің, Қоныс аудару
басқармасының қорлары.
3.
Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатын тікелей іске асырушы
жергілікті мекемелер: Батыс Сібір шекара комиссиясының, Орынбор
облыстық канцеляриясының, губерниялық және болыстық есеп
комитеттерінің, жер басқармаларының, Орынбор губернаторының
канцеляриясының т.б. қорларының материалдары.
XVIII ғ. іс құжаттар ісінде алғаш рет басылым станогы қолданды. 1714 ж 16 наурызда
арнаулы указда «... которые Его царского Величества именные указы, такожде сенатские
приговоры состоятся о всяких государственных генеральных делах, а надлежат ко
всенародному объявлению, и те указы и объявленные письма посылати по-прежнему, в
губернии к губернаторам, и в приказы к судьям, а для всенародного объявления велеть в
типографии печатать и продавать всем, дабы были о том сведомы ...». Типографиялық
станогына мемлекеттік монополияға байланысты (1783 ж дейін) әрбір жоғарғы билік
басынан шығыс құжаттың басылым формасы оның мәтінің заңдылығы мен ақпаратты
тексеруді қажетсінген жоқ. Жариялық үшін арнаулы және сенат указды типографиялық
тәсілмен шығару құжат алмасуының үдемелі қозғалысына алып келді.
Сенат және коллегия қызметтік тұлғаларға түрлі инструкция беріп отырды.
Осылайша, 1764 ж Сенат губернаторларға Екатерина II рұқсат еткен типтік Наказ
дайындайды. Сонымен бір кезде Екатерина II құпия инструкцияларын жіберген еді. Ол
инструкциялар оның статс-хатшысы Адам Васильевич Олсуфьевпен дайындалды. 1763-1765
жж. құпия инструкциялар Архангелогородск, Новгородск, Смоленск, Малороссийск,
Новороссийск, Астрахань губернаторларына үлестірілгенді. Титпік Наказға қарағанда құпия
инструкцияларда губернаторлар үшін басқарып отырған аймақтардың мәселелерін шешуге
көзделген инструкциялар қарастырылған.
XVIII ғ. заң шығарушы орган құжатттардағы мәтіннің сөз сабақтастығына және
ақпаратты ұйымдастыруына назар аударды. 1 наурыздың 1702 ж арнаулы указ өтініштің
(челобитная) формасын анықтады: «... писать в челобитных свою государскую чесь новым
изложением, в начале: «Державнейший царь государь милостивейший» и по том писать
дело, а перед пошением вместо «милосердного» «Всемилостливейший государь прошу
Вашего Величества нижайший раб» и под тем писать челобитчикам имена свои с
прозванием и месяц и число и год; а по-прежнему обыкновению в челобитных Его царского
именования титл не писать...».
I Петр коллегияны енгізбестен бұрын кейір құжаттардың ақпараттарын қалпына
келтіру жұмыстарын өткізді. 1714 ж 22 ақпанның указында губернаторлардан салық жинау
және қазна шығындары жөнінде есеп берген кезде ақпараттарды «пункт» – логикалық
тәуелсіз тараулар – бойынша бөлу. Указ губерния басқарушылары жауап беретін 22 пунктты
анкетадан (сауалнама) тұрды. Кейін, 1723 ж 5 қарашада бұл талаптар өтініштер (челобитная)
және жолдамаларға да таралатын болды. Өтініш (челобитная) құрылымы өз алдына оның
қарастыратын құжаттарға байланысты анықталды. Өтінішке (челобитная) байланысты іс
жүргізудің арнайы құжаттары да пункт бойынша қарастырылатын болды, соның ішінде сот
мекемелер шешімдері. Петр кезіндегі заң шығару органдарында құжаттардың мәтіні
ресилілігіне жетті. Сенат жариялаған указ бойынша рапортта жоғарғы органдарға жұмыстың
орындалуын хабарлаған кезде нақты жұмысқа қатысты емес мәселелерге тоқталуды тыйым
салды. Бұл указ жұмыстың есебін бір ғана мәселеге көзделсін деген ниетпен жасалған.
Қызметкерлердің ұсыныстары меморияларда, яғни, хаттар арқылы жазылуы міндеттелді.
Ресейдегі іс жүргізудің келесі даму кезеңі министрліктердің құрылуымен тікелей
байланысты болды. 1802 ж 8 қыркүйектің манифестімен сәйкес Ресейде алғашқы сегіз
министрлік құрылды. «Министрліктің жалпы мекемесі» 1811ж 25 маусымда қабылданып,
министрліктің жалпы ұйымдастырылуын, іс жүргізуін және басқа мекемелермен қарым-
қатынасын анықтады. Құжаттама жүйесі 1832 ж «Ресей империясының зағдар жинағымен»
бекітілді.
Жаңа басқару принципі іс жүргізуді өзгертіп, біріншіден коллегиялық
ұйымдастырудан бас тартуды шешті. Реформаторлардың ойынша бұндай принцип шешім
қабылдауды ұзартып құжат көлемін үлкейтеді. Жаңа құрылымның міндеті осы мәселелерді
шешуге бағытталды.
Коллегиялық басқаруға қарағанда министрлік басқару бірыңғай басқаруында
негізделді. Соңғы шешімін қабылдау бір тұлғаға жүктелетін болды. Жаңа басқару жүйесінде
бұндай тұлға министр болып есептелді де, мекеме ішіндегі биліктің барлығы соның қолында
шоғырланды. Алайда, заң талабы бойынша министр министрліктің құрылымдық бөлім
қызметкерлердің алдын-ала доклады негізінде өз шешімін нақтылады. Ал олар өз алдына
шешім қабылдау жобасын құрып, керек анықтамаларын жинастыруға міндетті болды.
Әрбір мәселе міндетті түрде канцелярия мен министрлік департаментпен талқыланып,
ол бойынша министр алдына доклад дайындалды. Министр шешім қабылдаған кезде
қызметкерлер пікірін ескермеуіне де рұқсат етілді.
Министрліктің жұмысының мәні әрбір атқарушы белгілі бір деңгейде сол кезде
шешім қабылдау құқығына ие және өз жұмысы үшін жоғары тұрған органдарға жауапты
болды. Бұндай басқару принципі бюрократиялық деп те атайды.
Министрлік бөлімшілерінің түпкілікті функцияларын өзгерту өз алдына ведомство
ішіндегі түрлі деңгейде құжаттардың формасы мен мазмұнынының өзгеруіне әкеліп отырды.
Құжаттың төменгі сатысынан жоғарғы сатысына өту кезінде ақпарттың «сіңу» принципі
байқалды. егер төменгі сатыснда құжаттың барлығы жиналып және оның негізінде доклад
Достарыңызбен бөлісу: |