Газеттер мен журналдар өзінің саны мен көлемі жағынан аса көп, мазмұны, бағыт –
бағдары, мақсаты жағынан әр алуан болып келеді. Оның бәрін қамтуөте қиын. Сондықтан,
баспасөз ретіндегі деректер теңізінде дұрыс жо табу, тарих зерттеулерде оларды тиімді
қолдана білу қажеттілігі оларды сыныптау проблемасын туғызады. Басқаша айтсақ, газет –
журналдарды ортақ қасиеттері бар, бірақ бір-бірінен ерекше белгілерімен айрылатын топтарға
бөлу.
Мерзімді басылымдарды сыныптау, зерттеушіге тәуелсіз объективті деректердің өзіне тән
қасиеттерінен шығуы қажет. Онда деректердегі шындықтың ену және бейнелеу заңдары
көрінуі керек.
Демек, газеттер мен журналдар әр түрлі белгілеріне қарай бірнеше ұсақ топтарға бөлінеді:
-
мерзімділігіне қарай (күнделікті және апталық газеттер; апталық, айлық немесе тоқсандық
журналдар.);
-
территориялық белгілеріне қарай (астаналық, орталық, жергілікті);
-
тіліне қарай (ресми-үкіметтік,
ведомстволық,
жеке меншік, қошғамдық, ұйымдық т.б);
-
цензураға қатынасына қарай (жария, жасырын);
-
әлеуметтік бағытына қарай (жастар,әйелдер, балалар, студенттер т.б);
-
мазмұнына қарай (әдеби,
қоғамдық, ғылыми, сатиралық т.б).
Мерзімді басылымның XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы дамуы туралы
айтқанда, ондағы жіктелудің жетекші екі тенднциясын байқауға болады:
а)
саласына қарай:
экономикалық;
әкімшіл-саяси және заң;
ағарту және мәдениет мәселелері бойынша;
тарихи;
әдеби-көркем және театралдық-музыкалық;
сықақ және мысқыл;
діни-шіркеулік т.б басылымдар.
ә)
таптық және қоғамдық-саяси позицияларына қарай:
ұлттық газет және журналдар;
пролетарияттық-марксистік;
әрекеттілік-демократиялық;
либералдық-буржуазиялық;
консервативтік және реакциялық;
бейсаясатты бульварлық-көшелік пресса т.б.
Қазан төңкерісіне дейін Ресейде көптеген партиялық, коғамдық саяси басылымдар шығып
тұрды.
Елімізде кеңес өкіметінің толық орнауына байланысты, әр түрлі ағымдағы басылымдар
күштеу арқылы өмір сүруін тоқтатып большевиктік басылымдар ғана қалдырылды.
Демек,капитализм дәуірінде, тіпті реакция жылдарының өзінде, Ресейде әр түрлі ағымдағы,
әр түрлі мақсаттағы мерзімді басылымдардың кеңінен шығып тұруы, патшалық ресейдің,
большевиктер мен көсемінің сөзімен айтсақ «халықтар түрмесінің» , кеңес өкіметіне
қарағанда әлдеқайда демократиялық құрылыс болғандығын көрсетеді.Өйткені, баспасөздің
әр алуандылығы – қоғамдық ой-өрісінің дамуының әр алуандылығының көрінісі. Бұл
демократиялық қоғамға тән негізгі белгілердің бірі.
Сонымен, мерзімді басылымды әр түрлі белгілеріне қарай немесе қоғамдық саяси
бағытттарына қарай сыныптау, зерттеушіге өз жұмысында дұрыс бағдар алуына
көмектесетін факторларың бірі.
3.Қазақ баспасөзі тарихының зерттелу мәселелері
а)Пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
Бір өзі бірнеше ғасырға татырлық XXғасырдың тарихы да белгілі объективті себептерге
байланысты, тек соңғы жылдары ғана жалпы адамзат тарихы контексінде, ұлттық мүдде